Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет58/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

Қайталау үшін сұрақтар:
1. Өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің өндірісіне жұмсал-
ған шығындарды анықтау үшін қандай құжатты пайдалану керек?
2. Өнімнің, жұмыстардың, қызметтердің өзіндік құнына мына-
лар енгізіледі ме?
салықтар;
— банктің несиелері бойынша төлемдер;
— қызмет сапарлары үшін жеке бастың жеңіл автомашинасын 
пайдаланғаны үшін орнын толтыру;
— өкілеттік шығыстар.
46. Өндірістегі шығындардың есебі мен өнімнің 
(жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнын есептеп 
шығару (калькуляциялау)
Өндірістегі шығындар мен өнімді өткізу (коммерциялық шы-
ғыстар) туралы мәліметтер негізінде жұмыстар мен қызметтердің 
өндірістік және толық өзіндік құны анықталады.
Өзіндік құнға енгізу әдісі бойынша барлық шығындар тікелей 
және жанама (үстеме) болып бөлінеді.
Шығындардың есебі № 8010 «Негізгі өндіріс», 7110 «Өнімдерді 
сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар», № 7210 «Әкім-
шілік шығыстар», № 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар» шотта-
рында жүргізіледі.
Бұл — активті шоттар. Оларда шығындар дебет бойынша 
бейнеленеді, ал жылдың соңында барлық көрсетілген шоттар (№ 
8010-нан басқа) № 5410 «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» шоты-
на жабылады. 
№ 900 шоттың кредиті бойынша өнім шығарылуы немесе жұмыс-
тар, қызметтердің атқарылуы бейнеленеді. Одан басқа № 8010 «Негізгі 


91
өндіріс» шоты № 80 бөлімше бойынша жинақтаушы болатындығын 
айта кетуіміз қажет. Оған № 8011 «Материалдар», № 8012 «Өндірістік 
жұмысшылардың еңбекақысы», № 8013 «Еңбекақыдан есептел-
ген қаржылар», № 8014 «Өндірістегі үстеме шығыстар» шоттары 
кіреді. Бұл шоттар өтпелі (транзитті) болғандықтан, ай сайын жа-
былып отырады, шығындар № 8010 шотқа шығыс етіледі және өнім, 
жұмыстар мен қызметтердің жеке түрлері бойынша үлестіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет