201
А (+) А (-)
2) кәсіпорында орындалған ұзақ мерзімді күрделі жұмыстар
үшін алынған аванстар есебінен 2005 жылы қыркүйек
айының
30 жұлдызындағы № 962 Ф-2 үлгідегі анықтамасына сәйкес,
28000000 теңге сомада құрылыс-құрастыру жұмыстарының кө-
лемі тапсырылды. Бұл жағдайда бухгалтерлік
жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4410 — 2110 = 28000000 4 типті операция
П (-) А (-)
ә) Еншілес (қауымдастырылған)
ұйымдар мен бірлесіп бақыла-
натын заңды тұлғалар қарыздарының жабылуы. Бұл шаруашылық
операциялар № 1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша
қаражаттары» активті, № 4120—4140 «Еншілес (қауымдастырылған)
ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», № 4410 «Алынған
ұзақ мерзімді аванстар» пассивті шоттарында бейнеленеді. Проводка
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1040
4120 2120—2140 Төлем тапсырмалары,
салыстыру
4410 актісі, жүкқұжаттар,
шот-фактуралар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті және
пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1040) орналасқан кезде
1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни, баланстың
активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан ақша қаражаттары
көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға еншілес (бағынышты)
ұйымдардың дебиторлық қарыздары кемиді).
Пассивті шот (№ 4120, 4410) орналасқан кезде баланстың активі
мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын
алады (бір жағынан еншілес (бағынышты)
ұйымдардың және
алынған аванстар бойынша қарыздар кемиді, ал екінші жағынан бір
мезгілде сол сомаға еншілес (бағынышты) ұйымдардың дебиторлық
202
қарыздары жабылады). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: