Бухгалтерлік есеп


Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектердің кемуі (жабылуы)



Pdf көрінісі
бет123/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектердің кемуі (жабылуы)
Аталмыш жағдайларда олар кредит бойынша өтеді. Бұл жерде біз 
дебиторлық қарыздың қайда шығыс етілуіне (бағытталуына) назар 
аударуымыз керек.
а) Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарыздарын 
жабу. Бұл шаруашылық операциялар №1040 «Ағымдағы банктік 
шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары» активті, №4410 «Алынған 
ұзақ мерзімді аванстар» пассивті шотында бейнеленеді. Проводка 
төмендегіше болады: 
Дт Кт Құжаттар
1040
4410 2110 Төлем тапсырмалары, салыстыру актісі,
жүкқұжаттар, келісім шарттар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті және 
пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1040) жайғасқан кезде 
1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың 
активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан ақша қаражаттары 
көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға сатып алушылардың деби-
торлық қарыздары кемиді).
Пассивті шот (№ 4410) жайғасқан кезде баланстың активі мен 
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады 
(бір жағынан алынған аванстар бойынша қарыздар кемиді, ал екінші 
жағынан бір мезгілде сол сомаға сатып алушылардың дебиторлық 
қарыздары жабылады). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорынға сатып алушылардан ағым-
дағы банктік шотына 2005 жылы қараша айының 18 жұлдызындағы 
№ 672 төлем тапсырмасына сәйкес, орындалған ұзақ мерзімді 
тапсырыс үшін 25000000 теңге сомада ақша келіп түсті.
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1040 — 2110 = 25000000 1 типті операция


201
А (+) А (-) 
2) кәсіпорында орындалған ұзақ мерзімді күрделі жұмыстар 
үшін алынған аванстар есебінен 2005 жылы қыркүйек айының 
30 жұлдызындағы № 962 Ф-2 үлгідегі анықтамасына сәйкес, 
28000000 теңге сомада құрылыс-құрастыру жұмыстарының кө-
лемі тапсырылды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше 
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4410 — 2110 = 28000000 4 типті операция
П (-) А (-)
ә) Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдар мен бірлесіп бақыла-
натын заңды тұлғалар қарыздарының жабылуы. Бұл шаруашылық 
операциялар № 1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша 
қаражаттары» активті, № 4120—4140 «Еншілес (қауымдастырылған) 
ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», № 4410 «Алынған 
ұзақ мерзімді аванстар» пассивті шоттарында бейнеленеді. Проводка 
төмендегіше болады: 
Дт Кт Құжаттар
1040
4120 2120—2140 Төлем тапсырмалары, салыстыру 
4410 актісі, жүкқұжаттар, 
шот-фактуралар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті және 
пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1040) орналасқан кезде 
1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни, баланстың 
активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан ақша қаражаттары 
көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға еншілес (бағынышты) 
ұйымдардың дебиторлық қарыздары кемиді).
Пассивті шот (№ 4120, 4410) орналасқан кезде баланстың активі 
мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын 
алады (бір жағынан еншілес (бағынышты) ұйымдардың және 
алынған аванстар бойынша қарыздар кемиді, ал екінші жағынан бір 
мезгілде сол сомаға еншілес (бағынышты) ұйымдардың дебиторлық 


202
қарыздары жабылады). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет