203
Дт Кт
Құжаттар
8048 2940 Есептер, бухгалтерлік анықтама
7210
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 7210, 8048) 1 типті
«Активті — активті»
операция орын алады, яғни баланстың
активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан үстеме, жалпы
және әкімшілік шығыстар көбейеді, екінші жағынан сол сомада
алдағы кезеңдердің шығыстары кемиді).
Бұл жағдай жазудың
дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кен орны бойынша объектіні пайдалануға
бергеннен соң, 2005 жылы желтоқсан айының 30 жұлдызындағы
объектіні пайдалануға берудің № 6 актісі мен есептеріне сәйкес,
38000000 теңге сомада кен-дайындау жұмыстары шығыс етіледі.
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
8048 — 2940 = 38000000 1 типті операция
А (+) А (-)
в) Берілген ұзақ мерзімді аванстарды жабу.
Бұл шаруашылық
операциялар № 4110 «Жеткізушілерге берілетін ұзақ мерзімді
берешек» пассивті шотында бейнеленеді. Проводка төмендегіше
болады:
Дт Кт Құжаттар
4110 — 2910
Салыстыру актілері,
шот-фактуралар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
пассивті шоттар орналасқан. Пассивті шот (№ 4110) орналасқан
кезде баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-
активті» операция орын алады (бір жағынан жеткізіп берушілерге
кредиторлық қарыздар, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға
берілген аванстар бойынша дебиторлық қарыздардың мөлшері
кемиді). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.