Ботаника ұлпа, ТҰҚЫМ, тамыр, Өркен және сабақ!!! ҰЛпа өсімдік ұлпасы


Жерүсті және жерасты өніп, көктеп шыгу. Өскіннің дамуы



бет10/10
Дата05.02.2024
өлшемі45.82 Kb.
#490783
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
БОТАНИКА ҰЛПА, ТҰҚЫМ

Жерүсті және жерасты өніп, көктеп шыгу. Өскіннің дамуы
Үрықтың белсенді қоректенуінен оньщ мүшелерінің көлемдері үлғаяды. Бүдан өрі қабықтың жарығынан немесе микропиледен сыртқа үрық тамыршасы шығады. Дамудьщ осы бағытта жүруі, бірішпіден - болашақ өсімдікті топыраққа бекіту болса, екіншіден өскін топырақтан су мен минералды заттарды дербес соруға мүмкіншілік алады. Осымен бір мезгілде буын астьшдағы қылта (гипокотиль) ұзарып, тамыр ұшын топыраққа терендете итереді. Даму ретіне орай, тұқым жарнақ өзінің алғашқы қызметтерінен біршама ауьггқуы мүмкін. Бұл буын астындағы қылтаның өсу жылдамдығына, түқым жарнақтағы өсу аймақтарыньщ өскінге өтудегі ретіне байланысты. Бұдан соң буын астындағы қылтаның немесе дара жарнақтылардағы сияқты оның түп неіізінің өсуіне орай өскін топырақты жарып шығады да, көктейді, яғни өскіннің “алғашкы жапырағы” - ассимиляциялық өсімдік мүшесіне тән қызмет атқарады да, автотрофты қорекке көшеді. Гипокотильдің белсенді өсуінен тұқым жарнақтың өскінмен топырақ бетіне, бірге шыгуы жерүсті өнш-шыгу деп аталады. Енді бір жағдайларда, түқым жарнақ гаусториялық қызметімен шектеледі де, жердің астында қалады, ал түқым жарнақтарынан кейінгі жапырақ алғашкы ассимиляциялық мүше болады. Өнудің бүл түрін жерасты өніл-шыгу дейді. Егер қорлық затгар түқым жарнақтың өзінде жиналса (эндоспермсіз түқымдарда), онда барлық қоректік заттардың қоры үрықтың меристемалық ұлпаларына жұмсалады да, өзі бүрісіп, тұқымнан шықпай-ақ солып қалады. Ал енді фасоль - Phaseolus түқымында тұқым жарнақ топырақтан шыққаннан соң, біршама уақыт кәдімгі ассимиляциялық алғашқы жапырақ қызметін атқарады да, нағыз алғашқы жапырақ пайда болғанда қурап түсіп қалады. Қор жинаушы түқым жарнақтың жерасты өнуі биологиялық түрғыдан түсінікті де, қоректік заттарды жинақтауға мамандану барысьшда, ол өзінің меристематикалық және одан әрі өсу қасиетін жоғалтады да, топырақ қабатында қалады. Жерасты өніл-шығатын қосжарнақтыларда, көпшілік жағдайда үрықтық бүриіік жақсы жетілген болады, ал жерүсті өніп- шығатындарда ол сқрек болады (тек жапырақсыз, өсу конусы ғана болады). Екі жағдайда да үрықта ассимиляциялық мүшелері қалыіггасқан, олар түқым жарнақты буында немесе эпикотильде орналасқан. Түқымның өну, одан әрі өскіннің өсу барысында түкым жарнақ немесе өскіннің төбелік бүршігі топырақты қалай жарып шығады, міне енді осыган қысқаша тоқталып өтейік. Қос жарнақты осімдік тұқымының жерүсті өніп-ншғуында, онъщ түқым жарнақтары астындағы қылтасы белсенді өсіп доға тәрізді иіледі, осы иін топырақты жарып шығадьі да, өскіннің меристематикалық төбесі түқым жарнақтары арасында жасырынып қалады. Доға тәрізді иінніц бір үшындағы түқым жарнақтары топырақтан шыққаннан соң, дога жазылады да, өскін тік осу жагдайына келеді. Жоғарыда фасоль түқымында көрсетілгеңдей енді түқым жарнақ ақшыл түстен сарғьшгганып, біртіндеп көгереді, сөйтіп алғашқы ассимиляциялық мүше қьізметін атқарады. Қос түқым жарнақ аралығындағы өркен бүршігі босайды да, екінші буын жөне алғашқы нағыз жапырақ дамиды. Қос жарнақтылар тұқымының жерасты өніл-шығуында гипокотиль догасы болмайды, эпикотильдің белсеиді өсуі нөтижесінде, бүршіктен шыққан өркен жер бетіне шығады. Даражарнақтылар өскінінід топырақты жарып шығуының ‘механизмі’ біршама өзгеше. Мүнда негізінен өскін қынапшасы - колеоптильдің қыстырмалы өсуінің арқасында, түтікше түзіледі де, алгашқы жапырақ, өсу конусы осы түтікшенің ішінде дамиды. Демек, өсу конусының меристематикалық бөлігін колеоптиль немесе қос жарнақтылардағы сияқты гипокотильдік дога қорғайды. Жерасты өну барысьшда дара жарнақтылар өскінінің қынапшасы (колеоптиль) топырақтан шыққаннан соң, өз өсуін тоқтатып, біртіндеп қурайды, оны алғаніқы нағыз жапырақ жарып шыгады. Түқымда үрықтық мүшелердің үлкейіл және қызметтері реггелуінен басқа жаңа өсімдік мүшелерінің қалыптасуы жүреді. Өсу конусындағы бүршікте алгашқы жапырақтар қалыптасады да, бүрынгы қалыптасқандары жазылады және сабақтың буындары ұзарып, буынаралақгар қалыптасады. Үрық тамыршасы өскіннің кіндік тамырына (қос жарнақтыларды) айналып, тарамдалып алғашқы негізгі тамыр жүйесін қалыптастырады. Көпшілік өсімдікгерде тамыр мойнында, гипокотильде жөне сабақтың төменгі буындарында қосалқы тамырлар дамиды. Өскіннің сырт көрінісі түқымның жерүсті жөне жерасты өніп- шыгуына гана емес, сонымен қатар оның негізгі өркенінің өсу ерекшеліктеріне және негізгі тамыр мен қосалқы тамырлар системасының ара қатынасына да байланысты. Ал кейбір өсімдіктерде негізгі өркеннің буын аралықтарының өсуі тоқталған, енді біреулерінде ол тіптен ықшамдалған. Кейбір астық түқымдастардың ұрықтық тамыршалары нашар дамыган, оның есесіне қосалқы тамырлары жақсы дамып, нөтижесінде нағыз шашақты тамырлар жүйесі қалыптасады. Көпшілік өсімдіктердін өскінінің алғашқы жапырақтары, оның ересек жапырақтарының пішінінен өзгеше болады. Сондықтан өсімдіктің жастық (ювенильді) кезеңінен оның ересектік кезеңіне дейінгі жекелей жапырақтарының біртіндеп өзгеруінің қатарын (сериясын) бақылауга болады. Сонымен, өскінде өсімдіктің барлық негізгі мүшелері, төбелік меристема арқылы өзінің дамуын жалгастыратын тамыр жөне өркен жүйелері қалыптасады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет