4-параграф. Бақылау.
Жалпы талаптар
195. Негізгі бақылау түрлері:
1) көзбен және өлшеп бақылау;
2) дәнекерлеу қосқыштарын және негізгі механикалық сынау;
3) дәнекерлеу қосқыштарын металл графикалық зерттеу;
4) дәнекерлеу қосқыштарын бұзбайтын әдістермен бақылау;
5) басқа әдістер (стило көшірме, қаттылықты өлшеу, өңдеу, кристалл аралық коррозияға қарсы төзімділікке сынау;
6) гидравликалық сынау болып табылады.
196. Бақылау әдістері мен көлемдерін іріктеу құрылымдық құжаттамада көрсетіледі.
197. Дәнекерлеу қосқыштарының сапасын бақылау (стило көшірмеден басқа) термиялық өңдеу жүргізгеннен кейін орындалады (егер бұл осы дәнекерлеу қосқышы үшін міндетті болып табылса).
198. Осы бұйым үшін барлық көзделген әдістермен жүргізілген бақылау орындары (оның ішінде операциялық) және бақылау нәтижелері тиісті құжаттарда (журналдарда, формулярларда, хаттамаларда, маршруттық паспорттарда және басқаларында) жазылады.
199. Бұйымға арналған ілеспе құжатта орындалған бақылаудың нәтижелері мен көлемі (операциялықтан басқа) көрсетіледі.
200. Осы Талапта, құрылымдық құжаттамада көзделген кез келген бақылау түрінде дәнекерлеуге арналған белгіленген шекті нормалардан тыс шығатын ішкі және қабаттық ақаулар анықталмаса, бұйым (бөлшек) немесе құбыр жарамды болып танылады.
201. Қабырға қалыңдығы 6 мм және одан астам қысыммен жұмыс істейтін дәнекерлеу қосқыштары дәнекерлеуді жүргізген дәнекерлеушінің тегін орнатуға мүмкіндік беретін таңбалау (белгілеу) жүргізіледі. Құрылымдық құжаттамада көрсетілетін таңбалау жүйесі жіктің сапасын тексеру үшін орындалатын өндірістік және бақылау дәнекерлеу қосқыштары үшін бірдей қабылданады.
202. Егер дәнекерлеу қосқышын бірнеше дәнекерлеуші орындаған болса, онда оны орындауға қатысқан барлық дәнекерлеушілердің белгісі қойылады.
203. Қабырға қалыңдығы 6 мм кем дәнекерлеу қосқыштарын таңбалау қажеттілігі мен тәсілі жобада белгіленеді. Таңбалау тәсілдері белі учаскесінің жабысуын немесе басылуын болдырмайды.
204. Егер осы бұйымның дәнекерлеу қосқыштарын бір дәнекерлеуші орындаған болса, әрбір дәнекерлеу қосқышын таңбалауды жүргізбеуге болады. Бұл ретте дәнекерлеушінің белгісі фирмалық көрсету кестесінің жанына немесе бұйымның басқа да ашық учаскесінде қойылады және белгі орнату орны өшірілмейтін сырмен жағылған рамаға жазылады. Таңбалау орны қазандықтың паспортында көрсетіледі.
205. Тіркеуге жататын құбырларды монтаждау кезінде жинау-дәнекерлеу жұмыстарына монтаждау паспорты дайындалады. Паспортта мыналар:
1) барлық бөлшектердің, элементтердің және дәнекерлеу қосқыштарының орналасу орнының сызбасы мен нөмірленуі;
2) болат маркасы, металл балқымасының нөмірі және құбыр өткізгіштің бөлшектері мен элементтері дайындалған құбырдың нөмірлері;
3) дәнекерлеу кезінде пайдаланылған отырғызу материалдарының маркасы мен диаметрі;
4) құбырларды, бөлшектерді, иілгіштер мен дәнекерлеу қосқыштарын термо өңдеу режимдері;
5) құбырларды, бөлшектерді, иілгіштер мен дәнекерлеу қосқыштарын дефектоскопиялық бұзбайтын әдіспен бақылау түрлері мен нәтижелері;
6) дәнекерлеу қосқыштарын орындаған дәнекерлеушілердің белгілері.
5-параграф. Көзбен және өлшеп бақылау, шектер
206. Әрбір бұйым мен оның барлық дәнекерлеу қосқыштары сыртқы ақауларды, оның ішінде мыналарды:
1) бұйымдардың өлшемдері мен геометриялық пішіні бойынша ауытқушылықтарды;
2) барлық түрдегі және бағыттардағы қабаттардың беттеріндегі сызаттарды;
3) негізгі металдың бетіндегі ақауларды;
4) қосылатын элементтердің шүлдіктерінің сынуын және немесе перпендикуляр еместігін;
5) қосылатын элементтердің жиектерінің ығысуын;
6) жіктердің өлшемдері мен пішіні бойынша құрылымдық құжаттама талаптарынан ауытқушылықтарды (жіктің биіктігі, катеті және ені бойынша, күштің тепе-теңдігі және басқалары);
7) қалқымаларды, тіліктерді, күйіктерді, қаяуларды, қайнатылмаған кратерлерді, дәнекерленбеген орындарды, көпіршіктерді және өзге де ақауларды анықтау мақсатында осы Талапқа, құрылымдық құжаттамаға сәйкес жүргізілетін көзбен және өлшеп бақылауға тартылады.
207. Дәнекерлеу қосқыштарын көзбен бақылау алдында жіктің үстіңгі қабаты мен ені кемінде 20 мм болатын негізгі металдың жапсарлас учаскелері жіктің екі жағынан шлактан, металл шашырандысынан, қабыршақтан және өзге де ластанудан тазартылады.
208. Дәнекерлеу қосқыштарын көзбен және өлшеп бақылау тұтас ұзындығы бойымен ішкі және сыртқы жағынан МСТ 3242, құбырларды дайындауға арналған құрылымдық құжаттамаға және дәнекерлеу жөніндегі технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
6-параграф. Бұзбайтын әдістермен бақылау
209. Радиографикалық және ультрадыбыстық бақылау дәнекерлеу қосқыштарында негізгі металда ішкі ақауларды (сызаттарды, дәнекерленбеген орындарды, тесіктерді, шлак қосындыларын және басқаларды) анықтау үшін қолданылады.
210. Қабаттардың бетіндегі ақауларды анықтау үшін магнитті-ұнтақты немесе капилляр (түрлі түсті) дефектоскопия қолданылады.
211. Дәнекерлеу қосқыштарының сапасын радиографикалық бақылау МСТ 7512 және құрылымдық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.
212. Дәнекерлеу қосқыштарының сапасын ультрадыбыстық бақылау МСТ 14782 және құрылымдық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.
213. Дәнекерлеу қосқыштарын магнитті-ұнтақты немесе капилляр бақылау әдістері әрқайсы үшін МСТ 21105 және МСТ 18442-80 сәйкес жүргізіледі.
214. Перлит және мартенсит класты болаттардан жасалған құбырлар мен олардың элементтерінде міндетті ультрадыбыстық бақылауға мыналар жатады:
1) қабырға қалыңдығы 15 мм және одан астам І және ІІ санатты құбырлардың барлық жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;
2) ультрадыбыстық бақылау құрылымдық құжаттамада және дәнекерлеу жөніндегі технологиялық регламентте көзделген дәнекерлеу қосқыштары.
215. Құбырлардың барлық дәнекерлеу қосқыштары жіктің шүлдігі жағынан екі жағынан ультрадыбыстық дефектоскопиямен, ал құбырлардың құйылған және басқа да үлгі бөлшектерімен дәнекерлеу қосқыштары бір жағынан (құбыр жағынан) бақыланады.
Тек толық балқытылған қосқыштар ғана (құрылымдық дәнекерленбеген орындары жоқ) ультрадыбыстық бақылауға алынады.
216. Перлит және мартенсит класты болаттардан жасалған құбырларда ультрадыбыстық бақылауға немесе радиографиялауға мыналар жатады:
1) барлық санаттағы құбырлардың, бөлшектер мен элементтердің барлық жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;
2) қабырға қалыңдығы 15 мм кем болғанда сыртқы диаметрі 200 мм және одан астам І санатты құбыр өткізгіштердің барлық жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;
3) қабырға қалыңдығы 15 мм кем болғанда сыртқы диаметрі 200 мм кем І санатты құбыр өткізгіштердің, сондай-ақ қабырға қалыңдығы 15 мм кем болғанда сыртқы диаметрі 200 мм және одан астам ІІ санатты құбыр өткізгіштердің көлденең жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-әрбір дәнекерлеуші орындаған әр құбырдың бір типтегі жіктерінің жалпы санынан 20 % кем емес (бірақ кемінде бес жапсар) көлемде;
4) қабырға қалыңдығы 15 мм кем болғанда сыртқы диаметрі 200 мм және одан астам ІІ санатты құбыр өткізгіштердің көлденең жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-әрбір дәнекерлеуші орындаған әр құбырдың бір типтегі жіктерінің жалпы санынан 10 % кем емес (бірақ кемінде төрт жапсар) көлемде;
5) ІІІ санатты құбырлардың көлденең жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-әрбір дәнекерлеуші орындаған әр құбырдың бір типтегі жіктерінің жалпы санынан 5 % кем емес (бірақ кемінде үш жапсар) көлемде;
6) ІV санатты құбырлардың көлденең жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-әрбір дәнекерлеуші орындаған әр құбырдың бір типтегі жіктерінің жалпы санынан 5 % кем емес (бірақ кемінде екі жапсар) көлемде;
7) қабырға қалыңдығына қарамастан, дәнекерленетін штуцерлердің (құбырлардың, келте құбырлардың) ішкі диаметрі 100 мм және одан астам құбырлардың барлық бұрыштық дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;
8) дәнекерленетін штуцерлердің (құбырлардың, келте құбырлардың) ішкі диаметрі 100 мм кем құбырлардың бұрыштық дәнекерлеу қосқыштары, құбырлардың құйылған элементтерінің құйылған бөлшектермен көлденең дәнекерлеу қосқыштары, осы тармақта көрсетілмеген өзге де дәнекерлеу қосқыштары-құрылымдық құжаттамада және дәнекерлеу жөніндегі технологиялық регламентте белгіленетін көлемде.
217. Бақылау көлемі бойынша осы Талапта белгіленген талаптар сыртқы диаметрі 465 мм астам ІІІ және ІV санатты құбырлардың дәнекерлеу қосқыштарына қолданылады. Диаметрі үлкен құбырлардың дәнекерлеу қосқыштары үшін бақылау көлемдері құбырларға арналған арнайы техникалық шарттармен белгіленеді.
218. Осы тармақта тізбектелген дәнекерлеу қосқыштары үшін бақылау әдісін (ультрадыбыстық дефектоскопия немесе радиография) таңдау металдың физикалық қасиеттерінің ерекшелігін, игерілуін және нақты бұйымдарда дәнекерлеу қосқыштарының осы түрі үшін бақылау әдістерін жетілдіруді ескере отырып, күрделі ақауларды толықтай және біршама дәлірек айқындауды қамтамасыз ету мүмкіндігі негізінде жүргізіледі.
219. Осы Талапқа сәйкес ультрадыбыстық бақылауға алынатын құбырлардың бойлық және көлденең дәнекерлеу қосқыштарының барлық қиылысу орындары міндетті радиографиялауға алынады.
220. ІІІ және ІV санатты құбырлар үшін дәнекерлейтін секторлық бұрғыштардың (иіндердің) көлденең жапсарлас қосқыштары бақыланатын жіктерінің ең аз саны екі есе болғанда осы талапта белгіленген нормалармен салыстыра отырып, үш есе көлемде ультрадыбыстық бақылауға немесе радиографиялауға алынады.
221. Бір кәсіпорында немесе объектіде Талапта көзделген бір типті дәнекерлеу қосқыштарымен бірнеше құбырларды (немесе әр түрлі құбырлар үшін бөлшектер мен элементтерді) бір мезгілде дайындау немесе монтаждау кезінде бақылау көлемін бір құбырдан ғана емес, құбырлардың барлық партиясынан (сериясынан, тобынан) анықтауға болады.
222. Жинау-дәнекерлеу жұмыстары, термо өңдеу және дәнекерлеу қосқыштарының сапасын бақылау бойынша дайындау циклі үш айдан аспайтын құбырларды бір партияға біріктіруге болады.
223. Құбырларды монтаждау кезінде осы шешімді объектіде тиісті бір типті дәнекерлеу қосқыштарын орындай бойынша барлық жұмыстарды бір ұйым жүргізген жағдайда ғана қолдануға болады.
224. 0ºС төмен температурада монтаждауда орындалған жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары дәнекерлеу қосқыштарының тұтас ұзындығы бойымен радиографиямен немесе ультрадыбыспен тексеріледі.
225. Жөндеу кезінде орындалған жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары дәнекерлеу қосқыштарының тұтас ұзындығы бойымен радиографиямен немесе ультрадыбыспен тексеріледі. Металл бөліктерінің жөнделіп дәнекерленген бөлшектері негізгі металмен балқу аймағын қоса алғанда, дәнекердің тұтас учаскесі бойымен радиографиямен немесе ультрадыбыспен тексеріледі.
226. Аустенит кластық болаттан жасалған бұйымдарда, аустенит кластық болаттан жасалған элементтердің перлит немесе мартенсит класының болаттарынан жасалған элементтермен түйісу орындарында мыналар міндетті радиографикалық бақылауға жатады:
1) дәнекерлеу арқылы жасалған байланыстырушылардан басқа, құбырлардың барлық жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;
2) құйылған элементтердің, құйылған бөлшектері бар құбырлардың барлық жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;
жапсарлас байланыстырушы дәнекермен орындалғаннан басқа, құбыр өткізгіштердің барлық жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;
3) қабырға қалыңдығына қарамастан, дәнекерленетін штуцерлердің (құбырлардың, келте құбырлардың) ішкі диаметрі 100 мм және одан астам құбырлардың барлық бұрыштық дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;
4) осы бапта көрсетілмеген өзге де дәнекерлеу қосқыштары (оның ішінде бұрыштық)-құрылымдық құжаттама мен дәнекерлеу жөніндегі технологиялық регламенттің белгіленген талаптары көлемінде.
227. Осы Талапта көзделген ультрадыбыстық бақылау және радиографиялау көлемі құбырлар мен олардың элементтерін бір типті дәнекерлеу қосқыштарымен сериялық дайындаған жағдайда, технологиялық үдеріс өзгермеген, дәнекерлеушілер белгілі бір жұмыс түрінде маманданған және кемінде бір жыл ішінде бақылау нәтижелерімен куәландырылған дәнекерлеу қосқыштарының сапасы жоғары болған кезде ұйымның техникалық басшысының шешімімен қысқартылуы мүмкін.
228. Радиографиялау алдында дәнекерлеу қосқыштарының тиісті учаскелері таңбаланады. Осындай таңбалау бақылау түсірілімдеріне де жазылады.
229. Бақылау көлемі 100 % аз болса, радиографикалық және ультрадыбыстық бақылау үшін жіктерді іріктеуді дәнекерлеу жұмыстары аяқталғаннан кейін көзбен және өлшеп бақылау нәтижелері бойынша техникалық бақылау бөлімі немесе дефектоскопия жұмысының басшысы монтаждау немесе жөндеу ұйымында жүргізеді.
230. Егер дәнекерлеуші орындаған дәнекерлеу жіктерін таңдаулы түрде бақылау кезінде болмайтын ақаулар анықталса, онда бұйымның дәнекерлеу қосқыштарының бұдан бұрынғы бақылауынан кейінгі уақыт ішінде сол әдіспен құбырда сол дәнекерлеуші жасаған барлық бір типті дәнекерлеу қосқыштары тұтас ұзындығы бойымен бақыланады.
231. Радиографикалық және ультрадыбыстық бақылауды ұйымның техникалық басшысының шешімімен бақылау сапасын төмендетпей басқа бақылау әдісіне ауыстыруға болады.
7-параграф. Дәнекерлеу қосқыштарын механикалық сынау және металлографикалық зерттеу
232. Жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары олардың төзімділік және пластикалық қасиеттерінің осы Талапқа және құбырларды дайындауға арналған құрылымдық құжаттарға сәйкестігін тексеру үшін механикалық сынаққа алынады.
233. Негізгі механикалық сынақ түрлері:
1) созылуына сынау;
2) иілгіштігі мен майысқақтығына сынау;
3) соққы тұтқырлығына сынау болып табылады.
234. Созылуына сынау радиографиямен немесе ультрадыбыспен 100 %-дық бақылауға алынатын дәнекерлеу қосқыштары үшін міндетті болып табылмайды.
235. Соққы тұтқырлығына сынау ІІ, ІІ және ІV санатты құбырлар мен элементтердің дәнекерлеу қосқыштары үшін, құбырлар мен бөлшектердің қабырға қалыңдығы 12 мм кем барлық дәнекерлеу қосқыштары үшін міндетті болып табылмайды.
236. Ықтимал ішкі ақауларды (сызаттарды, дәнекерленбеген орындарды, шлак және металл емес қосындыларды және басқаларын) анықтау үшін, дәнекерлеу қосқыштарының қасиеттеріне кері әсер ететін металл құрылымымен учаскелерді анықтау үшін жапсарлас және бұрыштық дәнекерлеу қосқыштарына металлографикалық зерттеу жүргізіледі.
237. Металлографикалық зерттеу:
1) қосқыштарды 100 % көлемде радиографиямен немесе ультрадыбыспен бақылау кезінде электр доғасымен немесе электрлік дәнекерлеу шлагымен орындалған перлит класты болаттан жасалған бөлшектердің дәнекерлеу қосқыштары үшін;
2) электрлік доғамен дәнекермен орындалған ІІІ және ІV санатты құбырлардың жіктері үшін міндетті болып табылмайды.
238. Құбырлар мен олардың элементтерінің дәнекерлеу қосқыштарын механикалық сынау және металлографикалық зерттеу құбырлардан кесіп алынатын бақылау немесе өндірістік дәнекерлеу қосқыштарынан жасалған үлгілерде жүргізіледі.
239. Бақылау дәнекер қосқыштары болат маркасы, құбырлардың типтік өлшемдері (бір типті қосқыштарды бақылау кезінде-типтік өлшемдерінен біреуден), қосқыштардың құрылымы мен түрі бойынша ұқсас болады; жиектерді бөлу пішіні бойынша бақыланатын өндірістік қосқыштар сияқты дәл сол уақыт ішінде (дәл сол әдіспен, дәл сол дәнекерлеу материалдарын пайдалана отырып, дәнекерлеушінің дәл сол қалпында, дәл сол режимде, дәл сол қыздырғышпен және басқа да) құбырларды дайындау кезінде қолданылатын технологиялық үдерістер бойынша орындалады. Бақылау дәнекер қосқыштарын термиялық өңдеу бұйыммен бірге (пеште жалпы термиялық өңдеу кезінде) немесе одан бөлек (дәнекерлеу қосқыштарын жергілікті өңдеу кезінде), бірақ дәл сол қыздыру және салқындату әдістерін қолдана отырып және дәл сол температуралық режимде жүргізіледі.
240. Әрбір бақыланатын дәнекерлеу қосқышынан:
1) созылуына сынау үшін екі үлгі;
2) статикалық иілгішіне сынау үшін екі үлгі;
3) соққы тұтқырлығына сынау үшін үш үлгі;
4) көміртекті және қоспасы аз болаттан жасалған дәнекерлеу қосқыштарын бақылау кезінде металлографикалық зерттеу және қаттылығын анықтау үшін үлгі және қоспасы жоғары болаттан жасалған дәнекерлеу қосқыштарын бақылау кезінде кемінде екі үлгі;
5) құрылымдық құжаттамада қарастырылған болса, басқа сынақ түрлеріне арналған үлгілер (кристалл аралық коррозия және басқалары) кесіп алынады.
241. Бақылау бұрыштық дәнекерлеу қосқышынан металлографикалық зерттеуге арналған үлгілер ғана кесіп алынады.
242. Қабырға қалыңдығы 12 мм кем болғанда 100 мм кем шартты өту жолымен құбырлардың бақылау жапсарларын механикалық сынау осы Талапқа сәйкес жапсарлардан кесіп алынатын жеке үлгілерде және күшті алып, гратты шығарып, тұтас жапсарларда жүргізіледі. Соңғы жағдай бойынша иілгіштігіне сынау майысуын бақылайтын сынақпен ауыстырылады, ал майысуы мен созылуына сыналатын бақылау жапсарларының ең аз саны көрсетілген сынақ түрлерінің әрқайсысы үшін біреуден кем емес. Бұл ретте металлографикалық сынақ дәнекерленетін бақылау жапсарларында орындалады.
243. Электрлік доғалық дәнекермен құбыр элементтерінің жекеленген үлгілерінде жасалған және осы Талапқа сәйкес бақыланатын дәнекерлеу қосқыштарының көлденең жапсарларын механикалық сынау және металлографикалық зерттеу үшін мынадай:
1) орындаған дәнекерлеушілердің санына қарамастан, осы ұйымда дәнекерленген барлық бір типті жапсарларға кемінде бір құбырдан-перлит класты (көміртекті және қоспасы аз) болаттан жасалған, ультрадыбыспен немесе радиографиямен 100 %-дық бақылауға алынатын құбырлардың;
2) әр дәнекерлеуші орындаған құбырлардың бір типті жапсарларына кемінде бір құбырдан-ультрадыбыспен немесе радиографиямен толық емес көлемде бақыланатын перлит класты болаттан жасалған құбырлардың;
3) кемінде 1 % (бірақ кемінде бір жапсар), ал толық емес көлемде ультрадыбыспен немесе радиографиямен бақыланатын ұқсас дәнекерлеу қосқыштары үшін әр дәнекерлеуші орындаған бір типті құбырлардың жалпы санынан кемінде 2 % (бірақ кемінде бір жапсар)-ультрадыбыспен немесе радиографиямен 100 %-дық бақылауға алынатын аустенит және мартенсит класты (қоспасы жоғары) болаттан жасалған құбырлардың дәнекерлеу қосқыштарының бақылау жапсарлары дайындалады.
