2.2.3) Тұрақта пломбылық материялдардың жіктелуі.
Пломбылау дегеніміз тісжегіні егеп-тазалап емдеудің соңғы кезеңі тісжегі қуысын бітеп,тістің анатомиялық пішіні мен қызметін қалпына келтіруге арналған шараға жатады.Пломбылық материалдар жүйесі:Уақытша пломбылық материалдар Тұрақты пломбылық материалдарЕмдік төсемдерге арналған Түбір өзектерін пломбылауға арналған Адгезивтер ГерметиктерУақытша пломбылық материалдар Уақытша пломбылық материалдар тісжегі қуысын аз уақытқа (2-14 тәулікке ) емдік материалдарды ұстату үшін қолданылады. Кең қолданыс тапқан өкілі жасанды дентин (цинк-сульфатты цемент).Ұнтағы мырыш тотығынан(64%),мырыш сульфатынан (26%),каолиннен(10%) тұрады.Ұнтақты суға араластыру арқылы 1,5-2 минөтте қатая бастайтын жұмсақ масса алынады.Дентин қойыртпағы (дентин-паста) жасанды дентин өсімдік майларының қоспаларына (күнбағыс,қалампыр,жүгері майлары).Дене жылуында 2-3 сағатта қатаяды. Уақытша пломбы ретінде мырыш тотығы эвгенолмен араластырып қолдануға болады Емдік төсемдер Емдік төсемдер қабынуға қарсы,одонтобласттар қызметін ынталандыру,дентинді қайта минералдандыру,орынбасушыны дентиннің құрылуын жеделдету үшін қолданылады. Ол үшін құрамында кальций су тотығы (Ca(OH)2 бар емдік төсемдер қолданылады.Емдік төсемдердің өкілдері:кальцемин (Ресей),шетелдік өкілдері :химиялық жолмен қатаятын Dycal, Alcaliner (қос компоненттен тұрады), Calrodent, Leif, химиялық жолмен және сәуле әсерінен қатаятын CalcinolТұрақты пломбылық материалдарСтоматологиялық цементтерМеталқұрамдас пломбылық материалдарПластмассалар мен полимерлік пломбылық материалдарСтоматологиялық адгезивтер мен герметиктерКомпозиттік пломбылық материалда Стоматологиялық цементтерЦинк-фосфатты цементтерБактерицидті цементтерСиликатті цементтерСилико-фосфатты цементтерЦинк-эвгенольді цементтерПоликарбоксилатты цементтерШыныиономерлі цементтерПолимерлі цементтерЦинк-фосфатты цементЦинк оксиді -75-90%,жабысқақтық.Магний оксиді-610% иілгіштік,созылғыштық,механикалық,беріктік.Аллюминий оксиді -3-6% ,кальций оксиді өте аз мөлшері –тұтқырлық береді,қатаюы уақытына әсер етеді Иономерлік (шыныиономерлік)цементАлғаш 1871 жылы Wilson,Kent ойлап тапқан.Ұнтағы құрамында кремний,аллюминий,фтор белгілі (оңтайлы) қатынаста болатын алюмосиликатты шыны.Сұйығы дистелденген су,немесе полиакрил қышқылының судағы ерітіндісі.Дентинмен биологиялық жақындығы бар.Қатаю уақыты 4 мин,0,1% отырыс (усадка)береді.Химиялық жолмен және сәуле әсерінен қатаяды.ІІІ-V кластық тісжегі қуыстарын,эрозия ошақтарын пломбылауға арналған.Сүт тістердің табиғи сайларын бекітуге арналған.Ұзақ уақыт фтор бөледі.
3-топ:
Ортопедиялық конструкцияларды бекітуге: Fugi-1, “Aqua Meran”, “Aqua Cem”
Аралық төсем,тұрақты пломбының ядросын құру үшін: Fugi-2, “Base Line”
Тұрақты пломбылар және аралық төсемдер үшін: “Chemfil Superior”, “Ionofil”, “Chelon Fil” Cabintan,Ketac-Bond,Aqua Cenif,Aqua Ionobon
Достарыңызбен бөлісу: |