- /// саты (орташа ауырлықгы персистеуші астма):
- - ингаляциялық стероидтар тәулігіне 800-1000 мг, 2000 мг-ға дейін;
- - ұзақ әсерлі бронхолитиктер, кажет болса холинолитиктермен бірге;
- - қажет жағдайларда қысқа әсерлі симпатомиметиктер (күніне 3-4 реттен асырмай) немесе ингаляциялық глюкокортикоидтардың алдында 5-7 минут бұрын.
- IV саты (ауыр персистеуші астма) — емі III сатымен бірдей. Қажет жағдайда глюкокортикоидтарды (мүмкіндігінше минимальді дозада) ішкізеді. Өршуді тез басу үшін жүйелі кортикостероидтық емнің қысқа курстарын барлық сатыларда қолданады. Науқастың жағдайы түрақты дұрысталған соң емнің жеңілдеу сатыларына ауысуға болады. Үздіксіз емнің үзақтығы:
- жеңіл сатыда — 3 ай; орташа сатыда — 9 ай; ауыр сатыда — 1 жыл.
- Емді осылайша үзбей жүргізгенде бронхтардың гиперреактивтілігі жойылады. Емнің жеткіліксіздігінің белгісі — қыска әсерлі симпатомиметиктерді тәулігіне 4 реттен артық қолдануға мәжбүрлік.
- 1. Бекламетазон дипропионат: бекатид, 1 ингаляциялық дозасы 50 мкг беклокорт (бекломет) митте - 1 ингаляциялық дозасы 50 мкг форте -250 мкг;
- 2. Будесонид: пульмикорт (бенокорт) - 1 ингаляциялық дозасы 250 мкг;
- 3 флунисолид: ингакорт- 1 ингаляциялық дозасы - 250 мкг.
- 4 флутиказон пропионат: Фликсотид - 1 ингаляциялық дозалары 25, 50, 125, 250 мкг; Ротодиск-1 ингаляциялық дозалары 50, 100, 250, 500 мкг.
- Преднизолонмен емнің қысқа курсы: 3 күн 20-25 мг, содан соң 2-3 күн 10 мг ішкізіп, бірден тоқгатады. Бүл схеманы емнің 3- және 4-сатыларында қолданады.
- Астманың өршуі үзақ болып, барысы ауырласа — емді ұзартылған схемамен жүргізеді: 5 күн - 25-30-40 мг; 4 күн — 15-20 мг; 3 күн — 10-15 мг; 3' күн " 5-7,5 мг, кейін толық тоқтатады немесе ингаляциялық глюкокортикоидтарға көшіреді.
- Гормонды қабылдаған кезде бүйрек үсті безін белсендіретін дермектерді қолданады (синактен - АКТГ, Депосинактен 1 мл = 1 мг бүлшықетке). Синактен инъекциялары гормондық емнің 16, 18, 21, 25 және 30-ші күндеріңде жасайды.
- Кеналог-40-пен үзартылған ем курсы: 5 күн - преднизолон 25-30 мг; 6-ші күні - кеналог-40 бүлшықетке; 25-күннен ингаляциялық глюкокортикоидтар.
Достарыңызбен бөлісу: |