244. Диаметрі шағын (шартты өту жолы 100 мм кем құбырлар) құбырлардың әрбір бақылау жапсарынан осы Талапта қарастырылған барлық үлгілерді кесіп алу мүмкін болмаған жағдайда үлгілер қажетті мөлшерде екі немесе бірнеше бақылау жапсарларынан кесіп алынады. Бұл ретте орындалатын бақылау жапсарларының белгіленген саны тиісінше артады.
245. Диаметрі шағын құбырларды электрлік доғалық дәнекермен дәнекерлейтін және осы Талапқа сәйкес тұтас жапсарларға тексерілетін көлденең жапсарлас дәнекерлеу қосқыштарын механикалық сынау және металлографикалық зерттеу үшін мынадай:
1) орындаған дәнекерлеушілердің санына қарамастан, осы ұйымда дәнекерленген барлық бір типті жапсарларға кемінде (майысуына сынау үшін) бір құбырдан-перлит класты болаттан жасалған, ультрадыбыспен немесе радиографиямен 100 %-дық бақылауға алынатын құбырлардың;
2) әр дәнекерлеуші орындаған құбырлардың бір типті жапсарларына кемінде үш құбырдан (ІІІ және ІV санатты құбырлар үшін кемінде екі), созылуына және майысуына сынау үшін кемінде бір жапсар және металлографикалық сынау үшін (тек І және ІІ санатты құбырлар үшін соңғысы)-ультрадыбыспен немесе радиографиямен толық емес көлемде бақыланатын перлит класты болаттан жасалған құбырлардың;
3) әр дәнекерлеуші орындаған құбырлардың бір типті жапсарларының жалпы санынан кемінде 15 % (бірақ кемінде бір жапсар), оның ішінде майысуына сынау үшін кемінде 0,5 % (бірақ кемінде бір жапсар), сондай-ақ металлографикалық зерттеу үшін кемінде 1 % (бірақ кемінде бір жапсар)-ультрадыбыспен немесе радиографиямен 100 %-дық бақылауға алынатын аустенит және мартенсит класты болаттан жасалған құбырлардың;
4) әр дәнекерлеуші орындаған құбырлардың бір типті жапсарларының жалпы санынан кемінде 4 % (бірақ кемінде бір жапсар), оның ішінде майысуына сынау үшін кемінде 1 % (бірақ кемінде бір жапсар), сондай-ақ металлографикалық зерттеу үшін кемінде 2 % (бірақ кемінде бір жапсар)-ультрадыбыспен немесе радиографиямен толық емес көлемде бақылауға алынатын аустенит және мартенсит класты болаттан жасалған құбырлардың дәнекерлеу қосқыштарының бақылау жапсарлары дайындалады.
246. Диаметрі шағын құбырларды жапсарлас байланыстырып дәнекерлейтін және осы Талапқа сәйкес тұтас жапсарларға тексерілетін көлденең жапсарлас дәнекерлеу қосқыштарын (болаттың класына қарамастан) механикалық сынау және металлографикалық зерттеу үшін мынадай:
1) әр дәнекерлеуші бірдей режимде бір машинада, бір өлшемді құбырда және бір маркалы болатта бір ауысымда орындайтын өндірістік жапсарлардың жалпы санынан кемінде 2 %, сондай-ақ оның ішінде созылуына және майысуына сынау үшін кемінде бір жапсар, металлографикалық зерттеу үшін кемінде 1 % (бірақ кемінде бір жапсар)-әдеттегі жапсарлас машиналарды дәнекерленетін құбырлардың;
2) баптау сапасы ауысым сайын бақылау үлгілерін созылуына және иілгіштігіне экспресс-сынау, сондай-ақ оларды металлографикалық зерттеу арқылы автоматтандырылған жапсар дәнекерлейтін машиналарда дәнекерленетін құбырлардың дәнекерлеу қосқыштарының бақылау жапсарлары дайындалады.
247. Бақылау үлгілерін созылуына және иілгіштігіне экспресс-сынау машиналарды жапсарларды орындаған дәнекерлеушілердің санына қарамастан, осы кәсіпорында дәнекерленетін құбырдың барлық ұқсас жапсарларының алты үлгісінде (әрбір сынақ түрі үшін кемінде үш үлгіден) жүргізіледі.
248. Экспресс-бақылау кезінде бақылау үлгілерін металлографикалық сынау бір рет бапталған бір машинада, бір өлшемдегі, бір маркалы болаттан жасалған құбырларда бір тәуліктен аспайтын уақыт ішінде (бұл ретте бақылау жапсарларын сынауға болады) орындалған өндірістік жапсарлардың жалпы санынан кемінде 0,5 % (бірақ кемінде екі жапсар) жүргізіледі.
249. Егер осы Талапта тізбектелген дәнекерлеу қосқыштарын механикалық сынақ мен металлографикалық зерттеу Талапқа сәйкес жекелеген үлгілерді кесіп алу және бақылау арқылы жүзеге асырылатын болса, онда дәнекерленетін бақылау жапсарларының көзделген жалпы саны екі есе қысқаруы (осы Талапқа сәйкес металлографикалық зерттеуге арналған жапсарлардан басқа) мүмкін. Бұл жағдай өлшемдері әр жапсардан барлық қажетті үлгілерді кесіп алуды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін құбырлардың бақылау жапсарларына қолданылмайды. Мұндай жағдайда бақылау жапсарлары Талапта қарастырылған көлемде дәнекерленеді және қажетті мөлшерде жапсарлардың әр жұбынан кесіп алынады.
250. Өлшемдері шағын құбырларда газбен дәнекерлеп жасалатын және осы Талапқа сәйкес тұтас жапсарларда тексерілетін дәнекерлеу қосқыштарының көлденең жапсарларын (болаттың класына қарамастан) механикалық сынау және металлографикалық зерттеу үшін мынадай:
1) әр дәнекерлеуші орындаған құбырдың бір типті жапсарларының жалпы санынан кемінде 2 %, оның ішінде майысуына сынау үшін және металлографикалық зерттеу үшін кемінде 1 % (бірақ кемінде бір жапсар)-толық емес көлемде ультрадыбыспен немесе радиографиямен 100 %-дық бақылауға алынатын құбырлардың;
2) әр дәнекерлеуші орындаған құбырдың бір типті жапсарларының жалпы санынан кемінде 4 %, оның ішінде майысуына сынау үшін және металлографикалық зерттеу үшін кемінде 1 % (бірақ кемінде бір жапсар), кемінде 2 % (бірақ кемінде екі жапсар)-толық емес көлемде ультрадыбыспен немесе радиографиямен бақылауға алынатын құбырлардың дәнекерлеу қосқыштарының бақылау жапсарлары дайындалады.
251. Егер осы Талапта тізбектелген дәнекерлеу қосқыштарын механикалық сынақ мен металлографикалық зерттеу Талапқа сәйкес жекелеген үлгілерді кесіп алу және бақылау арқылы жүзеге асырылатын болса, онда дәнекерленетін бақылау жапсарларының көзделген жалпы саны осы Талапқа сәйкес екі есе мүмкін.
252. Бұл жағдай өлшемдері әр жапсардан барлық қажетті үлгілерді кесіп алуға мүмкіндік бермейтін құбырлардың бақылау жапсарларына қолданылмайды. Мұндай жағдайда бақылау жапсарлары Талапта қарастырылған көлемде дәнекерленеді және қажетті мөлшерде жапсарлардың әр жұбынан кесіп алынады.
253. Перлит класты болаттан жасалған құбырларда электрлік доғамен дәнекерленетін бұрыштық дәнекерлеу қосқыштарын (құбырлардың қосқыштарынан басқа) металлографикалық зерттеу үшін мынадай:
1) әр дәнекерлеуші орындаған құбырдың бір типті жапсарларының (бірақ кемінде бір қосқыш) жалпы санынан кемінде 1 %-штуцерлері (немесе құбырлары) бар құбырлардың;
2) құрылымдық құжаттамада белгіленген талаптар мөлшерінде көрсетілмеген өзге де бұрыштық дәнекерлеу қосқыштары үшін фланецтері мен тегіс тұғырлы (тығынды) құбырлардың дәнекерлеу қосқыштарының бақылау жапсарлары дайындалады.
254. Бір типті бұрыштық қосқыштарға барлық дәнекерлеу қосқыштарының құрылымы мен жиектерді бөлу пішіндері бірдей болған және бір технологиялық үдеріс бойынша жасалған жағдайда дәнекерленетін штуцерлердің (құбырлардың) ең жоғары және ең төменгі сыртқы диаметрі және қабырғалардың қалыңдығы 2.0 (бір типтің шегінде) аспайтын қатынаспен бір маркалы болаттан жасалған құбырлардың штуцерлермен (құбырлармен), тегіс элементтермен (фланецтермен, түптермен және басқаларымен) тиісті түрде дәнекерлеу қосқыштары жатады. Бұл ретте сыртқы диаметрі 450 мм астам құбырлардың элементтері, коллекторлар, фланецтер мен басқа құбырлар үшін диаметрлердің қатынасы ескерілмеуі мүмкін.
255. Аустенит және мартенсит класты болаттардан жасалған элементтерде электрлік доғамен, сондай-ақ газбен дәнекерленетін (болаттың класына қарамастан) бұрыштық дәнекерлеу қосқыштарын металлографикалық зерттеу үшін мынадай тиісті бақылау жіктері дәнекерленеді:
1) ультрадыбыспен немесе радиографиямен 100 %-дық бақылауға алынатын дәнекерлеу қосқыштары үшін-перлит класты болаттан жасалған элементтерге арналған мөлшерде;
2) ультрадыбыспен немесе радиографиямен бақыланбайтын (немесе толық емес көлемде бақыланатын) дәнекерлеу қосқыштары үшін-осы бөлімде қарастырылғанмен салыстырғанда екі есе мөлшерде (бірақ кемінде екі қосқыш).
256. Бір ұйымда бірнеше түрлі құбырларды (немесе олардың бөлшектері мен элементтерін) осы бөлімде қарастырылған бір типті дәнекерлеу қосқыштарымен бір мезгілде дайындау немесе монтаждау кезінде механикалық сынау және металлографикалық зерттеу үшін орындалған бақылау дәнекері қосқыштарының санын бір құбырдан емес, құбырлардың барлық партиясынан (сериясынан) анықтауға болады.
257. Жинау-дәнекерлеу жұмыстары, термо өңдеу және дәнекерлеу қосқыштарын бақылау бойынша барлық партиясын дайындау циклі үш айдан аспаған жағдайда бір партияға 15 құбырға дейін біріктіруге болады.
258. Құбырларды монтаждау кезінде егер осы объектіде тиісті бір типті дәнекерлеу қосқыштарын орындау бойынша барлық жұмыстар бір ұйымның күшімен жүргізілген жағдайда ғана бақыланатын қосқыштардың санын барлық партиядан анықтауға болады.
259. Дәнекерлеу қосқыштарының механикалық сынағы мен металлографикалық зерттеуін бақылау бұйымы болып табылатын бұйымнан кесіп алынған бақылау немесе өндірістік жапсарлардан дайындалған үлгілерде жүргізіледі.
260. Егер тізбектелген дефектоскопия әдістерін осы типтегі дәнекерлеу қосқыштары үшін тексеру қарастырылса, барлық бақылау дәнекері қосқыштары тұтас ұзындығы бойымен УДБ немесе радиографияға тартылады. Бақылауды тиісті өндірістік дәнекерлеу қосқыштарын тексеретін дефектоскопшылардың біреуі жүргізеді.
261. Аталған тексерісте жол берілмейтін ақаулықтар анықталған жағдайда, онда бақылау қосқышымен жүргізілген барлық өндірістік жапсарлар ақаулар анықталған (өндірістік дәнекерлеу қосқыштарын 100 %-дық бақылау дәл сол әдіспен орындалған жағдайлардан басқа) дефектоскопия әдісімен 100 %-дық көлемде тексеріледі; бұл ретте бақылау қосқыштары бракқа шығарылып, қайта орындалады.
262. Бақылау дәнекері қосқышында шекті ішкі ақаулар болған кезде металлографикалық зерттеуге арналған шлиф көрсетілген ақауларымен учаскеден кесіп алынады.
263. Дәнекерлеу қосқыштарын созылуына сынау кезінде олардың бөлінуге уақытша кедергісі белгілі бір маркадағы болаттан жасалған тиісті жартылай дайын өнімдерге негізгі металдың бөлінуінің уақытша кедергісіне сәйкес болады.
2-кесте
Қаңылтырдың түрі
|
Электрлік доғамен, байланыстырып және электрлік шлакпен дәнекерлеу
|
Қабырға қалыңдығы 12 мм аспайтын құбырларды газбен дәнекерлеу
|
Дәнекерленетін элементтердің қалыңдығы 20 мм аспаған жағдайда
|
Дәнекерленетін элементтердің қалыңдығы 20 мм аспаған жағдайда
|
Көміртекті
|
100°
|
100°
|
70°
|
Қоспасы аз марганцовкалы
|
80°
|
60°
|
50°
|
Қоспасы аз (хром-молибден және молибден-ванадий)
|
50°
|
40°
|
30°
|
Қоспасы жоғары (хром)
|
100°
|
100°
|
-
|
Қоспасы жоғары (хром)
|
50°
|
40°
|
-
|
264. Дәнекерлеу қосқыштарын иілгіштігіне сынау кезінде алынған көрсеткіштер 2-кестеде келтірілгеннен төмен болмайды.
265. Дәнекерлеу қосқыштарын (құбырлардың жапсарларын) майысуына сынау кезінде сынақ нәтижелері бір маркалы болаттан жасалған бір сұрыптағы құбырларға белгіленген тиісті ең төменгі шекті көрсеткіштерден төмен болмайды.
266. Бойлық дәнекерлеу жігі бар құбырлардан алынған үлгілерді (жапсарларды) майысуына сынау кезінде соңғысы қабырғаларға жақындау бағытына перпендикуляр жазықтықта болады.
267. Дәнекерлеу қосқыштарын соққы тұтқырлығына сынау жік шүлдігінің бойымен оны ашу жағынан (егер тілік жасау орны құрылымдық құжаттамада айтылмаса) тілігі бар үлгілерде жүргізіледі.
268. Дәнекерлеу қосқыштарының жіктері металының соққы тұтқырлығының (соққы иілгішінің) шамасы температура 20ºС болған кезде перлит және мартенсит класты болаттан жасалған элементтер үшін 50 Дж/см2 (5 кгс.м/см2) төмен емес және аустенит класты болаттан жасалған элементтер үшін 70 Дж/см2 (7 кгс.м/ см2) төмен емес.
269. Әрбір бақылау дәнекері қосқыштары үшін механикалық қасиеттердің көрсеткіштері (оны осы бөлімге сәйкес сынау кезінде) жекеленген үлгілерді сынау нәтижелерінен орташа арифметикалық мән ретінде анықталады.
270. Егер үлгілерді сынаудың кез келген түрінің көрсеткіштерінің бірі белгіленген нормадан (төмендеу жағына) 10 % астам, ал соққы тұтқырлығы бойынша 20 Дж/см2 (2 кгс.м/см2) астам өзгеріс байқалса, жалпы сынақ нәтижесі қанағаттанарлықсыз деп саналады.
271. Қандай да бір механикалық сынақ түрі бойынша қанағаттанарлықсыз нәтиже алынған кезде дәл сол бақылау жапсарларынан жасалған үлгілерді қайта сынауға болады.
Көрсетілген жапсарлардан үлгілерді кесіп алу мүмкін болмаған жағдайда, қайта сынақ нәтижесі қанағаттанарлықсыз болған жағдайда (тым болмаса бір үлгіде) бақыланатын сериядан (дәл сол дәнекерлеуші орындаған) өндірістік дәнекерлеу қосқыштары кесіп алынады және сыналады.
272. Өндірістік дәнекерлеу қосқыштарын сынау екі еселенген үлгілерде жүргізіледі. Тіпті бір үлгі бойынша қанағаттанарлықсыз көрсеткіш берілген жағдайда жалпы сынақ нәтижесі қанағаттанарлықсыз деп саналады.
273. Дәнекерлеу қосқыштарын металлографикалық зерттеуге арналған үлгілер жікке көлденең кесіп алынады.
274. Барлық дәнекерлеу қосқыштарын макро зерттеуге арналған және қабырға қалыңдығы 25 мм кем дәнекерлеу қосқыштарын микро зерттеуге арналған үлгілер тұтас жік қимасын, дәнекерлеудің термиялық әсерінің екі жағын, негізгі металдың жапсарлас учаскелерін, егер дәнекерлеу кезінде қолданылмаған және жоюға жататын болса, төсем шығырын қамтиды.
275. Қабырға қалыңдығы 25 мм және одан астам элементтердің дәнекерлеу қосқыштарын микро зерттеуге арналған үлгілер қосқыш қимасының тек негізгі бөлігін ғана қамтуы мүмкін. Бұл ретте балқу желісінен бастап үлгінің жиектеріне дейінгі қашықтық кемінде 12 мм, ал бақыланатын қиманың алаңы кемінде 25х25 мм.
276. Құбыр элементтерінің бұрыштық дәнекерлеу қосқыштарын металлографикалық зерттеу үшін үлгілерді дайындау кезінде бақылау қосқыштары штуцердің (құбырдың) бойымен бөлінеді.
277. Байланыстырып және газбен дәнекерленетін бақылау дәнекері қосқыштары, электр доғасымен дәнекерленген қоспасы жоғары болаттан жасалған дәнекерлеу қосқыштары макро және микро зерттеумен бақыланады, ал басқа дәнекерлеу қосқыштары тек макро зерттеумен бақыланады. Көміртекті және қоспасы аз болаттан жасалған элементтердің бақылау дәнекері қосқыштарын макро зерттеу сияқты микро зерттеу де кемінде бір үлгіде, ал қоспасы жоғары болаттан жасалған элементтердің дәнекерлеу қосқыштарын зерттеу кемінде екі үлгіде жүргізіледі.
278. Бір үлгілерде (шлифтерде) макро және микро зерттеуді рет-ретімен жүргізуге болады.
279. Металлографикалық зерттеу нәтижесі бойынша дәнекерлеу қосқыштарының сапасын бағалау осы Талапқа және құрылымдық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.
280. Егер металлографикалық зерттеу кезінде осы Талапқа сәйкес ультрадыбыспен немесе радиографиямен тексерілген және жарамды деп танылған бақылау дәнекері қосқышында бұзбайтын дефектоскопиялық әдіспен анықталмаған болмайтын ақаулар анықталса, онда ақаулар анықталған және дәл сол оператор тексерген бақылау қосқышымен берілген барлық өндірістік дәнекерлеу қосқыштары бұзбайтын бақылаудың қарастырылған және орындалған көлеміне қарамастан, дәл сол дефектоскопия әдісімен жаңадан 100 %-дық бақылауға алынады. Бұл ретте барлық өндірістік жапсарлардың сапасын тексеруді едәуір білікті және тәжірибелі дефектоскопшы жүзеге асырады. Бақылау қосқыштарын тексерген дефектоскопшының көрсетілген бақылауды жүргізуіне болмайды.
281. Егер металлографикалық зерттеу кезінде осы Талапқа сәйкес ультрадыбыспен немесе радиографиямен тексерілген бақылау дәнекері қосқышында бұзбайтын дефектоскопиялық әдіспен анықталмаған болмайтын ақаулар анықталса, сондай-ақ егер бақылау қосқыштарын металлографикалық зерттеу кезінде ультрадыбыспен және радиографиямен бақыланбаған кез келген жол берілмейтін ішкі ақаулар анықталса, онда металлографикалық зерттеу екі еселенген үлгілерде (бақылау қосқыштарымен салыстырғанда) орындалады. Бұл ретте дәл сол дәнекерлеуші орындаған ақаулы бақылау қосқыштары арасынан өндірістік дәнекерлеу қосқыштары кесіледі, ал әр қосқыштан алынатын үлгілердің саны екі еселенеді.
282. Егер қайта сынау кезінде үлгілердің тым болмаса біреуінде белгіленген нормаларды қанағаттандырмайтын көрсеткіштер алынған болса, онда жалпы сынақ нәтижесі қанағаттанарлықсыз деп саналады.
283. Осы Талапта қарастырылған дәнекерлеу қосқыштарын механикалық сынау және металлографикалық зерттеу көлемі (орындалатын бақылау қосқыштарының саны, жекелеген сынақ түрлерінің міндеттемесі, үлгілердің саны және басқалары) технологиялық үдеріс өзгермеген және дәнекерлеу қосқыштарының сапасы жоғары болғанда ұйым бір типті бұйымдарды жаппай дайындаған (монтаждаған) жағдайда қысқартылуы мүмкін.
284. Құйма элементтердің, құйма бөлшектермен құбырлардың, әр түрлі класты болаттардан жасалған элементтердің дәнекерлеу қосқыштарын, басқа да жекелеген дәнекерлеу қосқыштарын механикалық сынау және металлографикалық зерттеу көлемі құрылымдық құжаттамада белгіленеді.
285. Негізгі механикалық сынақтардан басқа, қоспалы болаттардан жасалған жапсарлас, бұрыштық дәнекерлеу қосқыштары егер құрылымдық құжаттамада қарастырылса, сынаққа тартылады (жік металының қаттылығын өлшеу және тағы басқа).
Достарыңызбен бөлісу: |