Бул ұлпа мен периодонт кабынуы кезіндегі жергілікті патологиялық үрдіске ұшырайтын тіндердің жиынтығы. Дәлелдеп айтқанда ол ұлпа және қуыс қабырғасын құрайтын дентин


Ауызішілік рентгенографияның эндодонтияда алатын орны,қолданылуы



бет50/90
Дата25.12.2023
өлшемі0.77 Mb.
#487940
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   90
эндо

3.2.9 Ауызішілік рентгенографияның эндодонтияда алатын орны,қолданылуы
Ауызішілік рентгенографияда эндодантияда алатын орны.
Рентгенографиялық зерттеу диагнозды нақтылау, емдеу жоспары мен болжамын анықтау, баланың өсу үрдісінде, сонымен қатар емдік шаралар әсерінен болатын жүретін өзгерістерді зерттеу үшін қажет. Мақсатына байланыстың рентгенологиялық зерттеу ең тиімді әдісін дұрыс таңдау маңызды. Бұл әдістер ауызішілік және ауызсыртылық болып бөлінеді.
Ауызішілік рентгенография. Ауызішілік рентгенография әртүрлі құрылымды дентальды аппараттармен жүргізіледі. Ауызішілік рентгенограмма деструктивті өзгерістерді, кисталарды, жаңа түзілістерді, туа пайда болған және жүре біткен ақауларды анықтау, сонымен қатар тістер ұрықтары орналасуының ауытқуларын, олардың сауыттары мен түбірлерінің қалыптасу дәрежесін, тістердің ретенциясын, олардың формасының ауытқуларын, сүт тістер түбірлері мен тұрақты тістер сауыттарының қатынасын анықтау тістердің қатты тіндерінің, олардың пародонтының, альвеолярлы өсінділер мен жақ сүйектерінің жағдайын зерттеуге мүмкіндік береді.
Ортаңғы таңдай тігісінің ауызішілік рентгенограммасы оның құрылысын, сүйектену дәрежесін, жоғарғы жақты кеңейту үрдісінде тігістің жайлап немесе тез ашылуы кезінде жүретін өзгерістерді зерттеу, жоғарғы ерін үзбесінің талшықтары ортаңғы таңдай тігісіне вплетаются қосылса және диастеманың пайда болуына септігін тигізсе хирургиялық пластикаға көрсеткішті анықтау үшін қажет
3.2.10 Түбір өзектерін медикаментозды өндеу,дезинфекциялау.Дезинфекциялық препараттау
Түбір өзектерді медикаментозды өңдеу • Аспаптармен өңдегеннен кейін түбір өзектердің қабырғаларында майланған қабат пайда болады. Сондықтан, медикаментозды өңдеу қажет болады. • Мақсаты - негізгі түбір өзекте және микроөзектерде органикалық және бейорганикалық компоненттерді еріту мен микроорганизмдерді жою. Қазіргі таңда түбір өзектерін өңдеуге арналған препараттардың сан алуан түрлері бар. Олар қасиеттері жағынан, құрамы жағынан,әсер ету спектрі жағынан ерекшелінеді. Олар спецификалық емес, спецификалық және арнайы комплексондар болып бөлінеді.
Медикаментозды өңдеудегі препараттар келесі талаптарға сай болуы керек:
Бактеридцидті қасисті болу керек
Апикальді тінге зиянды болмау керек
Сенсибилиздеуші әсер көрсетпеуі және тұрақты штамды микроорганизмдердің пайда болуына қарсы әсерінің болуы
Тез әсер беруі және дентинді өзекке тереңірек кіруі Органикалық заттың болуында өзінің эффективтілігін жоғалтпау керек
Мүмкінділігінше нашар иісі және дәмі болмау керек Химиялық тұрақты және өзінің белсенділігін ұзақ уақыт сақтауы қажет.
Түбір өзектерін өңдеуге арналған медикаментозды заттардың жіктелуі I. Спецификалық емес.
1. Құрамында оттегі бар: 3% асқын сутегі ерітіндісі және тағы басқалар.
2. Құрамында галоген болуы: » Хлорлы: 1-2% хлорамин ерітіндісі, 0,2% хлоргексидин биглюконат ерітіндісі, 3-5% гипохлорит натрий ерітіндісі ( некротизделден тіндерді ерітеді гарм оң және грам теріс бактерияларға бактерицидті әсер етуі, саңырауқұлақ және вирустар); Йодты: 1% йодинол ерітіндісі йодтың поливинил спиртпен кешенді байланысы ( бактеридцидті, фунгицидті әсер етуі, тін регенерациясын тездетеді).
3. Нитрофуран қатарындағы препараттар: 0,5% фурацилин ерітіндісі ( кең әсерлі, антиэкссудативті әсер етеді).
4. Төрттік аммоний байланысы: 0,1% декамин ерітіндісі (споро түзуші микроорганизмдерге және ашытқы тәрізді саңырауқұлақтарға бактеридцидті әсер етеді.)
5. 20% диметилсульфоксид (димексид) ерітіндісі ( антисептикалық, қабынуға қарсы, аналгезирлеуші, бактериостатикалық, фунгицидті әсер көрсетеді)
6. Протеолитикалық ферменттер: химопсин, трипсин, химотрипсин (қабынуға қарсы, ісінуге қарсы, некротизирленген массаны ерітеді, иммобилизденген протеолитикалық формалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет