Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет68/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

Қайталау үшін сұрақтар:
1. Акциялардың сатып алу бағасы қалай есептеледі?
2. Акция сатып алумен байланысты операцияларды шоттарда 
жазудың тәртібі қандай?
3. Акцияларды бөлшектеп төлеу бойынша олардың құнының 
есебі қалай жүргізіледі?
4. Дивидендтер қай шоттарда есепке алынады?
55. Борыш міндеттемелері бойынша жүргізілетін 
операциялардың есебі
Борыштық бағалы қағаздардың (облигациялардың, депозиттік 
сертификаттардың, вексельдердің және т.б.) бухгалтерлік есебі үшін 


107
№ 1150 «Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» және 2040 
«Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер» синтетикалық шоттары 
қолданылады. 
Борыштық міндеттемелер оларды сатып алуға жұмсалған нақты 
шығындар бойынша кіріске алынады. Олардың құрамы акцияларды 
сатып алу кезіндегі нақты шығындардың құрамына ұқсас. Борыштық 
міндеттемелердің номиналды құны олардың өте маңызды құрамдас 
бөлігі болып саналады.
Егер бастапқы (баланстық) құн номиналды бағадан жоғары болса, 
онда олардың арасындағы айырма шығыс етіледі, төмен болған 
жағдайда — қосып есептеледі. Жабу мерзімі бір жылға дейінгі 
бағалы қағаздар бойынша бұл операция оларды кәсіпорынның 
балансынан шығыс етумен бір мезгілде жасалады.
Бір жылдан астам мерзімге алынған облигациялар бойынша 
бастапқы құнның түзетілуі олардың № 1150, 2040 шоттар бойынша 
бастапқы (баланстық) құны облигацияларды жабу (өтеп алу) мез-
гіліне номиналды бағасына сәйкес келуіне негізделіп жасалады.
Бастапқы құн мен номиналды бағаның арасындағы айырманы 
шығыс ету немесе қосып есептеу кәсіпорынға тиесілі облигациялар 
бойынша алынатын пайыздар есебінен жасалады.
Тиесілі табысты есептеу кезінде әрбір шығыс етілетін немесе 
қосып есептелетін бастапқы құн мен номиналды бағаның арасын-
дағы айырманың бөлігі айырмашылықтың жалпы сомасы мен 
облигациялар бойынша табысты белгіленген мерзімде төлеуге 
негізделіп анықталады. Айырманың бұл бөлігі төмендегі формула 
бойынша есептелуі мүмкін:
Б = (Бқ — Н) : (М х С)
Бұл жерде: Б — облигацияның бастапқы құны мен номиналды 
бағасының арасындағы айырманың бөлігі;
Бқ — облигацияның бастапқы құны, яғни бағалы қағазды сатып 
алу бойынша нақты шығындардың сомасы;
Н — облигацияның номиналды бағасы, яғни бағалы қағаздың 
бланкісінде белгіленген құн;
М — эмиссия күнінен бастап облигацияның иесі салынған ақша 
қаражаттарын талап етуге құқық алатын күнге дейінгі облигацияның 
айналым мерзімі;
С — жыл ішінде облигация бойынша табыс төлемінің саны.
Осы немесе басқа борыштық міндеттемелерді жауапкершілігіне 
алу кезінде бухгалтерлік есеп шоттарында төмендегі жазулар жа-
зылады: 


108
а) борыштық міндеттемелері үшін қаражаттар аудару кезінде:
Дт — № 3540б, 4430б «Борыштық міндеттемелермен операциялар 
жүргізу» субшоты;
Кт — № 1040, 1050 «Ағымдағы банктік және валюталық шот-
тардағы ақшалар» төлем түріне байланысты;
ә) сатып алу нақтылығы расталған кезде:
Дт — № 1150, 2040 «Қысқа және ұзақ мерзімді қаржы инвестиция-
лары»;
Кт — № 3540б, 4430б «Борыштық міндеттемелермен операциялар 
жүргізу» субшоты.
Егер облигациялар өсу пайыздарына сәйкес сатылса, онда 
пайыздарды төлеу күндерімен сәйкес келмейтін күндері оларды 
сатып алу кезінде сатушы мен сатып алушы өздерінің арасында тиісті 
соманы бөліп алуы тиіс. Сатушы сатып алушыға облигацияның 
нарықтық құнынан басқа, олардың соңғы төлемі кезінен бері өткен 
мерзімге тиесілі пайыздар төлейді. Пайыздарды төлеудің кезекті 
мерзімі келгенде алушы оларды толық пайыздық кезең үшін алады.
Алушының бухгалтерлік есебінде бұл операциялар төмендегіше 
бейнеленеді:
а) олардың соңғы төлемі кезінен бері өткен кезеңге тиесілі 
пайыздардың сомасы мен құнына қоса, облигацияның сатып 
алу құнына алынатын облигация үшін қаражаттардың аударылу 
кезінде:
Дт — № 3540с, 4430с «Сатып алу құнымен операциялар жүргізу» 
субшоты;
Кт — № 1040, 1050 «Ағымдағы банктік және валюталық шоттар-
дағы ақшалар» төлем түріне байланысты;
ә) облигация сатып алушының билігіне көшу кезінде:
Дт — № 1150, 2040 «Қысқа және ұзақ мерзімді қаржы ин-
вестициялары»
— № 1630, 2940 «Өзге қысқа және ұзақ мерзімді активтер» шоты 
бойынша оларды соңғы төлемі кезінен бері өткен кезеңге тиесілі 
пайыздар үшін жазылады;
Кт — № 3540с, 4430с «Сатып алу құнымен операциялар» суб-
шоты;
б) пайыздармен болатын кейінгі операциялар:
Дт — 3540с, 4430с «Сатып алу құнымен операциялар жүргізу» 
субшоты толық кезекті пайыздық кезеңге тиесілі пайыздар;
Кт — № 1630, 2940 «Өзге қысқа және ұзақ мерзімді активтер» 
шоты бойынша оларды соңғы төлемі кезінен бері өткен кезеңге 
тиесілі пайыздар үшін жазылады.


109
Борыштық міндеттемелер бойынша табыс (пайыз) алумен байла-
нысты бухгалтерлік есеп шоттарында қаралған жазулар бұдан 
бұрын қаралғандарға тіпті жақын. Егер борыш міндеттемелерінің 
бастапқы құны номиналды бағадан жоғары болса, онда кәсіпорынға 
тиесілі сыйақыны әрбір есептеу кезінде төмендегі жазу жазылады: 
Дт — № 3540 б «Борыштық міндеттемелермен операциялар 
жүргізу» субшоты, алуға тиесілі табыстың сомасына;
Кт — № 1150, 2040 «Қысқа және ұзақ мерзімді қаржы инвестиция-
лары» бастапқы құн мен номинады бағаның арасындағы айырманың 
бір бөлігіне, № 6110 шоты № 1150, 2040 шоттар мен № 3540 б, 4430 б 
субшотына апарылған сомалар арасындағы айырмаға.
Егер есептелген борыштық міндеттемелердің бастапқы құны 
олардың номиналды құнынан төмен болса, онда әрбір кәсіпорынға 
тиесілі пайыздар есептеу кезінде төмендегі жазу жазылады:
Дт — № 3540б, 4430б «Борыштық міндеттемелермен операциялар 
жүргізу» субшоты, алуға тиесілі табыстың сомасына;
Кт — № 1150, 2040 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» 
бастапқы құн мен номиналды бағаның арасындағы айырманың 
бір бөлігіне, № 6110 шоты № 1150, 2040 шоттар мен № 3540б, 4430б 
субшотына апарылған сомалар арасындағы айырмаға.
Бір жылдан кем мерзімге шығарылған борыштық міндеттемелер 
жағдайында жоғарыда келтірілген жазулар оларды жабумен бір 
мезгілде жазылады. Нәтижесінде бухгалтерлік есеп шоттарында 
жабу төмендегіше көрсетіледі: 
1) алынған борыштық міндеттемелердің номиналды құнына (егер 
пайыздар қарастырылған болса, онда олардың сомаларын қоса):
Дт — № 3540б, 4430б «Борыш міндеттемелері» субшоты;
Кт — № 6110 «Сыйақылар бойынша кірістер» шоты.
2) алынған борыштық міндеттемелердің нақты құнына:
Дт — № 7340 «Қаржыландыруға арналған басқа да шығыстар» 
шоты;
3) дисконттың сомасына (егер пайыздар қарастырылған болса, 
онда табыстардың сол түрінің сомасын қоса):
Дт — № 1220-1240 «Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдардың 
қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоттары;
Кт — № 6110 «Сыйақылар бойынша кірістер» шоты.
4) қаражаттардың алынған сомасына: 
Дт — № 1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалар» шоты;
Кт — № 3540б, 4430б «Борыштық міндеттемелер» субшоты.


110
Пайыздық купондар бойынша мерзімді төлемдер жасалатын 
табысты төлеу жабу мерзімі бір жылдан астам облигацияны сату 
кезінде пайыздық кезеңнің басталған күнінен облигацияны сату 
күнін қоса кезеңде есептелген пайыздар сомасы облигацияның 
сату бағасына оның құрамдас бөлігі ретінде енгізілуі мүмкін. Бұл 
пайыздар сомасы пайдалар мен залалдардың есебіне апарылады.
Бұл кезде мынадай жазулар жазылады:
Дт — № 1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалар» шоты 
өткізудің нақты бағасына;
Кт — № 1150, 2040 «Қысқа және ұзақ мерзімді қаржы инвести-
циялары» облигацияның бастапқы құнына.
№ 6110 «Сыйақылар бойынша кірістер» шоты пайыздардың 
сомасын қоспаған кездегі облигацияның нақты бағасы мен оның 
бастапқы құнының арасындағы айырма мен есептелген пайыз-
дарға.
Бұл жағдайда пайыздардың сомасы төмендегі формула бойынша 
есептеліп шығарылуы мүмкін:
П = (Н х Оп : 100) х (М : Ұ)
Бұл жерде: П — пайыздық кезеңнің басталған күнінен обли-
гацияны сату күнін қоса кезеңде есептелген пайыздар сомасы;
Н — облигацияның номиналды бағасы
Оп — облигация бойынша қарастырылған пайыздың мөлшері;
М — пайыздық кезеңнің басталған күнінен облигацияны сату 
күнін қоса кезеңнің мерзім ұзақтығы (күндер);
Ұ — ағымдағы пайыздық кезеңнің жалпы ұзақтығы.
Шетелдік валюталардағы борыштық бағалы қағаздармен опера-
циялар бойынша бағамдық айырмалар пайда болуы мүмкін. Олар 
№ 1150, 2040 «Қысқа және ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары» 
шоттары бойынша есепке алу күні мен бұл шоттарды есептен 
шығыс ету күніне бағалы қағаздардың ақшалай бағалануларының 
арасындағы айырма болып табылады. Алайда, бағамдық айырма тек 
бағалы қағаздың сатып алыну мен сатылуы бірдей валюталық баға 
бойынша жасалған жағдайда ғана байқалады. Басқа жағдайларда 
бағамдық айырма табыс немесе бағалы қағазды қайта сату 
операциясынан болған жоғалтулардың сомасында «батып кетеді». 
Бұл операциялардың қалыптасуы төмендегіше болады:
1) валютаға депозитті сертификат сатып алу (операцияны жүргізу 
күнінің бағасы бойынша):
Дт — № 1150, 2040 «Қысқа және ұзақ мерзімді қаржы инвести-
циялары» шоты;


111
Кт — № 1050 «Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша 
қаражаттары» шоты.
2) депозитті қайтару кезінде (қайтару күніне бағасы бойынша):
Дт — № 1050 «Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша 
қаражаттары» шоты;
Кт — № 1150, 2040 «Қысқа және ұзақ мерзімді қаржы инвестиция-
лары» шоты.
3) пайда болған бағамдық айырманың сомасына:
Дт — № 1150, 2040 «Қысқа және ұзақ мерзімді қаржы инвестиция-
лары» шоты;
Кт — № 7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар» шоты.
Акционерлік қоғамдардың басқа валюталарға айналу қабілеті 
бар (конвертирленген) облигацияларын сатып алып, кәсіпорын 
оларды белгілі кезеңде бұл қоғамның акцияларына айырбастау 
құқығын алады. Мұндай құқықты іске асыру бухгалтерлік есепте 
№ 1150, 2040 (тиісті субшоттар бойынша) шоттар бойынша ішкі 
жазулар жазылады. Бұл жағдайда бағалы қағаздардың баланстық 
бағалауының өзгерулері болуы мүмкін. Егер облигацияларды 
айырбастау нәтижесінде алынған акциялардың нарықтық бағасы 
сол облигациялардың баланстық құнынан төмен болса, акциялар 
нақты нарықтық құн бойынша есепке алынады, ал сол кезде 
облигациялардың баланстық құны мен акциялардың нарықтық 
бағасы арасындағы пайда болған айырма шегілген залал ретінде 
қаралып және № 5430 «Өткен жылдардағы пайда (залал)» шотына 
шығыс етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет