ЛИТЕРАТУРА
1. Юрий Дорохов. Горе от зерна: экономика Казахстана оказалась не готовой к роли одного из лидеров мирового рынка зерна. // "Эксперт-Казахстан" – 9.10.2007. – №4 – С. 6-9.
2. Есиркепов, Т. Модели организации агробизнеса и казахстанский вариант. / Т. Есиркепов, К. Есиркепов // Деловая неделя. – 12 октября 2007. – № 112. – С 8.
3. Войцеховский, И. Биржи, которые мешают / И. Войцеховский // Республика – 01.10.2004. – №123. – С. 23.
4. Для развития товарных бирж в РК государство должно использовать административный ресурс. "Казахстан Сегодня" – 24 сентября. – www kazakhstan today. kz.
5. Ольга Флинк. Продукт стратегического назначения // Эксперт-Казахстан. – 18.09.2007. – № 4. – С. 6.
6. Американские бизнесмены готовы инвестировать аграрный сектор Казахстана – 27.07.2006. – Информационное агентство Хабар. – www khabar. kz.
7. Рубанов И. Да будет зерновая ОПЕК / И. Рубанов. – Эксперт Online – 3. 09.07. – www Online. kz.
8. Глобализация экономики ведет к обнищанию целых континентов – // Крестьянские ведомости – 07.08.2001. – № 8. – С. 6.
УДК 636.082:636.2(574.1)
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ
А. М. Тасенова, магистрант
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Мақалада Батыс Қазақстан облысындағы асыл тұқымды мал шаруашылығының жай-күйі жөнінде және мемлекет тарапынан жасалынып жатқан шаралар туралы сипатталады.
В статье рассматривается состояние племенного животноводства Западно Казахстанской области и ряд мер, оказываемых государством.
The article is considered the condition of breeding of animals industries West Kazakhstan region and a number of the measures rendered by the state.
Қазақстанда мал шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттарының бірі – асыл тұқымды мал басын көбейту мен олардың қорын сақтап қалу болып табылады. Қазіргі кезде елімізде мал тұқымын асылдандыру мәселесіне біршама көңіл аударыла бастады. Елбасы Қазақстан халқына әр жылғы дәстүрлі Жолдауында да, ауыл шаруашылығы қызметкерлерімен жүздесуінде де мемлекетіміздің мәртебесін көтеретін асыл тұқымды мал санын көбейтуді міндет етіп қойғанды. Төрт түлікті түгел өргізіп отырған өлкеде мал басын асылдандыру бағытында қандай мемлекеттік шаралар жүргізіліп жатыр деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Ең бастысы – мал шаруашылығын дамыту үшін, оның ішінде мал тұқымын асылдандыру үшін бірқатар бағдарлама қабылданды. Соның бірі – асыл тұқымды малдың бағасын төмендету. Әдетте, асыл тұқымды мал 1,5 жыл ішінде өсіп-жетіледі. Бүгінде асыл тұқымды мал шаруашылығында өсірілген малдың өзіндік құны нарық бағасымен алғанда, қарапайым тұқымды мал басымен салыстырғанда, айтарлықтай екі-үш есе қымбат. Біріншіден, осы салада жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмысы мен оны бағып күтуге көп шығын жұмасалды. Мұндай асыл тұқымды мал басын жай, қарапайым шаруашылықтар сатып ала алмайды. Оның орнына ғылыми тұрғыдан алғанда барлық жағынан көрсеткіш төмен мал басын сатып алады да, оны әрі қарай өсіре береді. Сондықтан, асыл тұқымды малдың қарапайым адамдарға немесе қатардағы шаруашылыққа, малшыларға жетуі үшін мемлекеттік деңгейде «Асыл тұқымды малды көбейтуді қолдау» бағдарламасының аясында «Асыл тұқымды малдың өзіндік құнын 50 пайызға арзандату» туралы бағдарлама қабылданды. Ол бойынша асыл тұқымды малдың құны базардағы қарапайым, жай мал бағасымен теңестірілді. Солайша, асыл тұқымды мал өсіремін деген шаруашылықтарға жағдай жасалуда. Асыл тұқымды мал өсіру шығынының көп бөлігін мемлекет өз мойнына алып, осы саланы өркендетуге осылайша қолдау жасап, мүмкіндік туғызада. Асыл тұқымды мал басын көбейтудің және бір жолы – елде, қолда бар асыл тұқымды малды сақтап қалу [1].
Батыс Қазақстан облысындағы мал шаруашылығы өнімі өндірісінің қазіргі жағдайына рыноктардың кең ауқымды жағдайында мал шаруашылығының одан әрі дамуы малдардың нәсілдік мүмкіндігін біршама толық жүзеге асыруға, мал азығын, материалдық қорларды тиімді пайдалануға, жоғары сапалы экологиялық таза өнім алуға және өндіріс рентабельділігін арттыруға мүмкіндік беретін сапалы жаңа технологиялық және техникалық деңгейде жүргізілуі тиіс. Мал шаруашылығының жетекші саласы ірі қара мал шаруашылығы болып табылады. Табын түрі құрылымында мал мен құстардың жалпы санының (бір бас мал жағдайында) 74 %-ы мүйізді ірі қара малдардың үлесіне келеді.
Облыстың асылдандыру базасы 5 асыл тұқымды зауыт, 12 асыл тұқымды шаруашылық және 2 дистрибьютерлік орталықтарымен көрінеді. Асыл тұқымды ауыл шаруашылығы малдарының саны: жалпы ІҚМ басынан – 2,2 %-ды немесе 8988 бас, қойлар – 3,9 % немесе 25830 бас, жылқы – 0,8 % немесе 402 бас, түйе – 7,7 % немесе 277 басты құрайды. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша асыл тұқымды ірі қара мал басы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 12,3 %-ға, жылқы – 8,1 %-ға өсті. Облыстағы етті мал тұқымының ішінде кең тарағаны қазақтың ақ бас тұқымы. Бұл тұқым облыс аумағында қазақы тұқымды сиырларды герефорд тұқымды бұқалармен ұдайы өндіріп шағылыстыру жолымен шығарылған [2].
Ғалымдар мен тәжірибелілердің мақсатты жұмыстарының нәтижесінде 1996-1997 жылдары аңқаты және шағатай (тоқалдық) зауыттық түрлері жасалынды. Бұл жануарлар жоғары интенсивтілігімен ерекшеленеді, өздерінің тақілеттілермен салыстырғанда еттің шығуы – 15 %-ға асып түседі, жоғары технологиялы, ұстау үшін шығын аз кетеді (бір мал орнына есептегенде азықтандыру майданы мен серуендеу алқабы аз), жоғары сапалы былғары шикізатты болып келеді.
Қазіргі уақытта облыста 8,2 мың бас немесе жалпы ірі қара мал санынан 2,0 % бар. Бұл тұқым малдарының біршама бағалы бастары 1200 басы бар «Аңқаты» ЖШС-де және 4400 басы бар «Чапаев асыл тұқымды зауыты» ЖШС-де сақталған. Табынның тектік мүмкіндігін арттыру мақсатында қазақтың ақбас тұқымының үлесін 2005 жылғы 8,2 мың бастан 15,0 мың басқа дейін өсіру көзделген. Облыста 0,4 мың бас немесе жалпы мал санынан 1 % симментал тұқымды мал бар. Облыстағы симментал малының негізгі аумағы әртүрлі ұрпақтардың, голланд және гольштино-фризка тұқымдарының қоспаларымен ұсынылған. Симментал тұқымы ет сапаларымен сүт өнімділігін сәтті біріктіреді, тірі салмағының жоғарылығымен және Батыс Қазақстанның қатал табиғи-климаттық жағдайларына жақсы бейімділігімен ерекшеленеді. Симментал малы жақсы бордақыланады және жоғары сапалы ет береді [3].
Асыл тұқымды мал басы Теректі ауданының «Покатиловка» ЖШС мен Орал қаласының «Орал тәжірибе станциясының» РМҚК-да шоғырланған. Банкіде Алберто, В.Адмирал желісіндегі тұқымдардың 5,1 мың дозасы бар. Тұқым жергілікті тұқымсыз малдың сүт өнімділігін жақсарту үшін пайдаланылатын болады.
Қой шаруашылығында бірегей шаруашылық пайдалы қасиеттеріне: құрғақ дала, шөлді және жартылай шөлді аймақтарына тұрақты жоғары бейімділігімен, төлдің әлемдік жақсы тұқым деңгейіне тез өсіп-жетілуі; үлкен тірі салмақтылық; ерекше сою сапасына ие еділбай қойы тұқымының санын арттыру қарастырылуда. Еділбай қойларының жақсы бөлігі 15000 қой басы бар Жаңақала ауданының «Бірлік» ААҚ-да шоғырланған. Бағдарламада ақжайық етті-жүнді қой тұқымының тектік қорын сақтау және басын арттыру қарастырылады. Бұл тұқым қойларының тірі салмағы – 94-130 кг, аналық қойлар – 64-70 кг. Қазіргі уақытта бұл қойлардың негізгі және бағалы бөлігі Тасқала ауданының «Жұмалы» ЖШС-да ұсталынады. Қаратөбе ауданында қойлардың атырау тұқымы өсірілетін болады, олардың ерекшелігі бағалы қаракөл терісімен қатар, малдардың етті-майлы өнімділігі, өз төлінен өсірудің жақсы сапасы және шөлді аймақта жыл бойы жайылымдық ұстауға бейімділігі [4].
Жылқы шаруашылығында етті-майлы бағыттағы көшім жылқысы тұқымы одан әрі даму алады. Өздерінің табынды-тебіндеп ұстауға жоғары бейімділігі және өсімталдығы бойынша көшім жылқыларының қазақы жылқылардан көп айырмашылығы жоқ, бірақ ірілігі бойынша олардан асып кетеді. Жоғары тірі салмақта жақсы етті және сүтті көрсеткіштері бар.
Ауыл шаруашылығы малдарының тұқымын жақсарту және өнімділігін арттыру мақсатында табынның тектік мүмкіндігін өсіру қарастырылады (1 кесте).
1 кесте – Асыл тұқымды мал санының өсу динамикасы
Малдардың түрлері
|
2004 ж.
|
2005 ж.
|
2006 ж.
|
2007 ж.
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
ІҚМ барлығы,
соның ішінде: аналық ірі қара малдары
|
9045
2714
|
10574
3342
|
12900
4692
|
14700
6363
|
17600
8710
|
20500
11800
|
23000
14000
|
Қойлар барлығы,
соның ішінде: аналық қойлар
|
34801
17606
|
33385
16920
|
36455
18446
|
39555
20015
|
45705
23127
|
56105
28389
|
64755
32766
|
Жылқылар барлығы,
соның ішінде: аналық жылқылар
|
495
162
|
531
166
|
561
175
|
591
184
|
754
235
|
805
251
|
850
265
|
Түйелер барлығы,
соның ішінде: аналық түйелер
|
316
155
|
331
160
|
357
172
|
387
187
|
417
201
|
580
280
|
630
304
|
Малдың өнімділігін арттыру және тектік қорын жақсарту мақсатында тиімділігі жоғары – қолдан ұрықтандыру әдісі одан әрі кеңейтілетін болады. 2004 жылы облыста 133 қолдан ұрықтандыру пунктті жұмыс жасады, қолдан ұрықтандырудың мал басын қамту пайызы – 28,2 %-ды құрайды. Бағдарлама шараларында облыстық бюджеттен қаржы бөлу есебінен қолдан ұрықтандыру мемлекеттік пункттерінің қызметін ұйымдастыру қарастырылады. 2006 жылы – 35 мың басты, 2007 жылы – 45 мың басты, 2008 жылы – 55 мың басты, 2009 жылы – 65 мың басты, 2010 жылы – 80 мың басты ұрықтандыру немесе мал шағылыстыру контингентінің 45 % жоспарлануда. Болашақтағы жасалатын шаралар:
-
мал шаруашылығы салаларын тұрақты дамыту;
-
орта және ірі тауарлы өндірісті жандандыру;
-
мал азығы базасын нығайту;
-
селекциялық және асылдандыру жұмыстарының жетістіктерін пайдалану;
-
саланың тиімді жұмысы үшін экономикалық жағдайлар жасау және өндіріс көлемін өсіру;
-
дайындау жүйесін дамыту және мал шаруашылығы өнімдерін өткізу базарларын кеңейту;
-
жалпы табындағы асыл тұқымды мал үлесін арттыру;
-
ауыл шаруашылығы малдарының өнімділігін арттыру;
-
2010 жылы мал шаруашылығы өнімдері өндірісін асыл тұқымды табынды жақсарту есебінен 2004 жылдың деңгейінен ет бойынша – 14,3 %-ға, сүт – 9,4 %, жұмыртқа – 106,2 %, жүн бойынша –12,8,8 %-ға жақсарту;
-
мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және экспорттық мүмкіндігін өсіру, ішкі рынокты мал шаруашылығы өнімдерімен қанықтыру.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазастан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы. – 2007. – №4. – Б. 40-49.
2. Аймақтық бағдарламасы: 2006-2010 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенін дамыту. – Орал. – 2005. – Б. 28-36.
3. Төреханов, А. Ә. Ірі қара шаруашылығы / А. Ә. Төреханов, Ж. К. Каримов, Ш. Д. Даленов, – Алматы: Триумф «Т» – 2006. – Б. 408-526.
4. Меңдолла, Ш. Асылдандыруды ақсатып алмайық / Ш. Меңдолла // Орал өңірі. – 2008. – 26 қаңтар.
УДК 328:004.7(574)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА «ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТТІ» ОРНАТУ ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
А. С. Файзуллина, магистрант
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университеті
Бұл мақалада автор Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» енгізу және сол арқылы қол жеткізетін нәтижелерді қарастырған.
В статье автор рассматривает проблему внедрения «электронного Правительства» в Республике Казахстан и полученные при этом результаты.
The author examines the idea of implementation of Electronic government in the Republic of Kazakhstan and its achieved results in the article.
Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілеті халық үшін» атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 8 маусымындағы №9 хаттамасымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы «электрондық үкімет»тұжырымдамасының ережелері ескеріле отырып әзірленеді [1].
Осы Бағдарламаның негізінде Қазақстанға «электрондық үкімет» арқылы – прогрессивті ақпаратты жеткізу идеясы алынды.
Қазақстанда «электрондық үкіметті» қолданысқа енгізу мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдарға ұсынатын қызметтер көрсететін сапасын жақсартуға және орындалу мерзімін қысқартуға, мемлекеттік органдар қызметінің ақпараттық базасына қолжетімділігі қамтамасыз етуге, болашақта әкімшілік жүйені жетілдіруді ескере отырып, құрамы жағынан тиімді әрі оңтайлы мемлекеттік аппарат құруға бағытталған.
«Электрондық үкімет» құрудың басты басымдықтары – Интернет арқылы байланысқа қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білім деңгейін көтеру, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін ұдайы жетілдіру.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында түрлі қызмет салаларында АКТ-ны (ақпаратты-коммуникациялық технологиялар) талдау мен қолдануға бағытталған іс-шаралар кешені іске асырылуда. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданғаннан кейін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру жөніндегі жұмыстар жандана түсті.
Мемлекеттік органдардың автоматтандырылған ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу негізінде мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру жүзеге асырылуда. «Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар», «Мекен-жай тіркелімі», «Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған жүйесі», «Жылжымайтын мүлік тіркелімі», «Салық төлеушілер мен салық салынатын объектілер тізілімі» деген мемлекеттік дерек қорларын, сондай-ақ «Электрондық мемлекеттік сатып алу орталығы» ақпапраттық жүйесін құру жөнінде іс-шаралар орындалуда.
Мемлекеттік қызмет көрсетулердің 170 түріне жүргізілген талдау нәтижесі бойынша е-үкіметтің 85 е-қызмет көрсетулерінен тұратын, осы Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын базалық қызмет көрсетулер тізбесі қалыптастырылды.
Жекелеген мемлекеттік органдар интерактивті қызмет көрсетулерді іске асыруға көшуде. Қазіргі уақытта нақты уақыт режимінде электрондық цифрлық қолтаңба тетіктерін пайдалана отырып, байланыстың электрондық арналары бойынша барлық салық есептерін беруге, сондай-ақ мемлекеттік бюджетпен өзара есеп айырысуларға салыстыру жүргізуге болады. Бұл Қазақстан ТМД елдері арасында бөліп көрсетіп отыр. Әлеуметтік төлем алушылардың деректер банкін құру, әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау және төлеу, жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі есепке алу мен талдау жөніндегі процестерді автоматтандыру, сондай-ақ әлеуметтік сақтандыру және мүгедек адамдардың дерек қорын құру саласындағы ақпараттық жүйелер дамуда.
Е-үкімет элементтері жергілікті атқарушы органдардың кейбір ақпараттық жүйелерінде де бар. Алматы қаласы әкімдігінің жанында азаматтарды тұрғылықты жерлері бойынша тіркеу, жылжымайтын мүлік объектірлерін, автокөліктерді, халықтың көші-қон жөніндегі деректерін және басқаларды тіркеуді іске асыратын ақпараттық ресурстармен және ақпараттық жүйелермен өзара іс-әрекетті қамтамасыз ететін бірыңғай ақпараттық жүйе құрылған.Жақын арада бұндай қызмет Қазақстанның басқа да облыстарында құрылатын болады.
Мемлекеттік басқаруды ақпараттаныду бөлігінде белгілі бір проблемалар да бар.
Олар:
-
ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық базаның жетілмегендігі;
-
ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді қалыптастыру жөніндегі функциялар мен жауапкершілікті бөлуді регламенттеудің болмауы;
-
көптеген мемлекеттік органдарда ақпараттандыру қызметінің болмауы және ақпараттық технологиялар саласында мемлекеттік қызметшілердің біліктілік деңгейінің жеткіліксіздігі.
Қазіргі уақытта ақпараттық қоғам қалыптыстырудағы ең басты кедергілердіңң бірі – ақпараттық теңсіздік деп аталатын кедергіні жою өзекті мәселе болып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 1 наурызындағы №573 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының
Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында Қазақстанда «Ақпараттандыру туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының заңдарынан, басқа да заңға тәуелді актілер мен жүйе құрушы ақпарат жүйелерінен, атап айтқанда:
-
«Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар», «Атаулы тіркелім», «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» дерек қорларынан;
-
Электрондық құжатттар айналымының ақпараттық жүйелерінен, электрондық мұрағаттардан;
-
Үіметтің веб-порталынан;
-
Е-үкіметтің элементтер (ықпалдастырылған салықтық ақпараттық жүйе, салық төлеушілер мен салық салынатын объектілер тізілімі, кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйе, Зейнетақылар төлеу жөніндегі мемлкеттік орталықтың ақпараттық жүйесі және басқалар) бар ведомстволық ақпараттық жүйелерден тұратын, нормативтік құқытық базаны қамтитын е-үкімет құру үшін база қалыптастырылады.
Бағдарламаның мақсаты – азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетулерге жылдам әрі сапалы қолжетімділігін қамтамасыз ету және АТК-ны кеңінен қолдану арқылы мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігін арттыру.
Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді орындау керек:
-
мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық қоғам жағдайларында жұмыс істеуге мүмкіндік беретін нормативтік құқықтық және әдіснамалық база құру;
-
мемлекеттік органдардың е-қызмет көрсетулерін қалыптастыру мен дамыту;
-
е-үкіметтің қызмет көрсетулеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық теңсіздікті жою және АТК саласында білім деңгейін арттыру жөнінде жұмыстар ұйымдастыру;
-
е-үкімет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөліктерін қалыптастыру және мемлекеттік органдардағы ақпараттық инфрақұрылымды оңайландыру;
-
е-үкіметтің ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Президенті біздің мемлекетті 50 ең бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына кіргізуді мақсат етіп қойып отыр. Әрине, бұл міндетті цифрлы экономика жағына қарай және ақпараттық қоғамға қарай нақты қадамдар жасамай, «электронды үкіметті» қалыптастырмай жүзеге асыру мүмкін емес.
2004 жылы «Қазақстан Республикасында электронды үкіметті орнату туралы мемлекеттік Бағдарлама» шықты. Бұл мемлекеттің жоғары технологиялық даму жолына түсудің алғашқы қадамдарының бірі.
Қазақстан Республикасында ақпараттық қоғамды құрудың жұмыстары қазірдің өзінде ауқымды жүргізілуде. «2015 жылға дейін индустриялды-инновациялық теңдік стратегиясының бағдарламасы» және «2007-2009 ж.ж. Ақпараттық теңсіздікті төмендеті туралы бағдарлама» жүзеге асырылуда.
«Азамат-Үкімет» қарым-қатынасында жаңа элементті енгізуде 2006 жылдың 1 наурызындағы Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев: «Мен электронды үкіметті орнатуға арнайы акцент жасағым келіп тұр. Себебі, ол мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін арттырады, коррупцияның және әкімшілік кедергілерді төмендеуіне әкеледі. Ол үшін біз «Идентификациялық номерлердің ұлттық реестрі» туралы Заң қабылдау керек және «Ақпараттандыру туралы Заңға» нақты өгерістер енгізу қажет. Іс жүзінде бұл жобаны жүзеге асыру әр азаматтың қазіргі таңда қолданылып жүрген СТН, ӘЖК, паспорт № және т.б. құжататрдың орнына жеке әмбебаб кодының болуымен жалғасады» дейді [2].
Электронды Үкіметтің мәні – ақпараттық технологияларда емес, бүгінгі таңда технологияны кең қолдануына байланысты азаматтардың қажеттілігін қанағаттандыру.
Қазақстанда «Электронды үкіметті» құрудың өзінің ұзақ мерзімді перпективасы бар және оның жүзеге асырылуының бірнеше кезеңдері болуы керек. «Электронды Үкіметті» қалыптастырудың Бағдарламасы е-үкіметтің инфрақұрылымының базалық қалыптасуына бағытталған. «Электронды үкіметтің» концепциясын жүзеге асырудың өзі келесі бастапқы шарттардың болуын талап етеді:
-
Мемлекеттік органдардың сәйкесінше компьютерленуін;
-
Мемлекетте нақты ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуын;
-
Мемлекеттік органның тапсырушыларында және жабдықтаушыларында IT профессионалдарының болуы;
-
Қол жетерлік нормативті-құқықтық базасы;
-
Қаржыландыру деңгейінің болуы;
-
Мемлекет басшысында және басқаруға қатысты тұлғаларда саяси бостандықтың болуы;
Осы аталған «электронды үкіметтің» базалық компоненттеріне ақпараттандыру саласында Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс Агенттігі жауапты. Ақпараттық жүйелерді жүзеге асыру – бұл ең алдымен мемлекеттік органдардың жұмысы. Электронды қызметтердің қарастырылған тізімі белгілі бір деңгейде ақпараттандыру деңгейі бар мемлекеттік органдарға арналған. Осыдан әкімшілік процестердің толық реинженирингі – бұл барлық мемлекеттік органдардың және азаматтардың өмірлік қызметінің түрлі саласын қамтитын сервистердің дамуын жүзеге асыратын е-үкіметтің кезеңдерінің құрылымынан тұрады. Сондықтан да Бағдарламада е-медицина, е-мәдениет, е- демократия т.б. терминдер жоқ.
«Электронды үкіметті» құрудың шегінде мемлекеттік органдардың қызметін автоматтандыру жүргізіледі. Мұнда ең бастысы азаматқа оның тұтынуына қажетті электронды қызметтерді ала алатындай мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру болып табылады. Осында «электронды үкіметтің» негізі болып отыр. Бұл – «азаматтарды мемлекеттік орган қызметінің жылдам және сапалы электронды қызметіне қол жеткізу.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде: мемлекеттік органдардың әкімшілік қызметтерін жеңілдету үшін жағдайлар жасалатын болады және ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік ресурстарды ықпалдастыру жүзеге асырылады; мемлекеттік органдардың бірыңғай қорғалған мультисервистік көліктік ортасы ұйымдастыру жоспарлануда. Жоба іске асырылғаннан кейінгі 8 жылдың ішінде бюджеттік қаражатты үнемдеу есебінен инвестицияларды қайтару болжанып отыр; мемлекеттік органдарды ақпараттандыруға арналған шығыстар оңайландырылатын болады; 2004 жылдың ішінде мемлекеттік органдар ұсынатын қызмет көрсетулердің 15 %-ы электрондық нысанда іске асырылатын болады; 2006 жылы мемлекеттік органдардың бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесіненгізу аяқталды; «электрондық үкіметтің» базалық құрамдас бөліктері құралатын болады, оған е-үкіметтің порталы мен шлюзі, «төлем шлюзі», ұлттық сәйкестендіру жүйесі, мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы, жүйеқұрушы деректер базасы жатады; мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсетулеріне неғұрлым кең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында кемінде 50 арнаулы пункт құрылатын болады; 25 интерактивті қызмет көрсетулер ұсынылады, сондай-ақ траназкциондық қызмет көрсетулерді іске асыру үшін жағдай жасалатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |