Бухгалтерлік есеп


Еңбекақыдан ұсталымдардың түрлері



Pdf көрінісі
бет44/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

34. Еңбекақыдан ұсталымдардың түрлері.
Жеке тұлғалардан табыс салығын ұстау тәртібі
Есептелген еңбекақыдан әртүрлі ұсталымдар мен шегерулер 
жасалады: табыс салығы, алдын ала берілген ақшалар, кәсіпорын 
қызметкерінің келтірген материалдық зиянының орнын толтыру, 
еңбекақы есебінен босатылған тауарлар үшін және орындау 
қағаздары бойынша ұсталымдар мен т.б.
Табыс салығы Қазақстан Республикасының «Салық және бюд-
жетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 
маусымдағы № 209-II кодексі (Салық кодексі) бойынша (соңынан 
келетін өзгерістер мен қосымшаларын қоса) ұсталады.
Егер ол бұрын айлық табыстардан есептелген болса, енді 
бір жылда алынған жиынтық табысына негізделіп, есептеледі. 
Бухгалтер ай сайын табыс салығын ұстап, оны бюжетке аударады, 
ал келесі жылдың басында (1 сәуірден кеш қалмай) барлық төлемдер 
туралы мәліметтерді кәсіпорынның орналасқан жері бойынша салық 
инспекциясына тапсырады.
ҚР Жеке тұлғалардан табыс салығы туралы (соңынан келетін 
өзгерістер мен қосымшаларын қоса) заңында бірқатар жеңілдіктер 
қарастырылған. Атап айтқанда, штаттағы қызметкерлердің салық 
салынатын мөлшерінен бір айлық есептік көрсеткіші шегеріледі, 
ал оның асырауында 1, 2 және одан көп балалары болса, онда 
соған сәйкес айлық есептік көрсеткіштердің саны қоса шегеріледі. 
Штаттан тыс қызметкерлер (мысалы, мердігерлік келісімдері 


72
бойынша жұмыс істейтін) өздерінің негізгі емес жұмыс орнында 
мұндай жеңілдіктерді қолданбайды. 
Әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету 
бойынша жәрдемақылардан (уақытша еңбекке жарамсыздық бойын-
ша жәрдемақылардан басқа), зейнетақыдан, табиғи апаттар мен 
төтенше жағдайларға байланысты кәсіпорын тарапынан берілетін 
материалдық жәрдем сомаларынан, қызметтен босарда алатын 
жәрдемнен, іссапар шығыстарынан және төлемдердің кейбір басқа 
түрлерінен табыс салығы ұсталмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет