Cи тілінде бағдарламалау Берикжан Касымов, 2018-2019



Pdf көрінісі
бет7/34
Дата28.06.2022
өлшемі2.75 Mb.
#459535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
devcpp 1 Kaz66

Мысалдар
 
Айнымалы – ол кейбір мәндерді сақтайтын және аты бар компьютер 
жадындағы ұяшық. Айнымалының мәні бағдарламаның орындалу 
барысында өзеруі мүмкін. Ұяшыққа жаңа мән берген кезде ескі мәні
өшіріледі.


Cи тілінде бағдарламалау Берикжан Касымов, 2018-2019 
 
10 
http://astanabilim.kz/infor/c
  
 Екі санның қосындысын есептеу (енгізу және шығару) 
 
Есеп. Пернетақтадан екі бүтін санды енгізу және олардың қосындысын экранға 
жіберу
Есептің шығару жолын бірден Си тілінде жазайық 
 Қандай жаңа түсініктемелер алдыңыздар? 

Бағдарлама жалпы 4 бөліктен тұрады: 

айнымалыларды сипаттау; 

берілген мәліметтерді енгізу; 

мәліметтерді өңдеу (есептеу); 

нәтижелерді шығару. 

Берілгендерді енгізер алдында экранға түсініктемелерді шығару қажет 
(әйтпесе компьютер берілгендерді енгізуді күтеді, ал қолданушы
компьютерге не керектігін түсінбейді). 

Printf функциясындағы \n белгісі жаңа жолға көшуді қамтамасыз етеді. 

Мәліметтерді енгізу функциясы scanf. 

Енгізу форматы – ол тырнақша ішіндегі екі немесе бірнеше форматағы 
тағайындалған (бекітілген, берілген) мәліметтер, яғни жол немсе мәтін.
%d бүтін сандарды енгізу (int типті айнымалылар)
%f нақты сандарды енгізу (float типті айнымалылар)
%c бір символды енгізу (char типті айнымалылар) 

Үтір арқылы енгізілген айнымалылар жадтың ұяшығында есептелінеді
яғни берілген мәнге байланысты жазады. Айырмашылығын көріңдер 
«а» а айнымалысының мәні 
«&a» а айнымалысының адресі 


Cи тілінде бағдарламалау Берикжан Касымов, 2018-2019 
 
11 
http://astanabilim.kz/infor/c
  

Жолдағы форматтардың сандары тізімдегі айнымалылардың адрестерінің 
санына тең болу қажет.Сонымен қатар айнымалының типі сипатталуы 
бойынша сәйкес келу керек. Мысалы: егер а және b – бүтін айнымалылар 
болса, онда төмендегі функцияны жазу қате болып саналады.
Scanf( “%d%d”, &a); екінші енгізілген санды қайда жазу керек? 
Scanf( “%d%d”, &a, &b, &c); c айнымалысының форматы берілмеген
Scanf( “%f%f”, &a, &b); бүтін типті айнымалыларды нақты типті 
айнымалылар арқылы шығаруға болмайды. 

Есептеулерді жүзеге асыру үшін меншіктеу операторы қолданылады

теңдіктің оң жағында есептеуді орындауға арналған арифметикалық 
өрнек орналасады

теңдіктің сол жағында нәтижелік айнымалы орналасқан, ол нәтижені 
есептеп мәнін шығаратын айнымалы; 
с=a+b; // a және b қосындысы с мәніне меншіктеліп жазылды. 

Айнымалылардың мәндерін және сандарды экранға шығару үшін printf 
операторы қолданылады 
printf функциясының жақшасының ішіндегі мазмұны scanf функциясына өте 
ұқсас.

Арнайы сиволдарды қолданатын алғашқыда сиволдық жол жазылады, одан 
кейін шығару форматы орналасады 
%d бүтін санды шығару 
%f нақты санды шығару 
%c бір символды шығару 
%s символдық жолды шығару 
\n жаңа жолға көшу
қалған басқа символдар (арнайы командалардан басқа) экранға жай шығара 
береді. 

Жолдың бір ғана форматы жеткіліксіз: мәліметтерді қандай орынға 
шығару керектігі айтылған, бірақ оларды қайдан алу керектігі айтылмаған.
Сондықтан енгізудің форматынан кейін үтір арқылы сандар тізімін немесе 
айнымалыларды жазу керек, нәтиженің мәнін шығару, бұл жағдайда 
есептеуді осы осы жерде орындап жіберуге де болады.

Сол сиятық scanf функциясы үшінде шығару форматын, айнымалылар 
санын және олардың типтерінің сәйкес екендігін қадағалап отыру керек. 


Cи тілінде бағдарламалау Берикжан Касымов, 2018-2019 
 
12 
http://astanabilim.kz/infor/c
  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет