17 тақырып.
ƏЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚҰҚЫҚ
1. Əлеуметтік жəне техникалық нормалар.
2. Құқық пен моральдың арақатынасы.
3. Құқық жəне діни нормалар.
4. Құқық жəне корпоративтік нормалар.
5. Құқық жəне əдет-ғұрып.
1. Əлеуметтік жəне техникалық нормалар. Қоғам реттеуші-
ліксіз өмір сүре алмайды, ол дегеніміз адамдардың өмір сүрудің
əртүрлі салаларындағы жүріс-тұрысын ретке келтіру. Реттеу
нормалардың көмегімен жүзеге асырылады, ал нормалар, өз
кезегінде, техникалық жəне əлеуметтік болып бөлінеді.
Техникалық нормалар – бұл адамдардың еңбек құралдарын
жəне табиғат заттарын дұрыс қолдануының ережелері. Мысалы,
техникалық нормаларға мыналар жатады: белгілі бір құрылыс
жұмыстарын орындау ережелері, шикізатты қолдану ережелері,
мемлекеттік стандарттар, техникалық жағдайлар. Техникалық
нормалар төмендегідей ерекшеліктерге ие: а) бұл жердегі реттеу
пəні тек əлеуметтік сипатта емес; ə) «субъектілік» құрамы тек
адамдармен ғана емес, сонымен қатар сыртқы əлеммен, табиғат-
пен, техникамен де байланысты.
Əлеуметтік нормалар – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуде
қолданылатын жүріс-тұрыс ережелері. Оларға құқықтық, мораль-
дық, діни, саяси, эстетикалық, əдет, корпоративтік нормалары
жатады. Əлеуметтік нормалар келесі ерекшеліктерге ие: а) бұл
жердегі реттеу пəні тек əлеуметтік сипатта болады, ол – қоғамдық
қатынастар; ə) «субъектілік» құрамы əлеуметтік саланың өкілдері
ретіндегі адамдармен ғана байланысты.
Техникалық жəне əлеуметтік нормалар өзара тығыз байла-
ныстылықта болады. Нақты айтқанда, қоғам үшін маңызды техни-
калық нормаларды мемлекет пен құқық қолдайды, нəтижесінде
олар белгілі бір заңды салдарды туындататын, жалпыға міндетті
техникалық-заңды жүріс-тұрыс ережелеріне айналады. Мысалы,
қылмыстық заңнама құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіп-
сіздік ережелерін бұзу əрекеттері үшін жауапкершілікті көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |