Д. К. Найманов, А. М. Калбаева Гендік және жасушалық инженерия


 Векторлық ДНҚ-ға қойылатын талаптар және оның құрамы



Pdf көрінісі
бет40/49
Дата21.12.2023
өлшемі1.81 Mb.
#487259
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49
Генетикалық инженерия оқу құралы (1)

 
3.2 Векторлық ДНҚ-ға қойылатын талаптар және оның құрамы. 
Вектор дегеніміз – екі компоненттен тұратын ДНҚ немесе РНҚ 
молекуласы: векторлық бөлім (тасымалдаушы) және клондалатын бөтен ген. 
Вектордың басты мақсаттары – рецепиент-жасушаға таңдалған ДНҚ 
молекуласын 
әкелу, 
оны 
геномға 
енгізу, 
трансформацияланған 
жасушалардың идентификациясын мүмкін ету, енгізілгеннің геннің 
тұрақтиы экспрессиясын қамтамасыз ету. 
Сонымен, вектор:
 Үлкен болмауы керек; 
 Қожайын жасушада өмір сүруге қабілетті (реплдикациялануға 
қабілетті) юолуы керек; 
 Еселеп копиялануы (амплификациялануы) керек; 


80
 Қажетті генді экспрессиялау керек (құрамында регуляторлық 
тізбектер болуы керек); 
 Құрамында маркерлік (селекциялау жұмысы сәтті өтуі үшін 
гибридтелген жасушаларды ажыратып алуға мүмкіндік беретін) 
гендер болуы қажет; сәйкес ағзаның жасушасына берілуге 
қабілеттілігі болуы қажет; 
Трансформацияланған жасушаларды ажыратып тануға мүмкіндік 
беретін маркерлік гендерді 2 топқа бөлуге болады: 
1. Антибиотиктерге (канамицин, тетрациклин, неомицин және т.б.) 
төзімділікке жауап беретін, өсімдіктерде (гербицидттерге 
төзімділік) селективті гендер; 
Сондай-ақ, ол белгілі бір субстратқа және т.б. ауксотрофтылық 
бойынша гендер болуы мүмкін. Мұндай маркерлердің жұмыс істеу 
принциптері – трансформацияланбаған, яғни қалыпты жағдайдағы 
жасушалардың өсуін тежейтін белгілі бір химиялық заттың 
қоректік ортаға қосу арқылы трансформацияланған жасушалардың 
селективті қоректік ортада өсе алу қабілеті. 
2. Бейтарап ақуыздарды кодтайтын репортерлік гендер, олардың 
ұлпаларда бар-жоғын оңай анықтауға болады. Ең жиі 
қолданылатын репортерлік гендер ретінде: β-глюкуронидаза 
(GUS), жасыл флюоресцентті ақуыз (GFP), люцивераза (LUC), 
хлорамфениколацетилтрансфераза (CAT) қолданылады. Жоғарыда 
айтылғандардың 
ішінен 
ең 
жиі 
қолданылатындары: 
β-
глюкуронидаза (GUS), жасыл флюоресцентті ақуыз (GFP), ал 
люцивераза (LUC), хлорамфениколацетилтрансфераза (CAT) 
маркерлері онша жиі қолданылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет