74
құрамында баяу дамитын вирустар болуы мүмкін болды. 1980 жылы
«Генентек» компаниясы осы кемшіліктері жоқ соматотропин гормонының
бактериялар көмегімен өндірісін жасап шығарды. 1982
жылы Франциядағы
Луи
Пастер
институтында
жануарлар
және
E.coli
жасушалары
культураларында соматотропин адамның өсу гормоны алындып, ал 1984
жылы СССР мемлекеттерінде де соматотропиннің өндірістік масштабтағы
өндірісі басталды.
Интерферон өндірісі кезінде
E.coli және
S.cerevisiae (ашытқы)
бактерияларын қолданумен қатар, фибробласттар және трансформацияланған
лейкоциттер жасушаларын қолданады.
Рекомбинантты ДНҚ технологиясы негізге алына отырып, ұлпалардағы
гендер
экспрессиясын, хромосомадағы гендердің орналасуын зерттейтін
арнайы ДНҚ зондарын алу, қызметтерін ұқсас ететін гендерді анықтау
жұмыстары жасалды. ДНҚ-зондтарды әртүрлі ауруларды диагностикалау
мақсатында да қолданады. Рекомбинантты ДНҚ технологиясы «кері
генетика» атауына ие болған дәстүрлі емес «ақуыз-ген» бағытын мүмкін етті.
Бұл кезде
жасушадан ақуыз бөліп алынып, осы ақуызды кодтайтын
нуклеотидтер тізбегін клондайды, өзгертілген белокты кодтайтын мутантты
генді жасай отырып, оны модификациялайды.
Алынған генді жасушаға
енгізеді. Егер ол экспрессияланса, оған ие жасуша және оның ұрпақтары
өзгертілген ақуызды синтездейтін болады. Осылайша, зақымдалған гендерді
жөндеп, тұқым қуалаушы ауруларды емдеуге болады.
Егер гибридті ДНҚ-ны ұрықтанған
жұмыртқа жасушасына енгізсек,
мутантты генді экспрессиялап, оны ұрпақтарына бере алатын, трансгенді
ағзаны алуымыз мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: