216
алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт
Сома Ескерту
1317 — 3310 = 1000000 3
типті операция
А (+) П (+)
2) құрылыс материалдары келіп түсуінің нәтижесінде сол шот-
фактураға сәйкес, 150000 теңге мөлшерде өтелуге тиіс ҚҚС-ның
сомасы пайда болды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1420 — 3310 = 150000 3 типті операция
А (+) П (+)
3) су шаруашылығы мекемесінен мақтаны суару үшін
пайдаланған суға 2005 жылы шілде айының 30 жұлдызындағы №
168 шот-фактурасына сәйкес, 160000 теңге сомада шот алынды. Бұл
жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
8011 — 3310 = 160000 3 типті операция
А (+) П (+)
д) Басқа кредиторлық берешектерді есептеуден. Бұл операциялар
№ 33 «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» бөлімшесі шоттарының
кредиті бойынша бейнеленеді. Кредиторлық қарыздардың есеп-
телуі өзіндік құнға, жалпы және
әкімшілік шығыстар немесе
калькуляциялық шоттарға апарылатындықтан, сондай-ақ пер-
соналдың еңбекақысынан ұсталатындықтан, шаруашылық операция
№ 3220, 3350, 3380, 3390 шоттардың кредитінен төмендегі шоттардың
дебетіне жасалады:
Дт Кт Құжаттар
3350, 7010, 7210 3350, 3380,
Еңбекақыны, сыйақыларды
7310, 8012, 8013, 3220, 3390 есептеу және МСИ-ның
217
декларациялары бойынша
есептер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 7010, 7210,
7310, 8012, 8013) орналасқан кезде баланстың
активі мен пассиві
көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір
жағынан кәсіпорынның шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде
сол сомаға оның кредиторлық қарыздары көбейеді.
Пассивті шот (№ 3350) орналасқан кезде баланстың пассивінде тек
қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын
алады. Бір жағынан кәсіпорынның еңбекақы бойынша кредиторлық
қарыздарының көлемі кемиді, ал екінші
жағынан бір мезгілде сол
сомаға оның кредиторлық қарыздары көбейеді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: