3.1.1) Эндодонтияда рентгенографияның қолданылуы
Түбір өзектерін (ТБ) өңдеу және обтурациялау технологияларының жетілдірілуіне қарамастан, эндодонтиялық емдеуден кейін тістерді жұлуға әкелетін асқынулар жиі пайда болады. Эндодонтиялық емнің адекватты болмауының себептерінің бірі рентгендік мәліметтердің ауытқуы болып табылады. Эндодонтиялық емдеуге дейін және оның кезеңдерінде рентгендік диагностикалық әдістерді қолдану пациенттерді тексерудің міндетті құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады, өйткені рентгендік әдіс эндодонтиялық емдеуді жоспарлау және оның сапасын бағалау кезінде КК ерекшеліктерін анықтау үшін маңызды. Эндодонтиялық тәжірибеде негізінен ауыз ішілік рентгенография және біршама сирек – алынған ақпараттың объективтілігіне әсер ететін кескіннің проекциялық бұрмалануымен сипатталатын ортопантомография қолданылады. Қазіргі уақытта стоматологияда компьютерлік томографияны (КТ) диагностикалауда қолдану шекарасын кеңейтудің айқын тенденциясы байқалады, бұл конусты-сәулелік компьютерлік томографиямен жабдықталған диагностикалық орталықтар санының ұлғаюымен, сондай-ақ дозалардың салыстырмалылығымен түсіндіріледі. Конус-сәулелік CT (CBCT) және стоматологияда дәстүрлі түрде қолданылатын радиологиялық әдістерді қолданатын пациенттерге сәулеленудің әсер етуі.
3.1.2) Эндодонтияда лазерлік сәулелерді колдану ерекшеліктері
Лазер сәулесін қолданудың тарихы:
Өткен ғасырдың 70-ші жылдың аяғынан және 80-ші жылдар басынан стоматоллогияда тісжегі қуысын егеп тазалау және зақымдалған тіндерді ыдырату мақсатында ең алғаш рет Азияда қолданыла бастаған. Сол уақытта тәжірибе жүргізген Yamamoto және оның тобы бұндай тәжірибелерден бас тартып, сол уықыттағы лазерлер жүйесімен тістер құрылымына кірісулер жасауға мүмкіндік жоқ деп шешті.Осы зерттеулерден кейінгі келесі қадам 80-ші жылдардың ортасында басталды. Осы жылдары неміс ғалымдары Keller и Hibst эрбиі бар иттрий-алюминилі гранитті лазерді ойлап тапты. Осы күндерге дейін бұл ашылыс жан-жақты толығымен зерттеліп, тиімділігі ғылыми түрде дәлелденген және кең қоланыс тапқан лазер түрлерінің бірі болып табылады. Жоғарыда аталған авторлар және сонымен қатар Schwarz (Дюссельдорф), Reich ( Хомбург) атты автоллар бұндай лазерлерді эндодонтия саласында қолдану мүмкіндіктерін зерттей бастады. Қазіргі кезде айналмалы аспаптарды пайдалану арқылы ұтымды нәтижеге қол жеткізу қиын.Сондықтан тіс жегі қуысын егеп тазалауда басқа да әдістерге жүгіну керек.Осы ретте лазерлі технологияны қолдану стоматологияда эстетикалық тұрғыда үлкен нәтиже береді.
Лазер сәулесі-белгілі ұзындықта толқын және өте күшті дәрежеде энергия көзін бөлетін, сәулелер тобын генеризациялайтын жүйе болып табылады.
Лазердің жұмыс істеу механизмі:
Қалыпты жағдайда көптеген атомдар төмен энергетикалық қалыпта болады.Электр толқындары белгілі бір орта арқылы өткенде энергия жұтылып кетеді.Жұтылған энергиядан атом бөлшектері белсенеді және үлкен энергетикалық қалыпқа ауысады.Осы кезде сәулелі нүкте пайда болады.
Жоғарғы энергетикалық лазер сәулесі жұмыс істей бастағанда сезгіш нерв жасушалары сәулеге қарсы жауап беруге үлгермейді,сол себептен ауру сезімі болмайды,соны мен қоса тіс тіндерінің қөызуын болдырмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |