Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет114/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы желтоқсан айының 10 
жұлдызындағы пошта бөлімшесінің № 336 квитанциясына сәйкес, 
32000 теңге сомаға арнайы газеттер мен журналдарға жазылды. Бұл 
жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту


184
7210 — 1010 = 32000 1 типті операция
А (+) А (-) 
Материалдық қорлар мен қысқа мерзімді дебиторлық 
берешектердің кемуі
а) Тауар-материалдық қорларды өткізу. Бұл шаруашылық опера-
циялар № 7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің
өзіндік құны» және № 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету 
бойынша шығыстар» активті шоттарында бейнеленеді. Шығыстар 
осы активті шоттарға шығыс етілетіндіктен, тауар-материалдық 
қорлар енді кредиттік жағында орналасады және шаруашылық 
операцияның жазылуы № 7010, 7110 шоттардың дебетіне № 1310—
1315, 1317, 1320, 1330 шоттардың кредитінен жасалады. Проводка 
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7010, 7110 1310—1315, 1317, Дайын өнімді, тауарларды 
1320, 1330 өткізу актісі жүкқұжат,
шот-фактура
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті 
шот орналасқан. Бұл жағдайда 1 типті «Активті-активті» операция 
орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады 
(бір жағынан дайын өнімнің өзіндік құны мен өткізілуі бойынша 
шығыстар көбейеді, екінші жағынан сол сомада кәсіпорынның 
тауар-материалдық қорлары шығыс етіледі). Бұл жағдай жазудың 
дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: 1) кәсіпорында 2005 жылы қыркүйек айының 
12 жұлдызындағы № 189 дайын өнімді өткізу актісіне сәйкес, 
1800000 теңгеге дайын өнім өткізілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік 
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7010 — 1320 = 1800000 1 типті операция
А (+) А (-) 


185
2) дайын өнімді ыдыспен (жәшіктермен) қамтамасыз ету үшін 
2005 жылы шілденің 16 жұлдызындағы № 86 жүкқұжатына сәйкес, 
6500 теңгеге құрылыс материалдары (тақта) шығыс етілді. Бұл 
жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7110 — 1317 = 6500 1 типті операция
А (+) А (-)
ә) Материалдық ресурстарды өндіріске шығыс ету. Бұл жерде 
негізгі, меншікті, көмекші өндірістер мен олардың үстеме шығы-
старының қажеттіліктеріне материалдық ресурстардың шығыс 
етілуі жасалады. Бұл шаруашылық операциялар № 8011, 8021, 8031, 
9041 «Материалдар» активті шоттарында бейнеленеді. № 801, 802, 
803, 804 бөлімшелердің нөмірлері өндіріс немесе шығыстардың 
түрін көрсетеді.
Шаруашылық операцияның жазылуы төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
8011, 8021, 8031, 8041 — 1310—1315, 1317 Материалды 
жауапты тұлғалардың
материалдық есептері 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті 
шот орналасқан. Бұл жағдайда 1 типті «Активті-активті» операция 
орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады 
(бір жағынан аяқталмаған өндіріс көбейеді, ал екінші жағынан сол 
сомаға кәсіпорынның материалдық ресурстары шығыс етіледі). Бұл 
жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: үстіміздегі жылдың I-тоқсанында ерлер 
көйлектерін тігу бойынша негізгі өндіріске 2005 жылы наурыз 
айындағы цех бастығының материалдық есебі бойынша 980000 
теңге сомада материалдар шығыс етілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік 
жазу төмендегіше болады: 
Дт Кт Сома Ескерту


186
8011 — 1310 = 980000 1 типті операция
А (+) А (-)
б) Қызметті қысқартатын жағдайлар кезіндегі материалдық 
ресурстарды шығыс ету. Бұл жерде оның зардабын болдырмауға 
материалдық ресурстарды шығыс ету орын алады. Аталған ша-
руашылық операциялар № 7510 «Табиғи апаттардан болған залалдар» 
активті шоттардың дебеті бойынша бейнеленеді.
Шаруашылық операциялардың жазылуы төмендегіше болады: 
Дт Кт Құжаттар
7510 1310—1315, 1317 Кәсіпорын бойынша бұйрық,
материалдық ресурстарды
шығыс ету туралы акті 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті 
шоттар орналасқан. Бұл жағдайда 1 типті «Активті-активті» 
операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер 
болады (бір жағынан табиғи апаттардың салдарын жою бойынша 
шығыстар көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға кәсіпорынның 
материалдық ресурстары шығыс етіледі). Бұл жағдай жазудың 
дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорынның қызметін қысқартумен байла-
нысты жағдайды қалпына келтіру үшін кәсіпорын 2005 жылы сәуір 
айындағы жұмыс жүргізушінің материалдық есебіне сәйкес, 125000 
теңге сомада құрылыс материалдары шығыс етілді. Бұл жағдайда 
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады: 
Дт Кт Сома Ескерту
7510 — 1317 = 125000 1 типті операция 
А (+) А (-) 
в) Өнімсіз шығыстарға материалдық ресурстарды шығыс ету.
Бұл жерде өнімсіз шығыстар: кем шығу, қиянат жасау, қайтарымсыз 
түрде өткізуге және т.б. материалдық ресурстар шығыс етіледі. 
Өнімсіз шығыстар жалпы және әкімшілік шығыстарға жатады. Бұл 
шаруашылық операциялар № 7210 «Әкімшілік шығыстар» активті 
шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Бірақ, бұл жерде олар ең 


187
соңында шегерулерге жатпайтындықтан, «өнімсіз» деген белгімен 
белгілеу ұсынылады. Шаруашылық операциялардың жазылуы 
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7210 өнімсіз 1310—1315, 1317 Кәсіпорын бойынша бұйрық,
түгелдеу немесе қабылдау-
өткізу актісі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті 
шот орналасқан. Демек, бұл жағдайда 1 типті «Активті-активті» 
операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер 
болады (бір жағынан өнімсіз шығыстар көбейеді, ал екінші жағынан 
сол сомаға кәсіпорынның материалдық ресурстары шығыс етіледі). 
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: жергілікті мектепке демеушілік жәрдем 
ретінде 2005 жылы қараша айының 26 жұлдызындағы қабылдау-
өткізу актісіне сәйкес, 60000 теңге сомада материалдар қайтарымсыз 
түрде берілді.
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7210 өнсіз — 1310 = 60000 1 типті операция
А (+) А (-)
г) Негізгі құралдардың жөнделуіне материалдық ресурстарды 
шығыс ету. 
Бұл жерде негізгі құралдарды жөндеуге материалдық ресурстар 
шығыс етіледі.
Аталған шаруашылық операциялар № 2412—2417 «Негізгі 
құралдар» активті шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Бұл 
жерде материалдық ресурстардың құны кәсіпорынның шығыстарына 
емес, негізгі құралдар құнының артуына шығыс етіледі.
Шаруашылық операцияның жазуы төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
2412—2417 1310—1315, 1317 Материалды жауапты
тұлғалардың материалдық


188
есептері
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті 
шоттар орналасқан. Демек, бұл жағдайда 1 типті «Активті-активті» 
операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер 
болады (бір жағынан негізгі құралдардың құны артады, ал екінші 
жағынан сол сомаға кәсіпорынның материалдық ресурстары шығыс 
етіледі). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет