Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет43/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

Қайталау үшін сұрақтар:
1. Еңбекақы максималды мөлшерлермен шектеле ме?
2. Еңбекақы төлеудің қандай түрлері бар?
3. Негізгі еңбекақы деген не?
4. Қосымша еңбекақы деген не?
5. Коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері қосымша 
еңбекақыға құқылы ма және қандай жағдайларда?
33. Еңбекақының аналитикалық есебі
Бет есептер. Есептеу-төлем ведомосы
Қызметкерлер құрамының есебін кадрлар бөлімі немесе арнайы 
тағайындалған адам жүргізеді. Әрбір жұмысқа қабылданған 
(тұрақты, уақытша, маусымды түрде) адамға жеке карточка 
толтырылады және оған өзінің табельді нөмірі беріледі. Кәсіпорын 
басшысының бұйрықтары немесе ұйғарымдары негізінде бухгалтер 
әрбір қызметкерге бет есеп ашады. Онда қызметкердің анықтама 
мәліметтері көрсетіледі және есептелген сомалар мен ұсталымдар 
туралы барлық мағлұматтар жинақталады.
Жұмыс уақытының есебі белгіленген үлгідегі жұмыс уақытын 
пайдалану табельдерінде жүргізіледі. 
Есептелген сомалар мен ұсталымдар туралы мәліметтер бет 
есептен барлық қызметкерлер бойынша қосылатын белгіленген 
үлгідегі есептеу-төлем ведомостарына көшіріледі.
Бұл ведомостың негізінде синтетикалық есепте № 3350 «Еңбекақы 
төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шотында, кредит бойынша 
— есептелген сомалар, дебет бойынша — кассадан қолма-қол ақша 
беру, табыс салығын ұстау, еңбекақыны заттай түрде беру, басқа 
ұсталымдар және т.б. бейнеленеді.


71
Бұл ведомость бойынша басшы мен бас бухгалтердің қолтаң-
балары қойылғаннан соң, берілуге тиіс барлық сомада шығыс кас-
салық ордер толтырылып, еңбекақы беріледі. Кәсіпорында жұмыс 
істемейтін тұлғалар еңбекақы алу кезінде төлқұжат немесе оның 
жеке басын куәландыратын басқа құжат көрсетуі тиіс.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Бет есеп не үшін керек?
2. Еңбекақы беруге есептеу-төлем ведомосы аналитикалық есепте 
қандай рөл атқарады?
3. Есептеу-төлем ведомосынан № 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша 
қысқа мерзімді берешек» шотына қандай мәліметтер көшіріледі?
4. Есептеу-төлем ведомосына кімдер қолтаңбасын қояды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет