2.2.5.тісжегі қуыстарын блек бойынша жіктелуі.
Тісжегі (Caries-костоеда) дегеніміз тістердің қатты тіндерінің минералды заттарының қышқылда еріп,органикалық заттарының ферментер әсерінен ыдырап,тіске әртүрлі ақаулардың тісжегі қуысы панда болуымен сипатталатын патологиялық үрдіс.
Тісжегі қуыстарының Блэк (1984) жүйесі бойынша 5 класын ажыратады І класс – барлық тістердің табиғи стайлеры мен ойықтарында орналасқан тісжегі қуыстары; ІІ класс – үлкен және кіші азу тістердің жанасу беттирінде орналасқан тісжегі қуыстары; ІІІ класс – алдыңғы жақтағы тістердің жанасу бетінде орналасқан тісжегі қуыстары; IV класс – алдыңғы тістердің жанасу бетінде олардың тістеу бұрыштары мен тістеу қырларын бұза орналасқан тісжегі қуыстары; V класс – барлық тістердің мойын бөліктерінде орналасқан тісжегі қуыстары.
Тісжегі қуыстарының Блек ұсынған жүйесі
Тісжегі қуыстарын өңдеудің негізгі қағидалары;бұзылған тіндерді мүмкіндігінше толық алу;бұзылмаған тіндерін барынша сақтау. Тісжегі қуысын егеп-тазалаудың негізгі мақсаты-тісжегі нәтижесінде бұзылған тістердің қатты тіндерін алып тастау және пломбы қоюға дайындау.
Тісжегі қуыстарын егеп-тазалаудың негізгі кезеңдері: 1) тісжегі қуысының аузын ашу және кеңейту; 2) ыдыраған және жұмсарған дентінді алу немесе некроэктомиялау; 3) тісжегі қуысына қажетті пішін беру; 4) тісжегі қуысы жиегін немесе кіреуке қабатын өңдеу.
I-кластық тістегі қуыстарының пішіндерін әртүрлі етіп қалыптастырады:төртбұрышты,кубқа,цилиндрге,т рапецияға, үшбұрышқа ұқсас. II-кластық тісте қуысын төртбұрышты етіп қалыптастырады. Қажет бокса,тістің шайнау бетіне шығарып қосымша алаң жасайды. III-кластық тісжегі қуыстарына үшбұрыш пішін береді.Қажет бокса,тістің ауыз жақ бетіне шығарып,осы бетти қосымша алаң жасайды. IV-кластық тісжегі қуысына үшбұрыш пішін беріп,қосымша алаңды тістеу қырында,ауыз жақ бетінде қалыптастырады.Тістің ерін-жақ беті бұзылса,қуысты ерін-жақ бетіне шығарып егеп- тазалайды.
Егеп тазаланған І-кластық тісжегі қуыстары а- тістің шайнау бетінде б- бүйір күрек тістің тұйық тесігінде; в- төменгі үлкен азу тістің ұрт жақ бетінде; г- төменгі үлкен азу тістің шайнау және ұрт жақ бетіндегі қуыстар біріктіріле егеп тазаланған; I-кластық тістегі қуыстарының пішіндерін әртүрлі етіп қалыптастырады:төртбұрышты, кубқа,цилиндрге,трапецияға, үшбұрышқа ұқсас.
Егеп тазаланған ІІ-кластық тісжегі қуыстары а- тісжегі қуысының орналасуы; б- егеп-тазалау кезеңі; в- егеп-тазаланған қуыстың пішіні II-кластық тісте қуысын төртбұрышты етіп қалыптастырады. Қажет бокса,тістің шайнау бетіне шығарып қосымша алаң жасайды.
Егеп тазаланған ІІІ –кластық тісжегі қуыстарының көрінісі а- жанасу беті жарақаттанған кезде; б- жанасу және тіл жақ беттирі жарақаттанған; в- жанасу,тіл жақ және ерін жақ беттирі жарақаттанған кезде. III-кластық тісжегі қуыстарына үшбұрыш пішін береді.Қажет бокса,тістің ауыз жақ бетіне шығарып,осы бетти қосымша алаң жасайды.
Кіші азу тістің жанасу және шайнау беттирі қатар жарақаттанған кезде тісжегі қуыстарын егеп-тазалау а- тісжегі қуысының орналасуы; б- тісжегі қуысын егеп- тазалау; в- егеп тазаланған тісжегі қуысы
ІV –кластық тісжегі қуысының орналасуы және егеп тазаланғаннан кейінгі қуыстардың көрінісі а- тісжегі қуысының орналасуы; б,в- егеп тазаланған тісжегі қуысы IV-кластық тісжегі қуысына үшбұрыш пішін беріп,қосымша алаңды тістеу қырында,ауыз жақ бетінде қалыптастырады.Тістің ерін- жақ беті бұзылса,қуысты ерін-жақ бетіне шығарып егеп-тазалайды.
V –кластық тісжегі қуысының орналасуы және егеп тазаланғаннан кейінгі көрінісі а- тісжегі қуысының орналасуы; б - егеп тазаланған тісжегі қуысы V-кластық тісжегі қуысына cопақ немесе жарты ай пішінін беріп егеп- тазалайды.
Табаны деп тісжегі қуысының тіс ұлпасына қараған қабырғасын айтады және ол тегіс болуы керек. Қабырғалар мен табань арасындағы бұрыштар тік болуы керек. Тісжегі қуысының жиегі тегіс болуы керек.
Тісжегі қуысын егеп-тазалау турбиналық ұштықтың көмегімен су шоғыры қосылған жағдайда орындалады.Су берілмеген жағдайда тістің қатты тіндері қызып кетеді,алмасты бор тез істен шығып ұштық оңай бұзылады.
Тісжегі қуысын барлық қағидаларды сақтап егеп-тазалағанның өзінде,қосымша әрекеттерді қажет ететін екі жағдай туындайды. Жұмсарған және пигменттелген дентинді егеп-тазалау барысында дентин өзекшелері ашылып,дентин сұйығы (дентинная жидкость) тісжегі қуысына қарай аға бастарды.Бұл композитті материалдың дентинге жабысуын нашарлатады. Егеп-тазалағаннан кейін қуыс қабырғаларында дентин үгінділері,сынықтары,микроорганизмдер клетка лары,температура әсерінен еріген майлар қалады және бұл қабатты «майланған қабат» («смазанный слой» -Smeer layer) деп атайды.Бұл қабат композиттің дентинге жабысуын нашарлатады.
Достарыңызбен бөлісу: |