3.2.4 Тіс ұлпасының қабыну механизмі
Жұмсақ тіннен тұрады, тіс қуысында орналасқан. Ұлпа сауыт қуысымен түбір өзегін толтырып жатады. Сауыт ұлпасы тіс сауытының рельефін қайталайды. Тістің шайнау төмпешіктерінің бойында ұлпа мүйізшелері орналасады. Түбір өзегі арқылы ұлпа периодонтпен байланасады. Ұлпа қабынуының жиілігі бойынша екінші этиологиялық факторы механикалық, физикалық, химиялық жедел және созылмалы закым болуы мүмкін. Патогенез Қабыну реакциясы үш компоненттен тұрады: альтерация, экссудация, пролиферация. Ұлпаның жедел қабынулары: а/ ұлпаның жедел жартылай қабынуы б/ ұлпаның жедел толық қабынуы в/ ұлпаның жедел іріңді қабынуы 2. Ұлпаның созылмалы қабынулары : а/ ұлпаның созылмалы жәй қабынуы б/ ұлпаның созылмалы өсе қабынуы в/ ұлпаның созылмалы шіри қабынуы 3. Ұлпаның созылмалы қабынуларының өршуі: а/ ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі б/ ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі Ұлпаның ретроградты қабынуы Ұлпаның канкрементозды қабынуы Ұлпаның жарақат әсерінен қабынуы
3.2.5 Эндодонтиядағы ұсақ аспаптарды бір-бірінен математикалық әдістер арқылы ажырату реттілігі
.Ең алғаш 1958 жылы Халықаралық стандарттау ұйымы (ІSO) ұсақ эндодонттық аспаптарды белгілеуді ұсынды. Аспаптардың барлығы ISO 3630 стандартына байланысты белгіленіп (маркировка) шығарылады. Стандартта аспаптың пішіні, профилі, ұзындығы, қалыңдығы, механикалық беріктігі берілген. Сонымен қатар әрбір аспапқа тән өлшемдер түрлі түспен және типтік символдармен белгіленген.Эндодонтиялық аспаптардың 3 түрлі белгіленуі (маркировкасы) болады:түрлі түсті , геометриялық, номерлі моркировкалары болады. Аспаптардың түстік көрсеткіші оның белгілі бір өлшемін білдіреді.Мысалға: 0.6-қызғылт, 0.8- сұр,10-күлгін, 15-ақ, 20-сары, 25- қызыл, 30-көк, 35-жасыл,40- кара. Сандық белгісі аспаптың ұшының диаметрін білдіреді.Мысалы №35 аспап, аспаптың ұшының диаметрі 0.35мм. Қазіргі таңда нарықта эндодонттық емде қолданылатын аспаптардың көп түрлері бар,әдістеріде көп.
Математикалық әдіс. Тістердің және түбірлерінің ұзындығын көрсеткіштері жазылған арнайы таблицалар болады.онда тістің және түбірлерінің мөлшерінің қатынасы,түбір өзектерінің саны,апикальды тесіктің кездесу жиілігі,өзектің қисаю бағытын көрсетеді. Бірақ бул негізгі әдіс болып саналмайды
Достарыңызбен бөлісу: |