Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы



Pdf көрінісі
бет72/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

Құқықбұзушылық
– 
есі дұрыс тұлғаның, заңды жауапкершілікке алып 
келетін, басқа тұлғалар мен қоғамға зиян келтіретін, кінəлі, құқыққа 
қайшы, қоғамға қауіпті əрекеті немесе əрекетсіздігі
қылмыстар 
теріс қылықтар 
əкімшілік құқық 
бұзушылықтар 
 
азаматтық құқық 
бұзушылықтар 
қылмыстық құқық бұзушылық 
тəртіптік құқық 
бұзушылықтар 
азаматтық 
жауапкершілік 
 
қылмыстық жауапкершілік 
əкімшілік 
жауапкершілік 
 
тəртіптік 
жауапкершілік 
 


29 тақырып.
ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ЖƏНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МƏДЕНИЕТ 
1. Құқықтық сананың түсінігі жəне функциялары. 
2. Құқықтық сананың құрылымы. 
3. Құқықтық сананың түрлері.
4. Құқықтық мəдениеттің түсінігі жəне құрылымы. 
1. Құқықтық сананың түсінігі жəне функциялары. Құқықтық 
сана – бұл адамдардың құқыққа деген қатынасын көрсететін түсі-
ніктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың, баға-
лаулардың жиынтығы түріндегі қоғамдық сананың ерекше ныса-
ны. Құқықтық сана – бұл адамдардың жаңадан қабылданған заң-
дарға, нормативтік актілердің нақты жобаларына жəне т.б. деген 
оң немесе теріс көзқарасы.
Құқықтық сана мынаны білдіреді: 
- құқықтың қажеттігін түсіну жəне сезіну; 
- құқықты бағалау; 
- заңнаманың дамыған жүйесін құру қажеттігін түсіну; 
- қолданыстағы нормативтік актілерге өзгертулер мен толықты-
рулар енгізудің қажеттігін түсіну; 
- құқықты жүзеге асырудың нəтижелері мен процесін қабыл-
дау.
Құқықтық сананың ерекшеліктері мыналардан көрінеді: 
а) ол өмірдің шындықтарын əділеттілік, құқықтық, еркіндік 
тұрғысынан қабылдайды; 
ə) жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережелерін орнықтыруды 
талап етеді; 
б) құқықтық пен құқықтық еместіктің, құқыққа сəйкестік пен 
құқыққа сəйкессіздіктің шектерін көрсетеді; 
в) құқықты қамтамасыз ету үшін заңды шараларды талап етеді.
Құқықтық сананың рөлі оның функцияларынан көрініс табады: 
1) танымдық; бұған «құқықтық дайындық» түсінігінен көрініс 
табатын жəне ойлану қызметінің нəтижесі болып табылатын заң 
білімдерінің белгілі бір жиынтығы тəн болып келеді; 
2) бағалаушылық; бұл тұлғаның құқықтық өмірдің əр түрлі 
жақтары мен көріністеріне өтіл мен құқықтық тəжірибе негізінде 
белгілі бір эмоционалдық қатынасын тудырады; 
3) реттеуші; ол құқықтық көзқарастар мен құндылық-құқықтық 
бағыттылық арқылы жүзеге асырылады. Көзқарас дегеніміз тұл-


ғаның белгілі бір түрде ақпараттарды, процестерді, құбылыстарды 
қабылдауға жəне бағалауға бейімділігін жəне осы бағалауға сəйкес 
əрекет етуге дайындығын білдіреді.
Құқықтық бағыттылық – бұл тұлғаның заңды мəні бар жағ-
дайларда əрекет ету бағдарламасын тікелей қалыптастыратын құ-
қықтық көзқарастарының жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет