Бейне дәріске сілтеме: http://history-of-informatics.tilda.ws/theme8.
Жаңа сабақтың басталуы:
Қоғамды ақпараттандыру бағдарламасы туралы білесіз бе?
STEAM оқыту туралы не білесіз?
Цифрландыру бағдарламасы қалай жүзеге асырылды?
Студенттердің жауабы:
Сабақты пысықтау: Төменде берілген ментальды картаны толтырыңыз. Картаны тақырыпқа байланысты толтырып, қалауыңызша өзгертуге болады. https://www.mindmeister.com/ru/map/2164465886?t=5LYMeAPSIa (20-сурет).
Сурет 20 – Ақпараттардыру және цифрландыру тақырыбындағы
ментальды карта
Семинар сабақ тақырыбы: Қоғамды ақпараттандыру және цифрландыру. Қоғамды ақпараттандыру. Робототехника. STEAM оқыту. Цифрландыру
Деңгейлік тапсырмалар:
– 1 деңгей – 50-69;
– 2 деңгей – 70-89;
– 3 деңгей – 90-100.
1 деңгей тапсырмалары:
Берілген тақырып бойынша реферат дайындау. Реферат көлемі 6-7 бет: оған мұқаба беті, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдібиеттер кіреді. Рефератқа жазылған мәлімет нақты, анық, жүйелі болуы шарт. Рефератты тексеру барысында материалдың мазмұны, стильдік сауаттылығы ескеріледі. Рәсімдеуге келесідей талаптар қойылады: MS Word, қаріп 14, азат жол 1,25, жол аралық интервал 1, қажетінше Ж, К, Ч пайдалануға болады.
Реферат тақырыбына сәйкес презентация дайындау. Презентация көлемі 6-7 бет, реферат мазмұнына сәйкес болуы қажет. Презентацияны Google Slides, Prezi, Zoho Show, PowToon программаларын пайдаланып жасауға болады (21-сурет).
Сурет 21 – Google slides парақшасы
Берілген тақырып бойынша білім алушыларға арналған тапсырма құру. Тапсырма құру барысында тақырыптың толық ашылуын, мәлімет толықтығын, нақтылығын ескеру қажет. Тапсырмаларды Google Slides, Prezi, Zoho Show, PowToon, Canva, MS Office, wordwall, Xmaind, Tilda, Timeline, т.с.с. бағдарламаларды пайдалануға болады.
2 деңгей тапсырмалары:
Берілген тақырып бойынша реферат дайындау. Реферат көлемі 6-7 бет: оған мұқаба беті, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдeбиеттер кіреді. Рефератқа жазылған мәлімет нақты, анық, жүйелі болуы шарт. Рефератты тексеру барысында материалдың мазмұны, стильдік сауаттылығы ескеріледі. Рәсімдеуге келесідей талаптар қойылады: MS Word, қаріп 14, азат жол 1,25, жол аралық интервал 1, қажетінше Ж, К, Ч пайдалануға болады.
Реферат тақырыбына сәйкес презентация дайындау. Презентация көлемі 6-7 бет, реферат мазмұнына сәйкес болуы қажет. Презентацияны Google Slides, Prezi, Zoho Show, PowToon программаларын пайдаланып жасауға болады (22-сурет).
Берілген тақырып бойынша білім алушыларға арналған тапсырма құру. Тапсырма құру барысында тақырыпты, тақырыптың толық ашылуын, мәлімет толықтығын, нақтылығын ескеру қажет. Тапсырмаларды Google Slides, Prezi, Zoho Show, PowToon, Canva, MS Office, wordwall, Xmaind, Tilda, Timeline, т.с.с. бағдарламаларды пайдалануға болады (23-сурет).
Берілген тақырыптар бойынша ментальды карта құру, ол үшін Сanva, Wordwall, Xmaind, т.с.с бағдарламаларды пайдалануға болады. Мысалға төмендегі ментальды картамен танысыңыз (24-сурет).
Сурет 22 – Powtoon қосымшасы
Сурет 23 – Мектеп информатикасы ментальды картасы
Сурет 24 – Ақпараттандыру ментальды картасы
3 деңгей тапсырмалары:
Берілген тақырып бойынша эссе жазу. Эссенің көлемі 1 бет, 250-300 сөзден аспауы керек. Тақырып айқын және түсінікті болуы, қысқаша және түсінікті жазылуы, артық ештеңе болмауы, идеяңызды ашуға қажетті ақпараттарды ғана қамтуы, композициялық құрылымға ие болуы, логикалық, құрылымы айқын болуы, әр абзацында тек бір ғана негізгі ой болуы, тақырып бойынша айтылған ұстанымға сенімді дәлелдер болуы қажет. Эссе құрылымы: кіріспе – эссенің негізгі сұрағын, өзектілігін анықтау, негізгі бөлім – қойылған сұрақтың жауабы, қорытынды – жасалған қосымшалардың қорытындысы және эссе сұрағына соңғы жауап.
Берілген тақырып бойынша реферат дайындау. Реферат көлемі 6-7 бет: оған мұқаба беті, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер кіреді. Рефератқа жазылған мәлімет нақты, анық, жүйелі болуы шарт. Рефератты тексеру барысында материалдың мазмұны, стильдік сауаттылығы ескеріледі. Рәсімдеуге келесідей талаптар қойылады: MS Word, қаріп 14, азат жол 1.25, жол аралық интервал 1, қажетінше Ж, К, Ч пайдалануға болады.
Реферат тақырыбына сәйкес презентация дайындау. Презентация көлемі 6-7 бет, реферат мазмұнына сәйкес болуы қажет. Презентацияны Google Slides, Prezi, Zoho Show, PowToon программаларын пайдаланып жасауға болады.
Берілген тақырып бойынша білім алушыларға арналған тапсырма құру. Тапсырма құру барысында тақырыпты, тақырыптың толық ашылуын, мәлімет толықтығын, нақтылығын ескеру қажет. Тапсырмаларды Google Slides, Prezi, Zoho Show, PowToon, Canva, MS Office, wordwall, Xmaind, Tilda, Timeline, т.с.с. бағдарламаларды пайдалануға болады.
Берілген тақырыптар бойынша ментальды карта құру, ол үшін Саnva, Wordwall, Xmaind, т.с.с бағдарламаларды пайдалануға болады. Мысалға төмендегі ментальды картамен танысыңыз (25-сурет).
Сурет 25 – Білім беруді ақпараттандыру ментальды картасы
«Информатика тарихы» курсының жаңартылған мазмұны бойынша барлығы 8 тақырыпта осындай төңкерілген сабақтар жасалды. Барлық тақырыптар бойынша бейне сабақ, дәріс материалы, қарастырылатын сұрақтар, пысықтауға арналған уақыт ленталары мен ментальды карталар, семинар сабақтарының деңгейлік тапсырмалары жасалған. Олармен электронды оқулықта танысуға болады.
Информатика тарихы курсын төңкерілген оқыту ресурсын пайдаланып ұсынылған әдістеме болашақ информатика мұғалімдерінің тек тарихи-ақпараттық құзыреттіліктерін ғана жетілдіре қоймай, сонымен қатар өз мамандықтарын терең түсінуге, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, информатиканы қалыптастыруға атсалысқан ғалымдар өмірімен, информатиканың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы ойлардың қалыптасуын қамтамасыз ететіні сөзсіз.
Зерттеу жұмысының гипотезасы мен міндеттеріне сәйкес үш кезеңнен тұратын педагогикалық эксперимент жоспары жасалды. Нақтырақ кезеңдерге тоқталып өтейік.
Достарыңызбен бөлісу: |