Д. К. Найманов, А. М. Калбаева Гендік және жасушалық инженерия



Pdf көрінісі
бет3/49
Дата21.12.2023
өлшемі1.81 Mb.
#487259
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Генетикалық инженерия оқу құралы (1)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
2 бөлімге арналған бақылау сұрақтары....................................................... 68 
3 бөлім 
ГЕНДІК ИНЖЕНЕРИЯ 
3.1 
Гендік инженерияның даму тарихы………………………………. 69 
3.1.1 Рекомбинантты ДНҚ-ын құрастыру................................................ 
72 
3.1.2 Гендік инженерияның мүмкіндіктері……………………………... 
73 
3.1.3 Гендік инженерия әдістері………………………………………… 
74 
3.1.4 Генді жасушаға тікелей енгізу тәсілдері…………………………. 
75 
3.2 
Векторлық ДНҚ-ға қойылатын талаптар және оның құрамы….. 
79 
3.2.1 Жасушаға енгізілетін векторлар түрлері…………………………. 
82 
3.3 
Сүтқоректілер жасушасына гендерді енгізу. Жануарлар 
жасушасына тасымалдауға арналған векторлардың 
сипаттамасы………………………………………………………… 88 
3.4 
Ядроны трансплантациялау тәсілдері…………………………….. 89 
3.5 
Трансгенді жануарларды адамның қажеттіліктеріне пайдалану... 90 
3 бөлімге арналған бақылау сұрақтары....................................................... 95 
Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................................... 96 


5
КІРІСПЕ 
 
«Гендік және жасушалық инженерия» атты оқу құралы биотехнология 
саласына қатысты басылым болып табылады. Биотехнология ғылымы – 
экономикалық тұрғыдан тиімді де маңызды заттарды өндіру және өнімділігі 
жоғары микроорганизмдер штаммдарын, өсімдіктердің сорттары мен 
формаларын, жануарлардың асыл тұқымдарын шығару мақсатында 
биологиялық үрдістер мен нысаналарды пайдалануға негізделген ғылым мен 
өндірістің жаңа саласы. 
Жасушалық және гендік инженерия өсімдіктердің жаңа сұрыптары мен 
малдың асыл тұқымдарын шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде гендік 
инженерия 
дәрі-дәрмек 
препараттарын 
өндіруде 
биотехнологиялық 
фарминдустрияда жетекші сектор болып табылады. Биотехнологиялық, 
биохимиялық және микробиологиялық әдістерді өнеркәсіпте қолдана 
отырып, адамға қажетті өнімдерді (мысалы, биологиялық белсенді заттар
антибиотиктер, дәрумендер, гликозидтер, интерферондар, моноклоналды 
антиденелер, т.б.) алуға болады. Биотехнологиялық әдістермен өндірілген 
фармацевтикалық өнімдер әлемдік бағыттағы биотехнологиялық нарықтың 
жартысына жуығын құрайды. Оларға емдеу, диагностикалық препараттар
вакциналар, 
емдік 
сарысулар, 
анатоксиндер, 
иммуноглобулиндер, 
бактериофагтар, 
нормофлора 
дәрі-дәрмектері, 
аллергендердің 
диагностикумдары, барлық профилактикалық құралдарды жатқызуға болады. 
Мысалы, ХХІ ғасырда Ресейде иммунобиологиялық препараттардың 500-ге 
жуық түрі өндіріледі де 300-ге жуық түрі сатып алынады. Ал Қазақстанда 
фармацевтикалық дәрілік өнімдердің 550 түрі басқа мемлекеттерден сатылып 
алынады да, тек 150-ге жуығы өндіріледі. 
Дүние жүзінде тек ғылыми-зерттеу зертханаларымен қуатты өндірістік 
база өзара қарым-қатынаста болатын кешендері сыртқы нарыққа сапалы 
және бәсекеге қабілетті өнімдер өндіре алады. Біріккен Ұлттар Ұйымының 
сарапгшыларының қорытындысы бойынша болашақта биотехнология өзінің 
барлық қызмет салаларында және ең әсіресе азық-түлік өнімдерін
медициналық препараттарды алуда, ауыл шаруашылығында, экология
энергетика салаларында, адамзаттың өмірінің ойдағыдай дамуын анықтайтын 
болады. 
«Гендік және жасушалықинженерия» атты оқу құралының мақсаты – 
білім алушылардың гендік және жасушалық инженерияның теориялық және 
практикалық негіздерін бірдей игеруге ынталандыру болып табылады. Оқу 
құралы құрамында гендік және жасушалық инженерияның қазіргі уақыттағы 
жағдайын сипаттайтын ақпараттардың болуымен ерекшеленеді.
Оқу құралының мазмұны – білім алушыларды биологияның көптеген 
салаларына 
негізделген, 
заманауи 
инженерияның 
жетістіктерімен 
таныстырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет