Cи тілінде бағдарламалау Берикжан Касымов, 2018-2019
46
http://astanabilim.kz/infor/c
Қандай жаңа жаңалықтар алдыңдар?
Функция процедура секілді рәсімделеді: тақрыпша мен функция денесі
жүйелік жақшаның ішінде жазылады.
Функция атының алдында нәтиженің түрі жазылады (int, float, char, т.с.с) – ол
берілген түрдің мәнін қайтартындығын білдіреді.
Параметрлерге Си тілінде рұқсат етілген кезкелген аттарды қоюға болады.
Функцияның тақырыпшасындағы
жазылған параметрлер формальді деп
аталады. Яғни, олар процедураның ішінде ғана рұқсат етіледі және
шақырылған кезде ғана орындалады.
Функцияның параметрлерінің аттарын мағынасына қарай таңдау - ол кейін
бағдарламаны оңай түсінуге мүмкіндік береді.
Функцияны шақыру кезінде оның атын және
нақты параметрлерін көрсету
қажет, олар процедураның формальді параметрлері ретінде ұйымдастырушы
болады.
Нақты параметрлер – олар сандар немесе кезкелген арифметикалық өрнектер
(бұл жағдайда алғашқы болып олардың мәндері қаралады немесе
есептелінеді).
Функцияның бірінші формальді праметрінің орынына бірінші нақты параметр
қаралады, т.с.с тізбектеліп орындалады.
Функцияның мәнін анықтау үшін
return операторы қолданылады, ол
оператордан кейін бос орын арқылы қайта оралатын мән жазылады – яғни
оның мәні сан немесе арифметикалық өрнек болуы мүмкін. Мысалы:
Return 34;
Return s;
Return a + 4*b – 5;
Return орындалып болғаннан кейін функцияның жұмысы аяқталады.
Функцияда return операторының бірнешеуін қолдануға болады.
Егер функция негізгі бағдарламаның астында орналасқан болса, онда оны
негізгі бағдарламаға дейін сипаттау қажет. Функцияны сипаттау үшін оның
тақырыпшасын нүктелі үтір арқылы соңында жазу керек.
Функцияны сипаттағаннан кейін тақырыпшаның соңына нүктелі үтір
қойылады, ал функцияның денесі жазылған жерге нүктелі үтір қойылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: