Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет124/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорынға еншілес ұйымнан ағымдағы 
банктік шотына 2005 жылы желтоқсан айының 10 жұлдызындағы
№ 1042 төлем тапсырмасына сәйкес, өткізілген ұзақ мерзімді күрделі 
жұмыстар үшін 16000000 теңге сомада ақша келіп түсті.
 Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1040 — 2120 = 16000000 1 типті операция 
А (+) А (-)
2) кәсіпорында қауымдастырылған ұйымдармен пайда болған 
қарыздар шегінде 2005 жылы қазан айының 30 жұлдызындағы № 587 
шот-фактураға сәйкес, 8000000 теңге сомада құрылыс-құрастыру 
жұмыстарының көлемі тапсырылды. Бұл жағдайда бухгалтерлік 
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4130 — 2130 = 8000000 4 типті операция
П (-) А (-)
3) орындалатын күрделі ұзақ мерзімді жұмыстар үшін 
алынған аванстардың есебінен 2005 жылы қараша айының 24 
жұлдызындағы № 638 Ф-2 үлгідегі анықтамасына сәйкес еншілес 
ұйымға 15000000 теңге сомада құрылыс-құрастыру жұмыстарының 
көлемі тапсырылды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше 
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4410 — 2120 = 15000000 4 типті операция
П (-) А (-)
б) Алдағы кезеңдердің шығыстарын шығыс ету. Бұл шаруашылық 
операциялар № 8048 «Басқа үстеме шығыстар», 7210 «Әкімшілік 
шығыстар» активті шоттарында бейнеленеді. Проводка төмендегіше 
болады:


203
Дт Кт Құжаттар
8048 2940 Есептер, бухгалтерлік анықтама
7210 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана 
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 7210, 8048) 1 типті 
«Активті — активті» операция орын алады, яғни баланстың 
активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан үстеме, жалпы 
және әкімшілік шығыстар көбейеді, екінші жағынан сол сомада 
алдағы кезеңдердің шығыстары кемиді). Бұл жағдай жазудың 
дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кен орны бойынша объектіні пайдалануға 
бергеннен соң, 2005 жылы желтоқсан айының 30 жұлдызындағы
объектіні пайдалануға берудің № 6 актісі мен есептеріне сәйкес, 
38000000 теңге сомада кен-дайындау жұмыстары шығыс етіледі. 
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
8048 — 2940 = 38000000 1 типті операция
А (+) А (-) 
в) Берілген ұзақ мерзімді аванстарды жабу. Бұл шаруашылық 
операциялар № 4110 «Жеткізушілерге берілетін ұзақ мерзімді 
берешек» пассивті шотында бейнеленеді. Проводка төмендегіше 
болады:
Дт Кт Құжаттар
4110 — 2910 Салыстыру актілері
шот-фактуралар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана 
пассивті шоттар орналасқан. Пассивті шот (№ 4110) орналасқан 
кезде баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-
активті» операция орын алады (бір жағынан жеткізіп берушілерге 
кредиторлық қарыздар, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға 
берілген аванстар бойынша дебиторлық қарыздардың мөлшері 
кемиді). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


204


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет