қықбұзушылық табылса,оның заңды негізі болып құқық нормасы
мен сəйкес құқыққолданушы акт табылады. Құқыққолдану
актісінде құзіретті орган нақты бір құқықбұзушыға қатысты мəж-
бүрлеу шараларының нақты көлемі мен нысанын анықтайды.
Мұндай құқыққолдану актісі ретінде əкімшілік
бұйрығын, сот
үкімін немесе шешімін жəне т.б. атауға болады.
Заңды жауапкершіліктің қағидалары:
1) заңдылық – жауапкершіліктің тек құқықбұзушылық (яғни,
құқықəрекетқабілетті тұлға жасаған кінəлі, құқыққа қайшы əрекет
немесе əрекетсіздік) үшін ғана қолданылатынын білдіреді;
2) əділеттілік – жазаның кінəға сəйкестігін, теріс қылықтар
үшін қылмыстық санкцияларды белгілеуге
жол берілмейтіндігін,
кінəліге бір құқықбұзушылық үшін тек бір ғана жазаны тағайын-
дауды білдіреді;
3) негізділік – істің жағдайларын объективтік түрде зерттеуді
жəне нақты жазалау шарасын заңға сəйкес анықтауды білдіреді;
4) ізгілік (гуманизм) – адамның қадір-қасиетін
қорлайтын жаза-
лау шараларын белгілеуге жəне қолдануға тыйым салуды біл-діреді;
5) жауапкершіліктің міндетті түрде болатындығы – жасалған
қылмыс үшін заңды жауапкершіліктің міндетті түрде туындай-
тынын білдіреді;
6) мақсаттылық – құқықбұзушыға қатысты таңдалған жазаның
заңды жауапкершіліктің мақсаттарына сəйкестігін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: