Еңбеке баулу:
Гүл егетін алаңда жұмыс (тазалау, қопсыту)
Мақсаты: Бірлесе жұмыс істей білу іскерліктерін тиянақтау, гүлдердің өсуі туралы білімдерін қалыптастыру.
Қимылды ойын: «Қай топ тез жиналады?»
Мақсаты:
-Жүру және жүгіру барысында бір – біріне соқтығыспай еркін жүруге үйрету;
-Тәрбиеші тапсырмасын бұлжытпай орындауға үйрету;
Қажетті материалдар: ұсақ ойыншықтар, қалақшалар мен шелек.
|
Жәндіктерді бақылау
Мақсаты:
-«Жәндіктер» сөзінің мағынасы туралы түсініктерін тиянақтау.
-Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне қарай салыстыра білуге үйрету.
Тәрбиеші жұмбақ жасырады.
Ызыңдап ән салады
Жұп – жұқа қанаты
Тәттіге тамсанып
Қоқысқа қонады. Бұл не? (Шыбын)
Тор тоқуға шебер – ақ
Бірақ киім тікпейді
Өнері де өнер – ақ
Бірақ ісі бітпейді (Өрмекші)
Құжынаған жұмыскер
Бірлескенде тым іскер (Құмырсқа)
Тәрбиеші сұрақтары:
- Жұмбақ жауаптарының шешуінде айтылғандарды бір сөзбен нелер деп атаймыз? (жәндіктер)
- Тағы қандай жәндіктерді білесіңдер? (көбелек, құрт, т. б)
- Қандай жәндік гүлдерді тозаңдандырады? (аралар)
- Жәндіктер қайда тіршілік етеді? (бақтарда, ағаштарда, су тоғандарында)
- Масалар неге зиянды жәндік деп атайды? (олар әртүрлі ауруларды тасиды)
Еңбекке баулу:
Алаңды қоқыстардан тазалау.
Қимылды ойын: «Аюлар мен аралар»
Мақсаты:
Жүру және жүгіру барысында бір – біріне соқтығыспай еркін жүруге үйрету;
Тәрбиеші тапсырмасын бұлжытпай орындауға үйрету;
Қажетті материалдар: ұсақ ойыншықтар, қалақша, сыпырғыш.
|