Бу және су жылыту қазандықтарын орнату және қауіпсіз пайдалану жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Требования промышленной безопасности по устройству и безопасной эксплуатации паровых и водогрейных котлов Астана 2010



бет11/20
Дата16.06.2016
өлшемі2.5 Mb.
#138477
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Шартты белгілер
Р-қазандық элементіндегі жұмыс қысымы, МПа (кгс/см2);

t-элемент қабырғасының есептік температурасы; бекіткіш үшін-жұмыс ортасының температурасы, оС;

S-қабырғаның шекті қалыңдығы, мм;

Dу-шартты өту жолы, мм;

σв-уақытқа кедергі, МПа (кгс/см2);

σт –шартты тұрақсыздық шегі, МПа (кгс/см2);

σ-салыстырмалы ұзарту, %;

ψ-салыстырмалы тарылту, %;

КС (KCU, KCV)-соққы тұтқырлығы, Дж/см2 (кгс.м/см2);

КСА-механикалық тозудан кейінгі соққы тұтқырлығы, Дж/см2 (кгс.м/см2).

Бу және су жылыту қазандықтарын

орнату және қауіпсіз пайдалану

жөніндегі өнеркәсіптік

қауіпсіздік талаптарына

3-қосымша

Болаттарды түрі мен класына бөлу


№ р/с

Болаттың түрі, класы

Болаттың маркасы

Перлит

1.

Көміртекті

ВСт2сп2, ВСт2сп3, ВСт3сп2, ВСт3сп3, ВСт3пс3, ВСт3Гпс3, ВСт3пс4, ВСт3сп4, ВСт3сп5, ВСт3сп6, ВСт3Гпс4, ВСт4пс3, ВСт4сп3, ВСт5сп2*, 08, 10, 15, 20, 25, 30* , 35*, 40*,45*, 15К, 16К, 18К, 20К, 22К, 15Л, 20Л, 25Л, 30Л, 35Л

2

Қоспасы аз марганцовкалы және кремний-марганцовкалы

10Г2, 15ГС, 16ГС, 17ГС, 17Г1С, 17Г1СУ, 09Г2С, 10Г2С1, 14ХГС, 10Г2С, 20ГСЛ

3

Қоспасы аз хром

35Х*, 40Х*

4

Қоспасы аз молибден, хром-молибден, хром-молибден

12МХ, 12ХМ, 15ХМ, 10Х2М, 12Х1МФ, 12Х2МФСР, 15Х1М1Ф, 20ХМЛ, 15Х1М1ФЛ, 25Х1МФ, 25Х1М1Ф1ТР*, 30ХМА, 30ХМ, 20Х1М1Ф1БР, 20Х1М1Ф1ТР

5

Қоспасы аз марганцовкалы никель-молибден және хром-никель-молибден

16ГНМА, 14ГНМА, 38ХНЗНФА

6

Мартенсит хром

20Х13, 20Х11В2МФ, 1231М2В2МФ, 20Х12ВНМФ, 18Х12ВМБФР*

7

Аустенит хром-никель

08Х18Н10Т, 12Х18Н9Т, 12Х18Н10Т, 12Х18Н12Т, 08Н15Н9М2, 12Х18Н9ТЛ, 12Х18Н12МЗТЛ,08Х16Н13М2Б,

31Х19Н9МВБТ, ХН35ВТ*


*Дәнекерлеуге жатпайтын материалдар (бекіткіш бөлшектері).


Бу және су жылыту қазандықтарын

орнату және қауіпсіз пайдалану

жөніндегі өнеркәсіптік

қауіпсіздік талаптарына

4-қосымша

Бір типті және бақылау дәнекер қосқыштары ұғымдарын анықтау
Мынадай жалпы белгілері бар дәнекерлеу қосқыштарының тобы бір типті дәнекерлеу қосқыштары болып табылады:

дәнекерлеу тәсілі;

негізгі металл маркасы (маркалардың үйлесуі). Бір топқа әр түрлі маркалы болаттардан жасалған бөлшектердің дәнекерлеу қосқышын біріктіруге болады, оларды дәнекерлеу үшін технологияға сәйкес бір маркалы дәнекерлеу материалдарын (маркалардың үйлесімі) қолдану қарастырылады;

дәнекерлеу материалдарының маркасы (маркалардың үйлесімі). Бір топқа Бір топқа әр түрлі дәнекерлеу материалдарын қолдана отырып, жасалған дәнекерлеу қосқыштарын біріктіруге болады, олардың маркалары (маркалардың үйлесімі) технологияға сәйкес бір болаттан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу үшін қолданылады; электродтарда бірдей жабын түрі (негізгі, рутил, целлюлоза, қышқыл) болуы қажет;

дәнекерлеу аймағындағы дәнекерлеу бөлшектерінің бастапқы қалыңдығы. Бір топқа төмендегі диапазондардың бірінің шегінде дәнекерлеу аймағында бөлшектерді бастапқы қалыңдығымен қосуға болады:

3 мм дейін қоса алғанда;

3 астам 10 мм қоса алғанда;

10 астам 50 мм қоса алғанда;

50 мм астам.

Бұрыштық, таңбалық және айқастырма қосқыштар үшін көрсетілген диапазондар дәнекерленетін бөлшектерге жатады; негізгі бөлшектердің қалыңдығын ескермеуге болады;

дәнекерлеу аймағындағы бөлшектердің қисық радиусы. Бір топқа төмендегі диапазондардың бірінің шегінде дәнекерлеу аймағында (сыртқы бастапқы диаметрлік жартысы бар құбырлар үшін) қисық радиусты бөлшектердің дәнекерлеу қосқыштарын біріктіруге болады:

12,5 мм дейін қоса алғанда;

12,5 астам 50 мм қоса алғанда;

50 астам 250 мм қоса алғанда;

250 мм астам (тегіс бөлектерді қоса алғанда).

Бұрыштық, таңбалық және айқастырма қосқыштар үшін көрсетілген диапазондар дәнекерленетін бөлшектерге жатады; негізгі бөлшектердің қисық радиусын ескермеуге болады;

дәнекерлеу қосқышының түрі (жапсарлас, бұрыштық, таңбалық, айқастырма). Бір топқа қазандық элементтеріне штуцерлерді (құбырларды) қосатын бұрыштық дәнекерлеу қосқыштарынан басқа, бұрыштық, таңбалық және айқастырма қосқыштарды біріктіруге болады;

жиектерді дайындау нысаны. Бір топқа төмендегі жиектерді дайындау нысанының біреуімен дәнекерлеу қосқыштарын біріктіруге болады;

жиектерді бір жақты бөлу және оларды кесу бұрышы 8° артық;

жиектерді бір жақты бөлу және оларды кесу бұрышы 8° дейін қоса алғанда;

жиектерді екі жақты бөлу;

жиектерді бөлмей;

түпкі қабатты дәнекерлеу тәсілі: қалған төсемде (төсем шығырында), балқыма төсемде, төсемсіз (кері білікті еркін түрде жасау), жіктің түбін дәнекерлеу арқылы;

термиялық дәнекерлеу режимі: алдын ала және ілеспе жылыту, жылытпай, қабат арасын салқындату арқылы;

дәнекерлеу қосқышын термиялық өңдеу режимі.

Бақылау дәнекерлеу қосқышы өндірістік дәнекерлеу қосқыштарының қатарынан кесілген немесе бөлек дәнекерленген, бірақ ұқсас немесе өндірістік дәнекерлеу қосқыштарына қатынасы бойынша бір типті болып табылатын және дәнекерлеу технологиясын аттестаттау немесе өндірістік дәнекерлеу қосқыштарының сапасы мен қасиеттерін тексеру кезінде бұзып бақылау жүргізуге арналған қосқыш болып табылады.




Бөлім, тарау,

параграф

Мазмұны


Беті

1-тарау

Жалпы талаптар

3

1-параграф

Талаптың мақсаты мен қолданылу саласы

3

2-тарау

Құрылым

4

1-параграф

Жалпы ережелер

4

2-параграф

Су деңгейінің күйі

5

3-параграф

Өту жолдары, аспалар, қақпақтар мен оттық есіктері

6

4-параграф

Оттықтар мен газ өткізгіштердің сақтандыру құрылғылары

7

5-параграф

Шойын экономайзерлер

7

6-параграф

Түптер мен құбыр торлары

8

7-параграф

Дәнекерлеу қосқыштары, дәнекерлеу жіктері мен тесіктердің орналасуы

8

8-параграф

Қисық сызықты элементтер

11

9-параграф

Жаншып үгітетін қосқыштар

11

10-параграф

Үрлеу, босату және дренаж жүйесі

12

11-параграф

Жанарғы құрылғылары

13

3-тарау

Материалдар мен жартылай дайын өнімдер

14

1-параграф

Жалпы ережелер

14

2-параграф

Болаттан жасалған жартылай дайын өнімдер. Жалпы талаптар

15

3-параграф

Табақ болат

17

4-параграф

Болат құбырлар

17

5-параграф

Болат жабындар, штамптау және прокат

18

6-параграф

Болат құймалар

18

7-параграф

Бекіткіш

19

8-параграф

Шойын құймалар

19

9-параграф

Түсті металдар мен балқымалар

20

10-параграф

Жаңа маркалы болаттарға қойылатын талаптар

20

4-тарау

Дайындау, монтаждау және жөндеу

22

1-параграф

Жалпы талаптар

22

2-параграф

Жартылай дайын өнімдерді кесу және түрін өзгерту

22

3-параграф

Дәнекерлеу

23

4-параграф

Термиялық өңдеу

24

5-параграф

Бақылау

26

6-параграф

Көзбен және өлшеп бақылау

28

7-параграф

Бұзбайтын әдістермен бақылау

31

8-параграф

Дәнекерлеу қосқыштарын механикалық сынау және металлографикалық зерттеу

33

9-параграф

Кристалл аралық коррозияға, қарындашпен көшіруге сынау және қаттылығын өлшеу

37

10-параграф

Дәнекерленетін қосқыштардың сапасын бағалау нормалары

37

11-параграф

Гидравликалық сынақ

38

12-параграф

Ақауларды түзету

40

13-параграф

Паспорт және таңбалау

41

5-тарау

Арматура, аспаптар және қоректендіру құрылғылары

43

1-параграф

Жалпы талаптар

43

2-параграф

Сақтандыру құрылғылары

43

3-параграф

Су деңгейін көрсеткіштер

46

4-параграф

Манометрлер

48

5-параграф

Температураны өлшеуге арналған аспаптар

50

6-параграф

Тиек және реттеу арматурасы

51

7-параграф

Қауіпсіздік аспаптары

53

8-параграф

Қоректендіру құрылғылары

55

6-тарау

Қазандықтарға арналған орынжайлар

56

1-параграф

Жалпы ережелер

56

2-параграф

Жарық беру

57

3-параграф

Қазандықтар мен қосалқы жабдықты орналастыру

58

4-параграф

Алаңдар мен сатылар

59

5-параграф

Отын беру және шлак-күл жою

60

7-тарау

Қазандықтардың су-химиялық режимі

61

1-параграф

Жалпы талаптар

61

2-параграф

Қорек суының сапасына қойылатын талаптар

63

3-параграф

Қазандық суының сапасына қойылатын талаптар

63

8-тарау

Қауіпсіз пайдалануды және жөндеуді ұйымдастыру

70

1-параграф

Қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру

70

2-параграф

Ұстау және қызмет көрсету

71

3-параграф

Бақылау-өлшеу аспаптарын, автоматты қорғағыштарды, арматураны және қорек сорғыларын тексеру

71

4-параграф

Қазандықты авариялық түрде тоқтату

72

5-параграф

Жөндеуді ұйымдастыру

73

9-тарау

Қазандықтарды пайдалануға енгізу тәртібі

74

1-параграф

Есепке алу

74

2-параграф

Техникалық куәландыру

75

3-параграф

Жаңадан орнатылған қазандықтарды

пайдалануға рұқсат беру



80

10-тарау

Жоғары температуралы органикалық жылу тасығышпен жұмыс істейтін қазандықтарға қойылатын қосымша талаптар

80

1-параграф

Жалпы талаптар

80

2-параграф

Құрылым

80

3-параграф

Арматура

82

4-параграф

Сұйықтық деңгейін көрсеткіштер

82

5-параграф

Манометрлер

83

6-параграф

Температураны өлшеуге арналған аспаптар

83

7-параграф

Сақтандыру клапандары

83

8-параграф

Кеңейткіш ыдыстар

84

9-параграф

Автоматты қорғағыш

85

10-параграф

Сорғылар

86

11-параграф

Орнату және пайдалану

86

11-тарау

Сода регенерациялау қазандықтарына қойылатын қосымша талаптар

87

1-параграф

Жалпы ережелер

87

2-параграф

Құрылымы, жарық беру және бақылау

88

3-параграф

Орнату және пайдалану

88




Қабылданған қысқартулар

90

1-қосымша

Қазандықтың паспорты

91

1-а-қосымша

Қазандықтың паспорты

98

2-қосымша

Қысыммен жұмыс істейтін қазандықтарды, бу қыздырғыштарды, экономайзерлерді дайындау үшін қолданылатын материалдар

107

3-қосымша

Болаттарды түрі мен класына бөлу

122

4-қосымша

Бір типті және бақылау дәнекер қосқыштары ұғымдарын анықтау

123




Мазмұны

125

Құрметті әріптестер!
«Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі-«ҰҒЗО» РМК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 шілдедегі № 772 қаулысымен құрылды.

«ҰҒЗО» РМК құрамына келесі еншілес мемлекеттік кәсіпорындар (ЕМК) кіреді:

«Қазақ мемлекеттік тау-кен өнеркәсібіндегі жұмыстардың қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми-зерттеу институты» ЕМК, Қарағанды қаласы, тел. 8 (7212) 56 00 05;

«Химия, мұнай-химиясы, мұнай-газ өңдеу, микробиология, химиялық-фармацевтикалық және тамақ өнеркәсібі қауіпсіздігінің проблемалары жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» ЕМК, Шымкент қаласы, тел. 8 (7252) 53 03 13;

«Түсті металлургия кәсіпорындарының техникалық қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» ЕМК, Өскемен қаласы, тел. 8 (7232) 22 51 90;

«Мұнай-газ өнеркәсібіндегі, мұнай және газ саласы бойынша геологиядағы техникалық қауіпсіздік жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» ЕМК, Атырау қаласы, тел. 8 (7122) 36 39 98.

«ҰҒЗО» РМК қызметінің мәні мен мақсаты ғылым саласында қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады;

қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ғылыми-әдістемелік, нормативтік және сараптамалық қамтамасыз ету;

техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің алдын алу мен жою сұрақтары бойынша бірыңғай ғылыми-зерттеу жүйе қалыптастыруға қатынасу;

нормативтік-құқықтық актілер, техникалық регламенттер, әдістемелік ұсыным, талап, норма, нұсқаулық және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалар өңдеуге және басып шығаруға қатынасу;

техникалық құрылғыларды, материалдарды, технологияларды пайдалануға сараптама жұмыстарын жүргізу;

өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстарды орындау;

қауіпсіздік жабдықтары мен авариядан қорғану құралдарын жетілдіру және модернизациялау бойынша ғылыми зерттеу жүргізу, оларды өндіріске енгізу бойынша ұсынымдар дайындау;

өндірістердің технологиялық жабдықтарды пайдалануының, қалдық ресурсты зерттеудің қолданыстағыларын жетілдіру мен жаңа әдістерін әзірлеу;

өнеркәсіп персоналын белгіленген тәртіпте даярлау, қайта даярлау және біліктілігін көтеру оқу бағдарламаларын дайындау;

қауіпті өнеркәсіптік объектілердің қауіпсіздік декларациясын дайындау және оның сараптамасы.

Қызығушылық тудырған барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады:

Қазақстан Республикасы, 010011 Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 81, «ҰҒЗО» РМК (е-mail: rgpnnic-mchs@mail.ru) тел./факс: 8 (7172) 39 40 07, 49 32 22, 49 32 23


Сіздерге қауіпсіз еңбек пен табысты нәтиже тілейміз!

Утверждены

приказом Министра

по чрезвычайным ситуациям

Республики Казахстан

от «21» октября 2009 года

№ 245

Требования промышленной безопасности

к устройству и безопасной эксплуатации паровых и водогрейных котлов



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет