1) сыртқы жақ, бұған сəйкес құқықтың əлеуметтік
функция-
лары анықталады, олар: экономикалық (құқық өндірістік қатынас-
тарды реттейді, меншік нысанын бекітеді жəне т.б.), саяси (құқық
саяси қатынастарды, саяси жүйе субъектілерінің қызметін реттей-
ді жəне т.б.), тəрбиелік (құқық белгілі бір идеологияны көрсетеді,
тұлғаларға арнайы педагогикалық əсер етеді жəне т.б.) функция-
лар.
2) ішкі жақ, бұл
құқықтың табиғатынан туындайды, олар –
реттеуші жəне қорғаушы функциялар.
Реттеуші функция – бұл позитивтік жүріс-тұрыс ережелерін
орынқтырудан, қоғамның,
мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне
сəйкес қатынастарды дамытуға жəрдем беру мақсатында құқық
субъектілеріне субъективтік құқықтар беруден жəне заңды мін-
деттер жүктеуден
көрініс табатын, құқықтық əсер етудің əлеу-
меттік мақсатпен байланысты бағыты.
Бұл функцияның шеңберінде оның екі түрін бөліп қарастыра-
ды: реттеуші статистикалық жəне реттеуші динамикалық функ-
циялар.
Реттеуші статистикалық функция құқықтың қоғамдық қатынас-
тарға оларды белгілі бір құқықтық
инстиуттарда бекіту жолымен
əсер етуінен көрінеді. Статистикалық функцияны жүзеге асыруда
конституцияда бекітілген саяси құқықтар мен бостандықтар
институты ерекше мəнге ие.
Реттеуші динамикалық функция құқықтың қоғамдық қатынас-
тарға құқық субъектілерінің белсенді жүріс-тұрысын
қамтамасыз
ету жолымен əсер етуінен көрінеді. Ол азаматтық, əкімшілік, ең-
бек құқығының институттарынан көрініс табады.
Қорғаушы функция – бұл ерекше маңызды экономикалық, сая-
си, ұлттық жəне жеке қатынастарды қорғауға,
заңды қорғау мен
заңды жауапкершіліктің шамасын, оларды жүктеу мен орын-
даудың тəртібін орнықтыруға бағытталған құқықтық əсер етудің
əлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.