Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет41/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

1250 «Қызметкерлердің қысқа 
мерзімді дебиторлық берешегі»
Тұлғаларға есепті 
негізде ақша беру
1040 «Ағымдағы банктік 
шоттардағы теңгемен ақша 
қаражаттары»
Қолма-қол ақшаны 
есеп айырысу шоты-
на өткізу
3350 «еңбекақы төлеу бойынша 
қысқа мерзімді берешек»
Бюджетке төлем-
дер жасалды


68
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп және есеп беру 
туралы ережелерге сәйкес, кәсіпорын жыл сайын мүліктің, оның 
ішінде кассадағы қолма-қол ақшаның түгендеуін жүргізіп отыруы 
тиіс. Түгендеу кезінде бухгалтерлік есептегі мәліметтер мен қолма-
қол ақшаның нақты мөлшері арасындағы айырмашылығы төмендегі 
тәртіппен реттеледі. 
Ақша қаражаттарының артығы кіріске алынып және қаржылық 
нәтижелерге апарылуға жатады. Есепте артық сомаға № 1010 шоттың 
дебеті мен № 6280 «Басқа да кірістер» шотының кредиті бойын-
ша проводка жазылады. Кейін артық ақша мен айыпты тұлғалар 
анықталады.
Ақшаның кем шығуы айыпты тұлғалардың есебіне апарыла-
ды. Егер олар анықталмаған немесе олардан өндіру жөнінен сот 
талап арызын қанағаттандырмаған жағдайда, залалдар өндірістің 
шығындарына (№ 7210 «Әкімшілік шығыстар» шотының дебеті мен 
№ 3540 «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер» шотының кредиті бой-
ынша) проводка арқылы шығыс етіледі. Кем шығулар сомасына мына 
проводкалар: № 3540 шоттың дебеті мен № 1010 шоттың кредиті бой-
ынша, ал ақша төлеу кезінде № 1010 шоттың дебеті мен № 3540 шоттың 
кредиті бойынша жазылады. 
Қайталау үшін сұрақтар:
1. № 1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шотындағы 
қалдық нені білдіреді?
2. № 1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шотының дебеті 
бойынша нелер жазылады?
3. № 1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шотының кредиті 
бойынша нелер жазылады?
4. № 1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шотында есепті 
түрде алынған сомалар бойынша есеп айырысу қалай бейнеленеді?
5. Кассаны түгендеу не үшін қажет? 
6. Түгендеу барысында анықталған кассадағы ақшаның артығын 
есепте қалай бейнелеу мүмкін?
Түгендеу барысында анықталған залалдарды өндіріс шығында-
рына шығыс етілуін сызбада бейнелеңіз?
Түгендеу барысында анықталған залалдарды Материалды жау-
апты тұлғалардан өндірілуін сызбада бейнелеңіз?


69


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет