Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет115/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

Мысал келтіреміз:  цехтың өндірістік жайын жөндеу үшін кәсіп-
орын 2005 жылы қазан айындағы жұмыс жүргізушінің материалдық
есебіне сәйкес, 350000 теңге сомада құрылыс материалдарын жұм-
сады. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады: 
Дт Кт Сома Ескерту
1412 — 1317 = 350000 1 типті операция
А (+) А (-)
Сонымен, біз 1-бөлімнің шоттары бойынша шаруашылық опе-
рацияларды құрудың үлгілерін қарап, талдау жүргіздік. 


189
II. БӨЛІМ. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР
Бұл бөлімнің активті екені және 10 (20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 
29) бөлімшеден тұратындығы кестеден көрініп тұр. Ұзақ мерзімді 
инвестициялар мен дебиторлық берешектер, негізгі құралдар, мате-
риалдық емес активтер, аяқталмаған құрылыс және жануарлар ұзақ 
мерзімді активтер болып табылады, өйткені олар бар болуды біл-
діреді және активті шоттарда бейнеленеді.
Олардың келуін (көбеюін) қараймыз:
Бұл жағдайда олар дебет бойынша өтеді. Бұл жерде біз келудің 
көзіне назар аударуымыз керек.
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектердің келуі (көбеюі)
а) Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден. Сатып алушы-
лармен есеп айырысу № 2110 «Сатып алушылар мен тапсырыс 
берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» активті шот-
тарында бейнеленеді. Дебиторлық қарыздардың келіп шығу көздері: 
өтелуге тиіс ҚҚС, негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыстар 
болатындықтан, шаруашылық операцияның жазылуы № 2110 
шоттың дебетіне № 3130, 6010 шоттардың кредитінен жасалады. 
Бұл жағдайда шаруашылық операцияның жазуы төмендегіше бо-
лады: 
Дт Кт Құжаттар
2110 3130, 6010 Шот-фактура


190
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында пассивті 
шоттар орналасқан. Демек, баланстың активі мен пассивінде көбею 
жағына өзгерістер болатын 3 типті «Активті-пассивті» операция 
орын алады. 
Бір жағынан дебиторлық қарыздардың көлемі, ал екінші жа-
ғынан бір мезгілде ҚҚС пен салық салынудың объектісі болатын
кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табысының 
мөлшері көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыс жасалғанын біл-
діреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет