тық мəдениет құқықтық санамен
тығыз байланыстылықта бола
тұрып, оған сүйенеді. Алайда, құқықтық мəдениет құқықтық сана-
ға қарағанда əлдеқайда кең, себебі, ол психологиялық жəне идео-
логиялық элементтермен қатар, заңды мəні бар жүріс-тұрысты да
қамтиды. Құқықтық мəдениет мыналарды білдіреді:
1) құқықтық шындықты сезімдік қабылдаудың жəне құқық-тық
ойланудың белгілі бір деңгейі;
2) халықтың заңдарды білуінің тиісті дəрежесі;
3) құқық нормаларды, олардың үстемдігін түсінудің жоғары
деңгейі;
4) құқықшығармашылық жəне құқықты жүзеге асыру процесс-
терінің сапалық жағдайы;
5) құқықтық қызметтің ерекше тəсілдері (құқыққорғау орган-
дарының жұмысы, конституциялық бақылау жəне т.б.);
6) құқықтық қызметтің адамдар жасаған рухани жəне мате-
риалдық игіліктер түріндегі нəтижелері (заңдар, сот тəжірибесі,
заңнама жүйесі жəне т.б.).
Бұлардың барлығы жекелік жəне қоғамдық тұрғысынан қарас-
тырылуы мүмкін.
Тұлғаның құқықтық мəдениеті – бұл құқықты білу жəне түсіну,
соған сəйкес əрекет ету. Тұлғаның құқықтық мəдениеті тұлғаның
құқықтық
білімділігін білдіреді, оған құқықтық сана, құқықты
қолданудың дағдылары мен қабілеті, өз жүріс-тұрысын
заң нор-
маларына бағындыру жатады. Тұлғаның құқықтық мəдениетінің
құрылымы мына элементтерден құралады:
1) психологиялық элемент – құқықтық психология;
2) идеологиялық элемент – құқықтық идеология;
3) жүріс-тұрыстық элемент – заңды мəні бар жүріс-тұрыс.
Қоғамның құқықтық мəдениеті – бұл қоғамның құқықтық сана-
сының жəне құқықтық белсенділігінің деңгейі, заң нормалар мен
заң қызметінің дамуының дəрежесі. Қоғамның құқықтық мəде-
ниеті оның жалпы мəдениетінің бөлігі болып табылады жəне ке-
лесі факторлармен сипатталады:
- құқықты шын мəнінде қажетсіну;
- елдегі заңдылық пен құқықтық тəртіп жағдайы;
- қоғамдағы заң ғылымы мен заң білімінің даму дəрежесі.
Қоғамның құқықтық мəдениетінің құрылымы келесі элемент-
терден құралады:
1) қоғамның құқықтық санасы мен
құқықтық белсенділігінің
деңгейі;
2) заң нормаларының даму дəрежесі (құқықтың даму деңгейі,
заң мəтіндерінің мəдениеті жəне т.б.);
3) заң қызметінің даму дəрежесі (құқықшығарушы, құқыққол-
данушы жəне құқыққорғаушы қызметтің мəдениеті).
№ 39 кесте
Достарыңызбен бөлісу: