Cи тілінде бағдарламалау Берикжан Касымов, 2018-2019


getch(); функциясы кезкелген батырманы басқанша экранның  жабуды тоқтата тұрады;   бұл функцияның сипаттамасы conio.h



Pdf көрінісі
бет6/34
Дата28.06.2022
өлшемі2.75 Mb.
#459535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
devcpp 1 Kaz66

getch(); функциясы кезкелген батырманы басқанша экранның 
жабуды тоқтата тұрады; 

бұл функцияның сипаттамасы conio.h тақырыптық файлында 
орналасады; 

бағдарламаның мәтініне түсініктемелерді кіргізуге болады, ол үшін 
/* - симовлдары арқылы шамызда түсініктеме (комментарий)
жазамыз және */ символдары арқылы жабамыз. Бұндай 
жағдайларда көп жолды түсініктемелер енгізуге болады. 


Cи тілінде бағдарламалау Берикжан Касымов, 2018-2019 
 

http://astanabilim.kz/infor/c
  
2. Айнымалылар 
  Мәліметтердің түрлері (типтері) және айнымалылар 
Мәліметтерді өңдеу үшін оларды жадта сақтау керек. Ол үшін сол 
мәліметтермен байланысу немесе қарым-қатынас жасау қажет. Көп жағдайларда 
адамдар бір-бірімен есімдерін айту арқылы қарым-қатынас жасайды, 
бағдарламалауда да осындай әдіс қолданылады: жадтың әрбір ұяшығына (немесе 
ұяшықтар тобына) жеке арналған ат беріледі. Осы атты қолдану арқылы 
ұяшықтан ақпаратты оқуға болады және ұяшыққа жаңа ақпаратты жазуға 
болады.
Компьютердің көзімен қарайтын болсақ жадтағы барлық мәліметтер – ол сандар 
(нақтырақ –нольдер мен бірлердің жиынтығы). Сонымен қатар адамдар да, 
компьютерлер де бүтін және нақты сандармен әртүрлі жұмыс істеу керектігін 
біледі. Сол себепті әрбір бағдарламалау тілдерінде әртүрлі әдістерді қолданатын 
көптеген мәліметтердің түрлері (типтері) бар. Мысалы: 

бүтін типтер – int типі (ағылшынша integer – бүтін), жадтан 4 байт орын 
алады; 

нақты типті – float, бөлшек бөлігі болуы мүмкін айнымалылар
(ағылшынша floating point –жүзіген нүкте), 4 байт орын алады;

символдар – char (ағылшынша сharacter – символ), жадтан 1 байт орын 
алады.
Есепті шығару кезіндегі бағдарламада қолданылатын кезкелген айнымалыны 
сипаттау керек –себебі айнымалыға керекті өлшемде компьютер жадының
ұяшығынан орын алып, оған ат берілу қажет. Айнымалылар көбінесе 
бағдарламаның басында сипатталады. Сипаттау үшін айнымалының типінің 
(түрінің) атын жазамыз (int, float немесе char), одан кейін үтір арқылы барлық 
айнымалылардың аттарын жазамыз. Төмендегі мысалда келтірілгендей 
қалауымыз бойынша жаңа ұяшыққа керекті мәнін жазуға болады. Егер 
айнымалыға ешқандай мән берілмесе, онда ол «қоқыс» болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет