2.3.11) Түбір өзектерін толтыруға арналған материалдар. Жіктелуі
Түбір өзектерін пломбылау асқынған тісжегіні емдеудің соңғы жауапты кезеңі болып табылады және тіс ұлпасы және оның ыдырандысынан тазаланған өзектер инфекция көзі болмау үшін жүргізілетін емдеу шараларының бірі.Түбір өзектерінің сапалы пломбылануы немесе толтырылуы (бітелуі) көптеген одонтогендік асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Түбір өзектерін пломбылауға арналған материалдарға қойылатын талаптар :
Өзек қабырғаларына жақсы жабысу;
өзекті тығыз бітеу (герметизм сақтау),қажет болса өзектен жеңіл шығарылуы;
Рентгенайқындылығы
Қатайғаннан кейін отырмау;
Тіс тіндерін боямау;
Бактериялар өсуіне қолайлы ортаға айналмау;
Тіндер сұйығында ерімеу;
Қатаю уақыты өзекті пломбылауға жеткілікті болу,
Мутагендік қасиеті болмау;
Тіс тіндерімен және тіс төңірегіндегі тіндермен биологиялық сиымдықта (үйлесімділікте) болу,
Аллергиялық реакция туындатпау.
Түбір өзектерін пломбылауға арналған материалдар жүйесі:
1.Жұмсақ қатаймайтын койыртпақтар – уақытша бітеуге арналған,
2.Жұмсақ созылмалы өз бетімен қатаятын материалдар (силерлер)
3. Біріншілік қатты материалдар (филерлер) немесе штифтер
Түбір өзектерін уақытша пломбылауға арналған жұмсақ созылымтал материалдар.Олар түбір өзектерін уақытша толтыруға арналған.Көбінесе ұлпаның созылмалы шіри қабынуы,периодонттың жедел жіне созылмалы қабынуларының өршуі кезінде қолданады.
2.3.12) Түбір арнасының жұмысшы ұзындығын анықтау әдістері
Тістің жұмыс ұзындығын анықтау үшін келесі әдістерді қолданамыз:
математикалық,
рентгенологиялық,
электрометрикалық.
Математикалық әдіс: Тістердің және түбірлерінің ұзындығының көрсеткіштері жазылған арнайы таблицалар болады. Онда тістің және түбірлерінің ұзындығының мәні және де тіс сауыты мен түбірінің мөлшерінің қатынасы, түбір өзектерінің саны, апикалды тесіктің кездесу жиілігі, өзектің қисаю бағыты көрсетіледі. Бірақ, бұл әдіс негізгі әдіс болып саналмайды.
Диагностикалық рентгенсурет: Бул әдіс сенімді болып саналады. Жұмыс ұзындығы рентгенологиялық ұшынан 0,5-1 мм қысқаша болу керек.
Электрометрикалық -Апекслокатор . Жұмыс істеу қағидалары периодонттың дентиннен өзгеше электрлік потенциал ға жауап беруіне негізделген.Аппараттың үш индикациясы бар: цифрлық, дыбыстық және сәулелік.
Достарыңызбен бөлісу: |