Бронх демікпесін емдеудегі басты шарт


Тұрақты глюкокортикоидтык ем



бет3/3
Дата17.10.2023
өлшемі0.6 Mb.
#480932
1   2   3
БА емі

Тұрақты глюкокортикоидтык ем.

  • . Ол үшін ингаляциялық ГК қолданады, бұлар әсер етпесе преднизолонды 0,3-0,5 мг/кг есебінен 5-7 күн қолданып, кейін дозасын әр 5-7 күнде бір рет 5 мг азайта отырып 15 мг жеткізеді; содан соң 5-7 күнде бір рет 1/2 таблетка 10 мг дейін азайтады, одан кейін 1/4 таблеткадан азайта сүйемелдеу дозаға (5-10 мг) алып келеді. Сүйемелдеу дозасын еселенген мөлшерде күн ара ішкізеді.
  • Таблетка түрінен ингаляция түріне көшіру мына есепен жүргізіледі: бекламетазонның 400 мкг преднизолонның 7-8 мг 800-1000 мкг преднизолонның 10-15 мг тең. Ингаляция глюкокортикоидтарға ауыстыру тек қысжа пероральдік курстан кейін немесе преднизолонның тәуліктік дозасын 5-10 мг шамасына келтірген кезде ғана мүмкін.

Астмалық статустың емі

  • 1. Глюкокортикоидтық ем.
  • I сатыда преднизолон вена ішіне 60-90 мг әр 2-3 сағат сайын қосымша 15-20 мг ішкізіледі;
  • // сатыда преднизолон 90-120 мг вена ішіне әр 1-1,5 сағат сайын және 15-20 мг. ішкізеді. Жеңілдік болмаса глюкокортикоидтың дозасын көбейтіп, гидрокортизонды 125-225 мг әр 6 сағат сайын енгізеді.
  • /// сатыда преднизолон 120-150 мг әр сағат сайын гидрокортизон 125-250 мг 4 сағат сайын енгізеді.

2. Метилксантиндер.

Эуфиллин 6 мг/кг бастап (2,4% ерітіндісін, шамамен 15 мл өте жай, 10-15 минут көлемінде вена ішіне енгізеді), әрі қарай сағатына 1 мг/кг есебімен, жағдайы жақсарғанша салады (бір сағатта 2,5 мл).

Гидратациялық ем- қақырыққың түсуін жеңілдету үшін 2-2,5 л, одан да артық көлемде гидратация жүргізіледі. Гидратация жүргізгенде диурез сағатына 80 мл аз болып, мойын веналары ісінсе және оң карынша шамасыздығы, өкпенің ісінуі басталса — диуретиктер салынады;

  • Гидратациялық ем- қақырыққың түсуін жеңілдету үшін 2-2,5 л, одан да артық көлемде гидратация жүргізіледі. Гидратация жүргізгенде диурез сағатына 80 мл аз болып, мойын веналары ісінсе және оң карынша шамасыздығы, өкпенің ісінуі басталса — диуретиктер салынады;
  • Қақырық түсуін жеңілдету үшін жөне ацидюзбен күресу мақсатында (қанның рН 7,2 төмендей бастаса) 4% натрий бикарбонаты 200 ерітіндісін тамшылатып енгізеді.
  • Қақырықты сұйылтатын дәрі (амброксол вена ішіне 1 мл күніне 3 рет, ацетилцистеин 0,5-1 мл тәулікке 3 рет) салынады, массаж жасалады.
  • Артериялық қысымы жоғарыласа — клофелин 1 таб. тілдің астына, коринфар, дроперидол қолданылады.
  • Гепаринді 25-30 мың.б. тәулігіне вена ішіне тамшылатып енгізеді, ол десенсибилизациялау, қабынуға қарсы әсер етеді және дегидратация күйінде тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алады.

Назар салып тыңдағандарыңызға размет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет