Бул ұлпа мен периодонт кабынуы кезіндегі жергілікті патологиялық үрдіске ұшырайтын тіндердің жиынтығы. Дәлелдеп айтқанда ол ұлпа және қуыс қабырғасын құрайтын дентин



бет76/90
Дата25.12.2023
өлшемі0.77 Mb.
#487940
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   90
эндо

Қолдану тәсілі: 3-4 тамшы сұйыққа ұнтақ қосып,біркелкі қойыртпақ алынғанша араластырады да бір порциясын (бөлшегін) өзекке терең енгізеді де (өзек толтырғыштың,түбір инесінің,файлдың көмегімен) бір аптаға уақытша пломбы қояды.
Қажет болса,өзекті бірнеше күн өткізіп барып,1-2 рет өңдеуге болады.Метриал түбір ұшына шықпауы керек
Тіс ұлпасын толық алғаннан кейін,өзекті аbscess remedy-мен бітейді.Келесі қабылдауда оны алып тастап,өзекті аспаптық және дәрілік өңдеуден кейін тұрақты пломбылайды.

  • Iodoform paste- антисептикалық әсері жоғары қатаймайтын,өзекте сорылуы мүмкін материал өзекті уақытша пломбылауға және емдеуге арналған.

  • Құрамында йодоформ,ментал парахлорофенол камфора,салмағының 100% дейін толықтырғыш кіреді.

  • Қойыртпақ аурусыздандырушы және антибактериалды әсер көрсетеді.Қабыну белгілері басынғанға дейін өзекте 20-30 күнге дейін қалдыруға болады.

  • Қолдану аясы : түбір өзектері инфекцияға бай тұрақты және сүт тістеріндегі асқынған тісжегіні емдеу үшін қолдануға болады.Терең пародонтальдық қалталарға да қолдануға болады (емдік таңба ретінде).


2.3.6 Эндодонтиялық ауруларда қолданылатын апекс локатор маңызы
Түбір өзегінің ұзындығын анықтауға және инструменттің орналасын анықтайтын арнайы прибор. Ем жүргізуге кепіл болады.Осы апекслокатор түбір өзегін өңдеу үшін жұмысшы ұзындығын есептеп,яғни сапалы эндодонтиялық ем жүргізуге кепіл болады.
2.3.7 Микроскопиялық эндодонтия
Өткен онжылдықта стоматология индустриясында көптеген жаңа технологиялар ашылды. Олардың бірі консервативті және хирургиялық эндодонтияда қолданылатын материалдар мен аспаптар болып табылады. Осы кезден бастап микрохирургиялық эндодонтияда үльтрадыбыспен жұмыс істейтін микроскоп кеңінен пайдаланылды.

  • Алғаш рет 1981 жылы қолданылуға енгізілді,бастапқы кезде жасап шығарылған микроскоптардың құрылысы нашар болғандықтан, олармен практикалық стоматологияда жұмыс жасау тиімсіз болды. Одан кейін 1991 жылы доктор Gary Carr жан жақты,эргономикалық талаптарға сәйкес келетін жүйелі микроскопты ойлап тапты. Бұл жүйе тез уақыт ішінде эндодонт мамандарының арасында кеңінен таралды. Жүйелі микроскопия қазіргі кезде тек эндодонтияда ғана емес,сонымен қатар пародонтология және реставрационды стоматологияда да кеңінен қолданылады.

  • Дәрігердің тура қалпы

  • ■ Науқастың дұрыс қалыпта болуы

  • ■ Микроскоптың дұрыс орналасуы

  • ■ Бинокулярлардың коррекциясы мен ара қашықтығын қалпына келтіру

  • ■ Науқастың дұрыс орналасуын қадағалау

  • ■ Фокустың болжамды қалпы

  • ■ Фокустың жұқа қалпы

  • ■ Ассистенттің бинокулярының қалпы

  • Дәрігердің арқасы тура және тік болуы керек. Микроскоптан түсіп тұрған жарық, еденге және өңделіп жатқан түбірге перпендикуляр болуы керек Микроскоппен жұмыс жасағанда, жарықты алдымен айнаға түсіреміз,ол шағылысып ауыз қуысына түседі.

  • Жүйелі микроскоппен ұлғайтудың бірнеше сатысы бар,оларды қолдың немесе аяқ педалінің көмегімен жүзеге асыруына болады. Ол бинокулярдың фокустық ара қашықтығына байланысты.Көбінесе манипуляциялар минимальді немесе орта деңгейде жасалады. Ал максималды ұлғайтуды жұмыстың нәтижесін білу үшін қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет