Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет66/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

Қайталау үшін сұрақтар:
1. АҚ-ның меншікті акцияларымен жүргізілетін операциялар қай 
шоттарда бейнеленеді?
2. Акционерлерден кейінірек қайта сату немесе жою үшін ак-
ционерлік қоғам өтеп алған меншікті акциялар есебін жүргізу тәр-
тібі қандай?
3. Бұл акциялар бойынша эмиссиялық табыс қандай жағдайда 
пайда болады?
4. Меншікті акциялардың аналитикалық есебі қалай ұйымдас-
тырылады?
53. Дивидендтер есебі
 
Кәсіпорын акционерлері меншігіндегі акциялар бойынша ди-
видендтер алуға құқылы. Акционерлерге дивидендтер есептеу 
мынадай жазумен бейнеленеді:
Дт — № 5410, 5430 «Есептік жыл мен өткен жылдардың пайдасы 
(залалы)» шоттары;
Кт — 3030 «Қатысушылардың дивидендтері және кірістері 
бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты.
№ 5430 «Өткен жылдардағы пайда (залал)» шоты кепілдігі бар 
дивидендтерді (мысалы, артықшылығы бар акциялар бойынша) төлеу 
үшін таза табыстың мөлшері жетіспейтін жағдайда қолданылады.
Егер акционерлер ретінде бұл қоғамның қызметкерлері болса, 
онда дивидендтердің есептелуі мынадай проводкалармен жаса-
лады:
Дт — № 5410 «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» шоты;
Кт — № 3350 «Еңбекақы төлеу қысқа мерзімді берешек» шоты.
Төлем көзінен дивидендтерге салық салынатын тәртіп болғандық-
тан, дивидендтердің есептелген сомасынан салықтың көлемін ше-
геруден кейінгі сомасы төлеуге жатады. Бұл жөнінде төмендегі жа-
зулар жазылады: 
а) есептелген салықтың сомасына:
Дт — № 3030 «Қатысушылардың дивидендтері және кірістері 
бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» және № 3350 
«Еңбекақы төлеу қысқа мерзімді берешек» шоттары;
Кт — № 3190 «Өзге салықтар» шотының «Бағалы қағаздар бойын-
ша табыстарға салықтар» субшоты.
ә) төленетін ақшалардың сомасына:


103
Дт — № 3030 «Қатысушылардың дивидендтері және кірістері 
бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» және № 3350 
«Еңбекақы төлеу қысқа мерзімді берешек» шоттары;
Кт — 1010, 1040 «Касса және есеп айырысу шотындағы ақшалар» 
шоттары.
Жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу, тиісті жыл үшін 
купондарды кесіп алу жолымен акция табысын алушының оны 
нақты көрсетуінен соң жасалады. Бұл дивидендтер төлемінің 
уақытын ұзартады. Акционерлік қоғам өзінің ақша салушыларына 
дивидендтер төлеуді банкіге тапсыруы мүмкін. Бұл жағдайда 
дивидендтердің ақша салушыларға тиесілі қаражаты банкіде жеке 
шотқа аударылып, бұл № 423 «Банктердегі арнаулы шоттардағы 
ақшалар» шотында есепке алынады:
Дт — № 423 «Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар» шоты;
Кт — 1010, 1040 «Касса және есеп айырысу шотындағы ақшалар» 
шоттары.
Төленген дивидендтердің көлемі туралы банктің растауын алған 
соң, бухгалтерлік есепте мынадай жазу жазылады:
Дт — № 3030 «Қатысушылардың дивидендтері және кірістері 
бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» және № 3350 
«Еңбекақы төлеу қысқа мерзімді берешек» шоттары;
Кт — № 1070 «Банктердегі арнайы шоттардағы ақша қаражат-
тары» шоты.
Дивидендтер төлеу бойынша банктің қызметтері үшін төмендегі 
жазу жазылады:
Дт — № 7210 «Әкімшілік шығыстар» шоты;
Кт — № 1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша 
қаражаттары» шоты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет