Бухгалтерлік есеп


ІІ бөлімше. ЕҢБЕКАҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУ



Pdf көрінісі
бет42/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

ІІ бөлімше. ЕҢБЕКАҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУ
32. Еңбекақы бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру
Еңбек пен еңбекақының есебі бухгалтер жұмысының көп еңбекті 
қажет ететін және ең жауапты учаскелерінің бірі болып саналады. 
Қазіргі уақытта еңбек табыстары максималды мөлшермен 
шектелмейді, олардың көлемі жеке тұлғалардан ұсталатын табыс 
салығымен ғана реттеледі.
Еңбекке ақы төлеу екі түрге бөлінеді: жұмыс көлемі бойынша 
(есептің негізіне орындалған жұмыстың көлемі мен оның бірлігінің 
бағаланы арқылы алынатын жағдай), уақыт бойынша (есептің 
негізіне жұмыстың 1 сағат уақытының тарифтік мөлшерлемесі не-
месе атқарылған уақыт үшін еңбекақы мөлшері (оклад) алынатын 
жағдай).
Жұмыс көлемі бойынша еңбекақыны есептеу. Мысалы:
Жұмысшының бір сағаттық тарифтік мөлшерлемесі — 50 теңге. 
Өнімнің бір бірлігін жасаудың уақыт нормасы — 30 минут. Өнім 
бірлігінің еңбекақы мөлшері — 25 теңге (50х30/60). Бір айда өнімнің 
400 бірлігі жасалды. Жұмыс көлемі бойынша еңбекақы (25 теңге х 
400) = 10000 теңгені құрайды.
Уақыт бойынша еңбекақыны есептеу. Мысалы:
Жұмысшы бір айда 80 теңге мөлшердегі сағаттық тарифтік 
мөлшерлеме бойынша 120 сағат уақыт бойы еңбек етті. Оның уақыт 
бойынша еңбекақысы 9600 теңгеге тең болады (80 теңге х 120);
Қызметкердің лауазымды мөлшерлі еңбекақысы 9200 теңгеге тең 
болады. Ол 23 жұмыс күні орнына 16 жұмыс күндерінің уақытын 
атқарды. Одан соң қызметкер демалысқа шығып кетті. Есепті айдың 
1 күндік орташа еңбекақы — 400 теңгеге тең болады (9200 : 23). 
Уақыт бойынша еңбекақы (демалыстың ақысыныз) 6400 теңгені 
(400 х 16) құрайы.
Сондай-ақ, негізгі еңбекақыға жұмсалған еңбек немесе атқарыл-
ған уақыт үшін төлем жатады. Қосымша (заңдарға сәйкес төлеуге 
жататын атқарылған уақыт үшін) еңбекақыға демалыс, еңбекке 
уақытша жарамсыздық бойынша парақтар және т.б. бойынша 
төлемдер, еңбекақыға әртүрлі қосымшалар жатады.
Кооператив, акционерлік қоғамдар мен басқа коммерциялық 
құрылымдардың қызметкерлері олардың негізгі жұмыс орны бой-
ынша қосымша еңбекақы алуға құқылы. Барлық жағдайларда 
атқарылған және атқарылмаған уақыт жұмыс уақыты есебінің 


70
табелінде көрсетілуі тиіс. Қосымшаларды төлеу шарттары мен нақты 
мөлшерлері кәсіпорынның өзінде белгіленеді және еңбекақы туралы 
ережелерде немесе ұжымдық келісім шарттарында көрсетіледі.
Қазіргі уақытта кәсіпорындарда еңбекақы қоры қалыптастырыл-
майды. Пайдадан қажетті төлемдер жасалғаннан соң, тұтыну қоры 
ұйымдастырылады. Бұл қордың есебінен негізгі және қосымша 
еңбекақы төленуі, емдеу, демалысқа жолдамалар мен қызметкерлерге 
ақысыз түрде көрсетілген қызметтердің құнын төлеу және т.б. жаса-
луы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет