Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы



Pdf көрінісі
бет37/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

Құқық қағидалары 
Жалпыға ортақ – 
құқықтық қоғамдық 
қатынастарды реттеуші 
ретіндегі ерекшелігін 
айқындайтын негізгі 
бастаулар 
Салалық – құқықтың 
нақты бір саласының 
(азаматтық қылмыстық 
жəне т.б.) ерекшеліктерін 
сипаттайтын жетекші 
бастаулар 
Салаларалық – құқықтың 
бірнеше ұқсас салаларына 
қатысты жетекші 
бастаулар 
бұл құқықтың арнайы əлеуметтік реттеуші ретіндегі мəнісін білдіретін 
негізгі, бастапқы ережелер, идеялар 
Құқықтың функциялары 
Реттеуші функциялар – қоғамдық 
қатынастардың позитивтік дамуын 
мемлекеттік реттеу 
Қорғаушы функция – қоғамдық 
қатынастарды құқыққа қайшы 
қолсұғушылықтардан қорғау жəне 
тұлға мен қоғам үшін зиянды 
қатынастарды ығыстыру 
бұл қоғамдық қатынастарға заңды əсер етудің негізгі бағыттары 


16 тақырып.
ҚҰҚЫҚТЫҢ ТИПТЕРІ 
1. Құқықтың типінің түсінігі. 
2. Құқықтың тарихи типтері. 
1. Құқықтың типінің түсінігі. Құқықтың тарихи типі–бұл 
белгілі бір экономикалық базиске тəн барлық құқық жүйелерінің 
жалпы əлеуметтік сипаттарын көрсететін категория. Формациялық 
бағытқа сəйкес, базис қоғамдық даумудағы шешуші фактор болып 
табылады, ол мемлекет пен қоғамның белгілі бір типін қалып-
тастырады. Экономикалық базистің типтеріне қарай құқықтың 
құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық жəне социалистік тип-
терін бөліп қарастырады. 
2. Құқықтың тарихи типтері. Құқықтың құлиеленушілік типі 
– бұл құлиеленушілердің толыққұқылығын жəне құлдардың 
құқықсыздығын бекітетін, құлиеленуші таптың еркін білдіретін, 
құлиеленуші мемлекет қалыптастырған құқықтық нормалардың 
жүйесі. Бұл құқықтың мазмұны құлиеленуші таптың өмірінің 
материалдық жағдайларына сəйкес анықталады. 
Құқықтың феодалдық типі – бұл бір сословиелердің артық-
шылығын жəне келесі бір сословиелердің кемсітілуін бекітетін, 
феодалдар табының еркін білдіретін сословиелік-құқықтық нор-
малардың жүйесі. Бұл құқықтың мазмұны феодалдар табының 
өмірінің материалдық жағдайларына сəйкес анықталады. 
Құқықтың буржуазиялық типі – бұл капиталистердің еркін 
білдіретін жəне олардың мүдделеріне жауап беретін, мемлекетпен 
қалыптастырылған жəне қорғалатын жалпыға міндетті норма-
лардың, жүріс-тұрыс ережелерінің жиынтығы.
Құқықтың социалистік типі – бұл халықтың еркін білдіретін
мемлекетпен қалыптастырылғ жəне қамтамасыз етілетін жалпыған 
міндетті заң нормаларының жиынтығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет