Д. Айтказина КӘсіби қазақ тілі



бет5/8
Дата24.02.2016
өлшемі0.89 Mb.
#12825
1   2   3   4   5   6   7   8

Есте сақтаңыздар

Өсімдік жамылғысы, тау аймағы, ең биік шыңы, қара топырақты, қылқан жапырақты, бауырымен жорғалаушылар, ескі қалашықтар, мүк басқан, мәңгі мұз қабаты, табиғат ескерткіштері.

Тапсырмалар
1. Мәтін соңында берілген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыздар.

2. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыздар.

3. Мәтінді ықшамдап мазмұндаңыздар.

4. Тақырып бойынша шағын эссе жазыңыздар.



5. Қосымша мәліметтерді пайдалана отырып, қысқаша аннотация жазыңыздар.

Қосымша мәліметтер

Алматы қорығы Іле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1931 жылы құрылған мемлекеттік корық. Ауданы 73,34 мың га (1997). Алматы қорығының құрамына теңіз деңгейінен 1400-5017 м биіктікте орналасқан Талғар тау жоталары енеді. Ол 4 биіктік белдеуден тұрады. Оның орманды дала белдеуінде (13002600 м) алма, өрік, долана, қарақат, итмұрын, ұшқат өседі. Жабайы жеміс ағашты орман Тянь Шань шыршасынан тұратын қылқан жапырақты орманға (14002800 м) ауысады. Ал субальпі белдеуі (26003000 м) жартастар мен құламашөгінділерден, шөбі аласа альпі шалғынынан тұрады. Одан жоғары (3800 м-ден биік) белдеуді ұдайы мұз басқан құздар алып жатыр. Қорықта өсімдіктердің 1300-ден аса түрі кездеседі, оның 112 түрі ағаштар мен бұталар. Алматы қорығы- жануарлар дүниесіне де бай. Онда сүткоректілердің 40 (барыс, коңыр аю, тас сусар, марал, таутеке, арқар, елік, суыр, тиін, т.б.), құстардың 200-дей түрі (самырсын құсы, шырша торғай, тоқылдақ, бұлбұл, үкі, кептер, қара және сары шымшық, құр, ұлар, қозықұмай, сушыл торғай, арша емен-тұмсығы, т.б.) бар. Бауырымен жорғалаушылардан: алай кесірткесі, қалқан тұмсықты жылан; космекенділерден: көлбақа мен жасыл құрбақа кездеседі. Қорықта ғылыми жұмыстар жолға қо йылған. Ғалымдар орманның қалыптасу заңдылықтарын, өсімдіктер мен жануарлар экологиясын және олардың биологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Қорықта көп жылдан бері "Табиғат шежіресі" атты күнделік жүргізіліп, онда жинақталған ғылыми мәліметтер Алматы қорығы туралы 9 томдық кітапта баяндалған.
7-мәтін. Қапшағай

Қапшағай – Қазақстандағы қала. Қазақстандағы құмар ойындар

ойнатуға рұқсат етілген екі қаланың бірі. Қапшағай қаласы 1970 жылдары құрылған. Қапшағай 3600 шаршы м құрайды. Қапшағай қаласында қазіргі таңда 2 округ және 11 елді мекен бар. Қапшағай бөгетінің солтүстік батысында 20 шақырым жерде Іле өзенінің оң жағасында Тамғалы Тас орналасқан. Қапшағай өңірінде 54,4 мыңнан астам адам тұрады. Қала Қапшағай бөгені жағасында бой көтерген. Қапшағай халықтың ең көп демалатын жерлерінің бірі болып саналады.

Қапшағай – Алматының серік-қаласы және Іле өзенінің бойында Қапшағай гидроэлектростанциясын орнатуымен байланысты тұрғызылған. Бірақ көптеген алматылық тұрғындар оны осылай аталатын суқоймасымен шатастырады. Қапшағай суқоймасы – Қазақстанның осындай типтегі ірі көлдерінің бірі, ұзындығы 100 км-ге, ені – 25 км-ге созылып жатыр. Қазіргі таңда бұл Алматы облысы бойынша жазғы уақытта  жағалаудағы демалыс ретіндегі ең көп қабылдайтын аймақ болып табылады.

Бұл су айдынының табиғат-ананың сыйлығы емес, Сіз бен біз секілді мыңдаған адамның маңдайынан құйылған тердің, білек күшінің нәтижесінде пайда болғанын білеміз. Кеңес өкіметінің қылышынан қан сорғалап тұрған уақытында Іле өзенінің бойынан су-электр стансасын салу – заман талабы болатын. Бұл станса, онымен бірге жасанды тұйықталған суқойма 1970 жылы дайын болды. Осы кезден бастап-ақ ұзындығы 180 шақырым, ең еңді жері 22 шақырым болатын су айдыны іргесіндегі Алматы қаласы тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналды. Жаздыгүні Алматы-Қапшағай трассасы ағылған көлікке, ал суқойма жағасы күнге қыздырынып, суға шомылған, қармағын асынған адамдарға лық толы. Сонымен бірге, бұл аймақты «қазақ Лас-Вегасына» айналдыру жобасы да жайлап болсын, жүзеге асып келе жатыр.

Жағалаулық коттедждер мен көптеген демалыс үйлері орналасқан солтүстік жағалауы өте танымал болып келеді. Көптеген демалыс үйлері осындағы кешендердің бір бөлігі болып келеді.

Бұл демалыс аймағына келу үшін алдымен Алматыдан 70 км қашықтықта орналасқан Қапшағай қаласына жетіп, суқоймадан өтіп және Талдықорған трассасымен тағы 30 км жүріп, көпірден оңға бұрылу керек.

Барлық демалыс аймақтарында демалушыларға моторлы қайық, катер, су шаңғыларын және яхта ұсынады.  Мұнда сіз көптеген кафелерге, дүкендерге, дискотека мен барлар қызметін қолдана аласыз.

Жазғы уақытта мұнда өте ыстық, кейде ауа температурасы 40°-қа дейін жетеді. Сондықтан өзімен бірге панама және қүннен қорғайтын көзілдірік алып, күн сәулесінің тура түсуінен сақтану керек. Су температурасы мамыр мен маусым айларында +18°С +20°С, шілде және тамызда +22°С +28°С-қа дейін жетсе, қыркүйек айында +18°С  +20°С болады.
Есте сақтаңыздар

Құмар ойындар, бой көтерген, серік-қала, созылып жатыр, жазғы уақытта, су айдыны, заман талабы, суқойма, лық толы, ауа температурасы, күн сәулесі.
Тапсырмалар
1. Мәтін соңында берілген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыздар.

2. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыздар.

3. Мәтінді ықшамдап мазмұндаңыздар.

4. Тақырып бойынша шағын эссе жазыңыздар.

5. Мәтіннен жалпы сөздер мен айқындауыш сөздерді табыңыздар.
8-мәтін. Алакөл

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы 1998 жылдың 21-ші сәуірінде Алматы және Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы аумағында ұйымдастырылды. Қорық Жоңғар Алатауы мен Алакөл көлінің Үлкен, Орта, Тасты аралдарынан бастау алатын Тентек өзенін сақтау мақсатында құрылған. Қорық екі бөліктен тұрады, біріншісі Сасықкөл көлінің оңтүстік жағалауындағы Тентек өзенінің атырауында орналасқан, ал, екінші бөлігі Алакөл көлінің аралдарында орналасқан. Қорықтың орталық мекені Алматы облысы Алакөл ауданының Үшарал қаласында орналасқан, ол Талдықорған облыстық орталықтан 282 км.

Алакөл – Алакөл өзенінің ағындысындағы ең үлкен көл, сонымен қатар, Қазақстанның ең ғажайып көлдерінің бірі. Ол, Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Қытай шекарасында теңіз деңгейінен 340 шаршы метр биіктікте орналасқан. Көлдің ұзындығы 104 кл. ал, ені 52 кл. Көлдің жағалауы емдік лайға, минералды тұздарға бай. Алакөл көлінің суы теңіз суының құрамымен бірдей: сульфат-хлорлы натрий және бұрыннан емдік қасиетімен танымал.

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығында 269 түрден астам құс бар. Олар табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау жөнінідегі халықаралық одақтың Қызыл кітабына енгізілген. Олар, шағала, қызғылт және бұйра бірқазандар, ақ құтандар, қара құтандар, қулар, дуадақтар. Алакөл суында балықтың 8 түрі мекендейді. Көлге құятын өзендердің сағасында ондатра мекендейді. Жағалауда баклан, гагара, аққу, бірқазан, ақққұтан, үйрек мекендейді. Құрақтардың арасында ала мысық және су егеу құйрығы кездеседі.Аңдардың ішінде – арқарларды, ақбөкендерді, тау ешкі, бұғы, аюларды және т.б көруге болады.


Есте сақтаңыздар

Бастау алатын, өзенінің ағындысындағы, ғажайып, шекарасында, теңіз деңгейінен, емдік лайға, минералды тұздарға, емдік қасиетімен танымал, шағала, қызғылт, бұйра бірқазандар, ақ құтандар, қара құтандар, қулар, дуадақтар, ондатра.


Тапсырмалар
1. Мәтін соңында берілген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыздар.

2. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыздар.

3. Мәтінді ықшамдап мазмұндаңыздар.

4. Тақырып бойынша шағын эссе жазыңыздар.

5. «Туризм» тақырыбы бойынша пресс-релиз жасаңыздар.
4 Біздің шаһарлар
1-мәтін. Павлодар облысы

Павлодар облысы – электр және жылу өндірісіне, сазды

топыраққа, мұнай өңдеу өнімдеріне, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне, құрылыс заттарына бағытталған өзіндік көп салалы өнеркәсіптік кешені бар Қазақстанның ірі индустриялды орталығы. Металлургия өнеркәсібінің неғұрлым ірілері “Қазақстан Алюминийі ” АҚ, “Қазақстан электролиз зауыты” АҚ, Ақсу ферроқорытпа зауыты – ТНК “Казхром” АҚ филиалы болып табылады. Тау-кен өндірісі келесі кәсіпорындармен көрінеді: “Богатырь Аксес Көмір” ЖШС, “Майкөбен Вест” ЖАҚ. Облыста мұнай өнімдерін өңдеу бойынша Республикадағы ірі кәсіпорындардың бірі – “Павлодар мұнай өңдеу зауыты” АҚ жұмыс атқарып жатыр. Облыстың көп бөлігі жер шарының ұлы жазық даласы болып табылатын оңтүстік шегіндегі Батыс-Сібір жазығында жатыр. Аймақтың оңтүстік-батыс бөлігінің бедері өте тартымды. Жеткіліксіз өсімдігі бар сары-қоңыр түске боялған жартылай шөл қыр далада үлкен емес таулы-орманды оазисті байқауға болады. Бұл Қазақстандағы сұңғат бұрыштардың, демалыс және туристік орындарының, өңіндегі ертегіге саяхат орындарының бірі болып табылады.

Облыс құрамына үш қала кіреді: Павлодар, Екібастұз, Ақсу, төрт поселке мен он ауылдық аудан. Облыс орталығы – республиканың көне, әдемі қалаларының бірі Павлодар қаласы, ол Қазақстандағы ең ірі Ертіс өзенінің жағасында орын алған. Ақындар өлеңдеріне қосып айтқан қала кең даңғылдарымен, көшелерімен, көлеңкелі саябақтарымен, гүлзарларымен, фонтандарымен өзінің қонақтарын сүйсіндіреді, мұнда қай мезгілде болсын таза және жайлы.

Павлодар – солтүстік Қазақстанның мәдениет пен өнерімен танылған орталығы. Палодарлықтар өз халқының тарихы мен мәдени ескеркіштерін қасиеттеп қорғайды. Мұражайлар, көрмелер, мәдениет жетістіктерінің тұсаукесерлері мұнда өте танымал және келушілерге бай. Қаланың тарихы бай және оның ертеден келе жатқан мәдени дәстүрлері бар. Павлодар Ертіс өңірі – атақты ғылым, мәдениет және өнер қызметкерлерінің Отаны болып табылады. Мұнда Қаныш Сәтбаев, Григорий Потанин, Әлкей Марғұлан, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Шапық Шөкин, Жұмат Шанин, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Дихан Әбілев, Шәкен Айманов, Жарылғапберді, Жаяу Мұса, Иса Байзақов, Сәбит Дөнентаев, Павел Васильев және тағы басқа тек облысты ғана емес, сонымен қатар Республикаға танымал қайраткерлер туған. Ертіс бойымен ақ жартасты жолақ сияқты біздің мейірімді, қонақжай қаламыз жайылып жатыр.
Есте сақтаңыздар

Жылу өндірісі, мұнай өңдеу, көп салалы, жазық дала, қыр дала, атақты ғылым, мәдениет және өнер қызметкерлері, ақ жартасты, мейірімді, қонақжай.


Тапсырмалар
1.Мәтін соңында берілген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыздар.

2. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыздар.

3. Мәтінді ықшамдап мазмұндаңыздар.

4. Тақырып бойынша шағын эссе жазыңыздар.

5. Ертістің Павлодар өңіріндегі географиялық жер-су атаулары қалай шыққан?


Қосымша мәліметтер

Ертіс – Алтай қарттың қоймасындағы байлық бүкіл төңіректі таңқалдыратын. Оның алтыны мен күмісін, мысы мен темірін сұсты құз жартастар күндіз-түні кірпік қақпай күзететін. Осындай күндердің бірінде Алтай қарт өз көршісі Тянь-Шаньға: «Әттең ұлым болса, өзіме көмекші болып, осы байлықтың барлығын суық көздерден қорғар еді ғой» деп өкінішін білдіреді. Қарттың арманы орындалып, тау құздардың терең шатқалының саңылауынан тамшылаған судан пайда болған мұздай суық ұл дүниеге келеді. Ол күн сайын емес, сағат сайын өсіп, қайратты алып батыр болады. Күші бойына сыймай, лай өздері тұрған тау аңғарларын бұзып-жарып, тесіп тастайды. Сондықтан, оған жертесер – Ертіс деген ат беріпті.


2-мәтін. Павлодар

Павлодар қаласының білім беру жүйесі түрлі бағыттағы оқу мекемелерінің желісі болып табылады. Оның ішіне мынадай білім беру мекемелері (48 жалпы білім беру мемлекеттік мектептері, 47 мектепке дейінгі ұйым, 27 колледж, 15 кәсіби мектеп пен лицейлер, 11 мектептен тыс ұйымдар және т.б.) кіреді. Білім берудің мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарында оқитын балалар мен жасөспірімдер саны 44800, оның ішінде 11425 – бала бақшадағы балалар.

Балаларды мемлекеттік тілде оқыту мен тәрбиелеу ұйымдарының жүйесі дамуда, қалада мемлекеттік тілде тәрбие беретін 8 бала бақша бар, аралас тілде – 31, олардың ішінде 4500-ден астам бала мемлекеттік тілде тәрбиеленеді. Қазақ тілінде білім беретін 5 мектеп пен 19 аралас мектептерде мемлекеттік тілде 7700 оқушы білім алады.

Қалада С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педогогикалық институты, Еуразия инновациялық университеті, арнаулы оқу мекемелері қызмет етеді.

Қалалық денсаулық сақтау жүйесіне емдеу-сауықтыру ұйымдары кіреді – 4 емхана, қаланың шеттегі шағынаудандарындағы 5 дербес дәрігерлік амбулатория, ауылдардағы 3 дәрігерлік амбулатория, жедел жәрдем ауруханасы, № 1, 2, қалалық ауруханалар, облыстық диагностикалық орталық, балалар стоматология емханасы, қалалық балаларды сауықтыру орталығы, жедел жәрдем станциясы, сондай-ақ, жеке меншік медициналық мекемелер.

Павлодар – спорт орталығы. Салауатты өмір салтын қалаушылар спортпен белсенді шұғылдануда. Қалада 5 стадион, «Астана» мұз сарайы, 8 спорт кешені, 9 жүзу бассейні, 132 спортзал, «Юность» жеңіл атлетикалық манежі және т. б. бар.

Павлодар қаласы өзінің атақты спортшы жерлестерін мақтан етеді. Олардың ішінде Нагана қаласында өткен XVIII қысқы Олимпиадасының қола жүлдесінің иегері – Людмила Прокашева; келешегі алда, жас шаңғышылар, Қазақстанның бірнеше мәрте чемпиондары, Турин қаласында (Италия) өткен XX қысқы Олимпиада ойындарының қатысушылары, Республика құрамасының мүшелері – Головко Андрей және Кривушкин Денис; Қазақстан Республикасының жеңіл атлетикадан құрама командасының мүшесі, Қазақстан Республикасының және Азиат (Тайланд) ойындарының чемпионы Валиев Роман; дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионы, «А» тобындағы Әлем Кубогының қола жүлдегері – Әлмұқашев Саят және т.б. Павлодар қаласының спорттағы мақтанышы, Қазақстанның бес мәрте чемпионы, республиканың премьер-лигасында ойнайтын – «Ертіс» футбол командасы.

Театрлар, мұражайлар, кітапханалар, мәдени-демалыс мекемелері павлодарлықтар үшін мәдени қызмет көрсету орталықтары болып табылады. Қалада Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры және А. П. Чехов атындағы облыстық драма театрлары, 5 мұражай – Г. Н. Потанин атындағы облыстық өлкетану мұражайы, облыстық көркем-сурет мұражайы, Бұқар Жырау атындағы әдебиет пен өнер облыстық мұражайы, П. Васильев атындағы мұражай үйі, Шафер Үйі бар. Достық үйі ашылды. Қала мәдениетін дамытуға Естай атындағы қалалық мәдениет сарайы, «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығы, «Космос» жастар үйі және басқа мәдениет ошақтары үлкен үлес қосуда. Павлодарда 24 кітапхана және 3 кинотеатр жұмыс істейді.

Теміржол мен автомагистральдар тоғысқан қиылыста орналасқан Павлодар қаласы облыстың барлық елді мекендерімен, Қазақстанның облыстық орталықтарымен, таяу және алыс шетел (Ресей Федерациясы, ҚХР, Германия) елдерінің қалаларымен транзиттік мүмкіндікке ие. Қала әуежайынан республика бойынша, сондай-ақ, Ресейге, Германияға, Түркияға, Қытай мен Араб Эмираттарына үздіксіз әуе рейстері ұшып тұрады.
Есте сақтаңыздар

Білім беру жүйесі, түрлі бағыттағы, жасөспірімдер, емдеу-сауықтыру ұйымдары, жедел жәрдем, театрлар, мұражайлар, кітапханалар, мәдени-демалыс мекемелері, өлкетану мұражайы, облыстық көркем-сурет мұражайы, тоғысқан қиылыста.



Тапсырмалар
1. Мәтін соңында берілген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыздар.

2. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыздар.

3. Мәтінді ықшамдап мазмұндаңыздар.

4. Тақырып бойынша шағын эссе жазыңыздар.

5. Жылдам жауап беріңіз:

- Өзен суының бағыты (Ағын);

- Қала сөзінің синонимі (Кент);

- Ақтөбе облысындағы аудандағы өзен (Қарақобда, Сарықобда);

- Физикалық географияның табиғи аймақтық комплекстерді

зерттейтін саласы (Ландшафт);

- Өзеннің қосылуы (Сала);

- Ертіс өзенінің сол жақ саласы (Есіл);

- Су тереңдігін өлшейтін аспап (Лот);

- Қарағанды, Ақмола облыстарының жері арқылы ағатын өзен

(Нұра);

- Бурабай жеріндегі минералды су қоры бар көл (Майбалық);



- Павлодар облысында қанша аудан бар? (12);

- Қазақстанның оңтүстігінде, Қаратау баурайында орналасқан

қорық? (Ақсу-Жабағылы қорығы);

- Көкшетау – Қызыл Ту темір жол бойындағы Ленин ауданының

орталығы, қала типтес поселке (Талшық);

- 1940 жылы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинатының

салынуына байланысты, ірі темір кендерін игеруіне байланысты іргесі қаланған өнеркәсіп орталығы (Рудный);

- Павлодардың солтүстік батыс бөлігіндегі Ақтоғай

ауданындағы ең ірі көлдерінің бірі (Шығанақ);

- Қазақстанның батыс бөлігіндегі қырқалы аласа таулы массив?

(Мұғалжар);

- Географияның ғылыми еңбектері үшін ресми мараппаталған

тұңғыш қазақ кім? (Бабажанов);

- Көкшетау қаласындағы ағынды көл (Қопа);

- Жамбыл облысындағы жер асты шипалы су көзі бар аудан?

(Мерке);


- Павлодар облысындағы әктас кені? (Керегетас);

- Антарктида ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысқан

тұңғыш қазақ ғалымы? (Марат Мұсабаев).

3-мәтін. Ақсу

Ақсу қаласы – Павлодар облысының Ертіс өзенінің сол жағалауында Павлодар қаласының оңтүстігінде 50 шақырым жерде орналасқан. Қала аумағы және оның ауылдық аймағы солтүстігінде – Ақтоғай ауданымен, оңтүстігінде – Баянауыл, Май, Лебяжі аудандарымен, батысында – Павлодар ауданымен және шығысында Екібастұз ауылдық аймағымен шекараласады.

Ақсудың тарихы Екібастұз ауданының тас көмірі кені ашылуымен тығыз байланысты. 1897 жылы Екібастұздан 109 шақырымдық темір жолының құрылысы басталды. Воскресенск темір жолы болашақ қаланың аумағынан өтті. Ертіспен қиылысқан жолда тұрақ пайда болып, екі поселкі дами бастады: әкімшіліктік және жұмысшы. 1914 жылы жаңа Ермак поселкісінің жоспары бекітілді. 1993 жылы 4 мамырда Ермак қаласы Ақсу қаласына өзгертілді. Бірнеше жылдан кейін облыс әкімінің шешімімен 1997 жылғы 9 шілдеде Ақсу ауданының аумағы Ақсу қаласының шекарасына, ауылдық округтер мен Қалқаман поселкісі Ақсу қаласының әкімшілік қарамағына тапсырылды.

Қазіргі кездегі Ақсу – бұл Павлодар облысының өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы дамыған қала. Қала тұрғындары 70000 адамды, ауыл тұрғындары 29000 адамды құрайды.

Қаланың өнеркәсіптік инфрақұрылымын екі кәсіпорын құрайды: Ақсу ферроқорытпа зауыты мен Еврозиаттық энергетикалық корпорация электр станциясы.

2001 жылдан бері қала энергетиктерімен 55807 миллион киловаттсағат электр энергиясы және 6120 гекокалория жылу энергиясы өндірілді. 1962 жылдан бастап ферроқорытпа зауыты объектілерінің өнеркәсіптік құрылысы басталды. 1968 жылғы қаңтарда зауытта алғашқы ферроқорытпа тоннасы балқытылды, ал 1970 жылы шілде айында № 2 цехтың 8 балқытпа пештері жұмысқа қосылды. 1995 жылы кәсіпорын Қазхром Трансұлттық компания құрамына қосылды.

Қаланың маңызды стратегиялық объектісі Қ.Сәтпаев атындағы Ертіс-Қарағанды каналы болып табылады. Ертіс-Қарағанды каналы – Қазақстанның орталық және солтүстік бөліктеріне ауыз суының негізгі жеткізушісі болып табылады. Ақсу қаласының ауылдық аймағы 1 поселок, 3 ауыл және 11 ауылдық округтен тұрады. Ақсу қаласы ауылдық аймағының маманданған ауыл шаруашылығы: көкөніс, мал, құс шаруашылығы.

Есте сақтаңыздар

Қала аумағы, тұрақ, өнеркәсіптік, ферроқорытпа зауыты, балқытпа пештері, маңызды, негізгі жеткізушісі, көкөніс, мал, құс шаруашылығы.


Тапсырмалар
1. Мәтін соңында берілген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыздар.

2. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыздар.

3. Мәтінді ықшамдап мазмұндаңыздар.

4. Тақырып бойынша шағын эссе жазыңыздар.

5. Төмендегі мысал бойынша жаңа сөз жасап көріңіздер.

Алуа – Алау – Аула

Атлас – Салат – Талас

Күрек – Күрке – Үркек

Қамал – Мақал – Қалам

Қыран – Қарын – Нарық

Тарақ – Қатар – Қарта
4-мәтін. Екібастұз

Екібастұз қаласы Қазақстан Республикасының Павлодар облысында орналасқан. Қазақстанның ірі көмір алыбы табылған жер. Бассейн жанынан Павлодар-Астана теміржолы, Ертіс-Қарағанды каналы және Павлодар-Қарағанды автожолдары өтеді. Көлемі 155 шаршы шақырым , ұзындығы 24 шақырым және максималды ені 8,5 шақырым котловинаға тіреледі. Көмірдің жалпы геологиялық қоры шамамен 10 млрд т. Қазба орталығы – Екібастұз қаласы. Екібастұз елді мекені 1898 жылы ашылған. Екібастұзға облыстық маңызы бар қала статусы 1957 жылғы 12 маусымда берілген. Аймақ аумағы – 18,9 мың шаршы шақырымды құрайды.

Екібастұз қаласының білім беру жүйесінде 49 мектеп, оның ішінде ауылдық – 23. Барлығы – 18780 оқушы. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекемелер – 22: мұнда 4833 бала оқытылып, тәрбиеленеді. Қосымша білім мекемелері – 3: бейнелеу өнері және музыка мектептері, "Қайнар" балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы. Мұнда шамамен 20030 оқушы айналысады.

Екібастұз аймағында 37 емделу-сауықтыру мекемелері қызмет көрсетеді.

Екібастұз қаласында 20 мәдени мекемелері қызмет етеді. Достық үйі 10 этно-мәдени бірлестіктерді біріктіреді. Қалалық тарихи-өлкетану мұражайы көрме залы және 9 экспозициялық залдары бар. Мұражай қорында – 28135 экспонат. Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне 26 кітапхана, кіреді. Кітап қоры 348581 экземплярды құрайды.

Спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы желілер қызмет атқарады: 5 балалар-жасөспірімдер спорттық мектептері, мұнда 4700-ден астам адам шұғылданады; 211 спорттық ғимараттар, оның ішінде «Шахтер» стадионы, 5 жүзу бассейні, 61 спорттық залы, ипподром. Спортты дамыту жылдарында Екібастұзда 20 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының 50 спорт шебері дайындалған.

Екібастұздық көмір алқабы – әлемдегі ең ірі орын. «Богатырь Аксес Комир» ЖШС – ашық тәсілмен көмір қазу бойынша тау кәсіпорны. Кесіндінің өндірістік қуаттылығы жылына – 42 миллион тонна. Көмірді тұтынушылар Қазақстан Республиксы мен Ресей Федерациясының энергожүйелері болып табылады.
Есте сақтаңыздар

Қазақстанның ірі көмір алыбы, мұражайы, көрме залы, спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, ғимараттар, ашық тәсілмен, өндірістік қуаттылығы, энергожүйелер.


Тапсырмалар

1. Мәтін соңында берілген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыздар.

2. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыздар.

3. Мәтінді ықшамдап мазмұндаңыздар.

4. Тақырып бойынша шағын эссе жазыңыздар.

5. Берілген сөздерден тұрақты тіркес жасаңыздар:

- Аспан, жер, зат, ел – аузына қарату;

- Ойық, жарақ, сынық, жарық – сылтау;

- Мақта, мата, пышақ, балта – бауыздау;

- Бүйрек, асқазан, ішек, бауыр – сілесі қату;

- Биік, қысқа, терең, ұзын – құлақ.
5-мәтін. Көкшетау

Қазіргі Ақмола облысының солтүстігі мен оған шектесіп жатқан Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарын қамтиды. Орталық бөлігінде Көкшетау қыраты орналасқан. Осында шығыстан батысқа қарай Көкше, Жақсы Жалғызтау, Жаман Жалғызтау, Имантау, Жыланды, Сандықтау, Үлкентүкті, Бұқпа, Қошқарбай, Зеренді таулары, Айыртау, Сырымбет секілді таулар мен Шортанды, Бүркітті асуы, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты,Бурабай, Айнакөл, Айдабол, Зеренді, Қопа, Атансор, Майлысор, Мамай, Саумалкөл, Шалқар, Үлкен Қоскөл, Кіші Қоскөл, Жолдыбай, Қалмақкөл, Шағалалытеңіз, Сілетітеңіз, Теке, Үлкен Қараой, Кіші Қараой, Қалибек, т.б. көлдері орналасқан. Бурабай көлінің ортасында Жұмбақтас тұр. Бұл аймақта Оқжетпес, “Жеке батыр”, Кенесары үңгірі, т.б. тарихи орындар бар. Қыраттың батыс жағынан Есіл өзені ағып өтеді. Көптеген ұсақ өзендер көктемде қатты тасығанымен, жазда суы азайып, көпшілігінің арналары кеуіп қалады. Қыста күн суық, қаңтар айындағы жылдық орташа температура мөлшері –16 – 19°С, шілдеде 19 – 20°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 230 – 400 мм.

Көкшетау – Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік-шығыс бөлігінде оқшау орналасқан, жақпартасты, орманды-көлді тау. Ең биік жері – Көкше шоқысы (947 м). Ақылбай кезеңі Көкшетауды екіге бөледі: солтүстігінде – Көкше, Бура, Жеке батыр, оңтүстігінде – Айыртөбе, Шортан шоқылары бар.

Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 276 км жерде, Көкшетау қыратының солтүстігінде, Қопа көлінің оңтүстік жағалауындағы көрікті жерде орналасқан. Қаланың аумағы – 420,0 км2.

Қылшықты өзені осы таудан бастау алады. Тау беткейлерінде қарағай, қайың, терек, әр түрлі бұта, тау етегіндегі аңғарлардың шалғындық топырағында бидайық, арпабас, бұтақты бидайық, айрауық аралас әр түрлі шөптер өседі.

Қалада тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, металл өңдеу, химия өндірісі, металл емес бұйымдар өндіру, картон мен қағаз өндіру кәсіпорындары, жылу, электр энергиясын, газ және су тарату мекемелері бар. Білім жүйесі саласында 3 жоғары оқу орны, 13 арнайы орта оқу орындары, жалпы білім беретін 23 мектеп жұмыс жасауда. 2 театр, филармония, қалалық кітапханалар жүйесі, 4 мұражай, көрме залы, 6 клубтық мекемелер қалалықтар мен қонақтарға мәдени қызмет көрсетеді. Қалада дене шынықтыру және спорт саласы жақсы жолға қойылған: 3 стадион, 3 жүзу бассейні, 1 шаңғы базасы, 6 спорт мектебі бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет