Бул ұлпа мен периодонт кабынуы кезіндегі жергілікті патологиялық үрдіске ұшырайтын тіндердің жиынтығы. Дәлелдеп айтқанда ол ұлпа және қуыс қабырғасын құрайтын дентин


Ауыз қуысының анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері



бет13/90
Дата25.12.2023
өлшемі0.77 Mb.
#487940
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   90
эндо

2.1.2 Ауыз қуысының анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері.
Ауыз қуысының анатомиясы. Ауыз қуысы (саvitаs оrіs) –ас қорыту трактысының бастапқы бөлігі.Алдыңғы жағынан ерін, оң және сол жағында ұрт, төменде, жоғарыда қатты және жұмсақ таңдай, ауыз қуысының табаны мен шекараласады.Ауыз қуысының кіре-берісі- бастапқы бөлігі кеңістік және алдыңғы жағынан ерін,оң және сол жағында ұрт, артында жоғары және төменгі жақтағы тістермен шектеледі.Жоғары жақтағы екінші азу тіс тұсынан құлақ маңындағы сілекей безі ашылады.Ауыз қуысының меншікті бөлігі-ауыз қуысының кіре-берісімен, алдыңғы жағынан тістермен, артында жұмсақ таңдай, жанында- ұртпен шектеледі.Ауыз қуысының шырышты қабаты- көп қабатты жалпақ эпителииден, базалды мембранадан,меншікті кілегей қабатынан, кілегей асты қабатынан тұрады. Көп қабатты жалпақ эпителии қалыңдығы біркелкі емес,қатты таңдай және тілде қызыл иекте қалың болып келеді.Ерін мен ұртта – меншікті кілегей қабаты қалыңдау, ауыз қуысының табаны мен өтпелі қатпарда- кілегей асты қабаты қалыңдау болып келеді.Көп қабатты жалпақ эпителий –мүйізгектенетін ( қатты таңдай,тіл, қызыл иек) және мүйізгентенбейтін (жұмсақ таңдай,қызыл иек сайы эпителиі, ауыз қуысының табаны,тілдің ішкі беті,ерін) болып бөлінеді.Көп қабатты жалпақ эпителий мен меншікті кілегей қабаты аралығында , базалды жарғақ бар. Ол – аргирофильді жұқа талшықтардан тұрады. Көп қабатты мүйізгектенетін жалпақ эпителий – базальды және ростковые қабаттан тұрады.Дәнді және мүйізді қабаттар бар. Көп қабатты жалпақ мүйізгектенбейтінэпителий қабатында дәнді және мүйізді қабаттар болмайды. Ауыз қуысының меншікті қабаты нерв байламдары , қан тамырлары, лимфа түйіндер орналасқан. Ауыз қуысының меншікті қабаты дәнекер тіннен және клетка аралық заттардан және кеткалық құрылынан тұрады. Ауыз қуысының кілегей асты қабатында- ауыз қуысының табаны, ерін мен қрттың өтпелі қатпары,борпылдақ дәнекер тін және майда сілекей, май,бездері,(Фордайса ), қыл тамырлар орналасқан.
2.1.3 Ұлпа қабынуы туралы түсінік..
Ұлпа қабынуының әртүрлі клиникалық белгілерін белгілі бір жүйеге келтіру көптеген ғалымдарды ынталандырған және көбіне клиникалық, морфологиялық (патологоанатомиялық) белгілеріне негізделген, немесе оларды бірге негізге ала отырып жасалған жүйелер ұсынылған.
Ұлпа қабынуының себептері (этиология пульпита).
Ұлпадағы қабыну үрдістері көбінесе тісжегі қуысы арқылы ықпал ететін әртүрлі тітіркендіргіштердің әсерінен дамиды. Олардың ішінде ең бірінші орында микроорганизмдер мен олардың уыттары, дентиндегі органикалық заттың ыдырауынан тұратын зиянды заттар тұр.
Тітіркендіруші факторларға химиялық әсерлерді (әртүрлі тамақтар құрамындағы заттар, олардың қалдықтарының тісжегі қуысында ыдырауынан пайда болатын қышқылдар, пломбылық материалдардың құрамындағы зиянды ингредиенттер), механикалық және температуралық әсерлерді жатқызуға болады.
Микроорганизмдер ұлпаға тісжегі қуысынан көбіне дентин түтікшелері арқылы өтеді. Сонымен қатар қан және лимфа тамырлары арқылы да (жедел жұқпалы аурулар, сепсис кезінде) өтуі мүмкін. Кейбір жағдайларда ретроградтық жолмен немесе кері жолмен (пародонтальдық қалталар аймағында түбір бетіндегі цементтің ыдырауы кезінде беті ашылған дентин өзекшелері арқылы, ал қалталар тереңдеген кезде өзек тармақтарының немесе түбір ұшы тесіктері арқылы) де түсуі мүмкін.
Көптеген ғалымдардың ұйғаруынша, ұлпа қабынуын туындатушылар – гемолиздеуші және гемолиздмеуші стрептококктар болып саналады. Дегенмен де қабыну кезінде ұлпада диплококтар, стафилококтар, грам оң таяқшалар, лактобациллалар, саңырауқұлақтар да анықталған.
Ұлпа қабынуы кезінде В.П.Бережной (1985) 19 түрлі микроорганизмдерді анықтаған: стафилококктар (алтынға ұқсас, ақ, сары), стрептококтар (гемолиздеуші, жасылданатын, гемолиздемеуші), ішек таяқшалары, тетракоктар, Candida типті саңырауқұлақтар, микрококтар, стрептобациллалар, сарциналар, актиномицеттер, дифтероидтар, көкшілірінді таяқшалар (синегнойные палочки), диплобациллалар, диплококтар.
Механикалық және температуралық әсерлердің ықпалы тісжегі қуысына түскен қатты тағам түйірлеріне, қабылдаған астың жоғарғы және төменгі температурасына байланысты болады. Сонымен қатар тісжегі қуысын егеп-тазалағанда, тісті жасанды сауыт кигізуге дайындағанда, емдеу шараларын дұрыс жүргізбеу ұлпаның әртүрлі зақымдануына әкеп соғады. Ұлпаға әсерін тигізетін тағы да бір химиялық факторлар – асқынбаған тісжегіні емдеген кезде тісжегі қуысын ұлпаны қатты тітіркендіретін дәрілермен (спирт, эфир, жоғары концентрациялы антисептиктер) өңдеу.
Біраз ғалымдар ұлпа қабынуының дамуында аллергиялық факторлардың (дәрілердің, микробтық аллергендердің) орнын да атап көрсетеді. Сонымен қатар ұлпада әртүрлі жағдайларда пайда болатын жаңа құрылымдар (дентиклдер мен петрификаттар) тіс қуысында біртіндеп қалыптасып, нерв ұштарын тітіркендіріп, қан тамырларына қысым түсіре отырып, қан айналысын нашарлатып, дистрофиялық өзгерістер туындатуы да мүмкін. Бірақ мұндай өзгерістерді тек таза қабыну үрдісіне жатқызуға болмайды.
Ұлпаның қабынуының клиникасы.
Жалпы белгілері.
Ұлпа қабынулары кезінде басқа ағзалар қабынуы кезіндегідей белгілер: ісіну (припухлость), домбығу (отек), ауыру сезімі (боль), қызару (краснота- гиперемия), қызметінің бұзылуы (нарушение функции) байқалады (2-сурет).
Ұлпа өзі тар және жабық кеңістікте (тіс қуысында) орналасқандықтан жоғарыдағы аталған қабыну белгілерінің бәрін көріп-білу мүмкіндігі жоқ. Сондықтан қабынудың түрін анықтау үшін ауыру сезімдерін дұрыс анықтай отырып, объективтік көріністерін негізге алған жөн.
Ұлпаның жедел қабынулары кезінде ауыру сезімі өз бетімен ешбір себепсіз дамиды (самопроизвольная боль). Ауыру сезімі қабыну кезіндегі қан тамырларының кеңеюі, қанның ұлпадан кері ағуының қиындауы, жалқықтың жиналып, ұлпаға қысымның артуы, ыдыраған тіндерден бөлінген уытты заттардың нерв ұштарын тітіркендіруі әсерінен туындайды.
Ұлпа қабынуының алғашқы сатысында ауыру сезімі азғана уақытқа созылады, ал ауыруаралық уақыт (межболевой период) барынша ұзақ болады. Қабыну үрдісінің біртіндеп жайылуына байланысты ауыру уақыты ұзарып, ауыруаралық уақыт қысқара бастайды.
Ұлпа қабынуының тағы бір ерекшелік белгісі – ауыру сезімінің түн кезінде көбірек мазалауы.
Түн кезінде адам көбінесе тік жүрмей, жататын болғандықтан, кейбір авторлар ауыру сезімінің күшеюін ұлпаға қанның көбірек келуімен байланыстырады. Ал енді басқа авторлар мұны ми қыртысының түнде және күндіз әртүрлі жағдайда болуымен, парасимпатикалық нерв жүйесінің (кезеген нервтің – n. vagus ) түндегі қызметі симпатикалық нерв жүйесінің қызметінен басым болатындығымен байланыстырады.
Платонов Е.Е. (1968) ұлпаның қабынуы кезінде түнде ауыру сезімінің күшеюін түн кезінде қан айналымының баялауы нәтижесінде ұлпадағы қанның кері қайтуының тежеліп, зат алмасуынан шыққан зиянды заттардың жиналуымен түсіндіреді.
Ұлпа қабынуына тән тағы бір клиникалық белгі – ауыру сезімінің әртүрлі тітіркендіргіш әсерлерден (механикалық, температуралық, химиялық) туындауы немесе күшеюі және әсер тоқтағаннан кейін де біраз уақытқа созылуы.
Ұлпа қабынуы кезінде ауыру сезімі өте әлсіз тітіркендіргіштер әсерінен де дамиды. Егер қалыпты ұлпа 50-52ºС температураны жылы, ал 17-22ºС температураны суық ретінде қабылдаса, қабынған ұлпа аздаған температуралық ауытқуларға жауап береді және 28-30ºС температурадағы сумен әсер еткенде ауыру сезімі пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет