Зерттеу мақсаты: моновалентті вакцинаны (лептоспирозға қарсы) еккеннен кейінгі қояндар қанының гематологиялық көрсеткіштерін анықтау.
Әдістер мен материалдар
Ауыл шаруашылық малдарының лептоспирозына қарсы ВГНКИ (ІІ) поливаленттi вакцинасы түссiз, флакон түбiнде аздаған тұнбасы бар, араластыру кезінде бiртектi езiндi пайда болады. Вакцинаны Витебск биофабрикасы дайындайды.
Ауыл шаруашылық малдарының лептоспирозына қарсы ВГНКИ (ІІ) поливаленттi вакцинасы лептоспир серотоптарының Pomona, Tarassovi, Grippotyphosa және Sejroe штаммдарынан дайындалған [ІІ нұсқа].
Вакцинаны тірілей салмағы 2,5-3,5 кг болатын шиншилла тұқымының қояндарына сынау жүргізілді. Аналогтар қағидасына сәйкес экспериментке әрқайсысы 20 бастан тұратын тәжірибелік және бақылаулық қоян топтары іріктеліп алынып, нұсқауға сәйкес вакцина егілді.
Вакцинаның реактогендiгi жануар ағзасының жергiлiктi және жалпы реакцияларын есепке алу жолдары арқылы зерттелінді.
Вакцинделген қояндарды зерттеу барысында физиологиялық қалыптан тыс ауытқыған көзге көрiнетiн белгілер, өзгерiстер байқалмады, дене температурасы қалыптағыдан 0,6 °С артты. Вакцинаны егу орнында алғашқы тәулiктері пайда болған аздаған iсiк, келесі күндері таралып кетті.
Алынған нәтижелер мен талдаулар
Тәжірибелік топтардағы қояндардың иммундеуден кейінгі 3, 7, 14, 21 30 күннен соң қанын зерттедік. Вакцинаның сапасын бағалау үшін, оның иммунделген жануар ағзаларына иммуностимулдеуші әсерін зерттеу қажет. Осы мақсатпен вакцинделген жануарлардың гематологиялық көрсеткіштері зерттелінді. Зерттеу нәтижесiне сәйкес, бақылаулық топпен салыстыру барысындағы байқау кезеңінде көрсеткіштердің ауытқулары анықталады. Зерттеудiң 3-шi күнiнде эритроцит 9,5 %-ға, вакциндеуден кейінгі 7-шi күні эритроцит көлемi оданда төмендеп, 14-21 күннен бастап эритроцит көлемi өз деңгейiне жеттi.
Лептоспирозға қарсы егуден кейін тәжiрибелiк қояндардың гемоглобин құрамы физиологиялық қалыпты деңгейде. Вакциндеуден кейінгі 3-шi күндері, лейкоциттер саны 6,3 %-ға артып, ал 7, 14, 21 күндері лейкоцит көлемiнiң ұлғаюы анық байқалды, ол сәйкесінше 14,6 %, 15,4 %, 12,5 %-ды құрады. 30 күндері лейкоциттер көлемi қалыпты деңгейге келді.
Лейкоцитарлық формуладағы нейтрофиль, лимфоцит және моноциттер тәжірибелік қояндарда артып, 14-ші күннен бастап топ бойынша 11,9 %, 27,6 %, 21,8 %-ды, 21 күннен бастап одан да жоғары нәтижені көрсетіп, 30-шы күндері нейтрофиль, лимфоцит және моноциттер қалыпты физиологиялық деңгейге жетті.
ВГНКИ [ІІ вариант] вакцинасымен лептоспирозға қарсы иммунделген қояндардың қан сарысуының протеинограммасы 7-14-ші күндері аралығында жалпы ақуыз көлемiнің төмендеуiмен сипатталып, сәйкесінше 8,7 % және 14,1 %-ды құрайды. 21-ші күннен бастап бақылаулық топпен салыстырғанда, тәжiрибелiк қояндардың қан сарысуындағы жалпы ақуыз көлемiнің 1,7 %-ға артуы байқалса, 30-шы күндері жалпы ақуыз қалыпты деңгейді құрады.
Мұндай заңдылық альбумин көлемiнiң құрамын талдауда барысында байқалды. Тәжiрибелiк топтағы альбуминдердiң төмендеуi 7-14-ші күндері аралығында 6,3 %, 6,8 %-ды құрады. Альбуминдер деңгейінің құлдырауы 21-ші күндері 2,7 %-ды көрсетіп, 30-шы күндері альбуминдер деңгейiнiң теңестi. α-және β-глобулиндер аз деңгейде ауытқиды. Вакциндеуден кейінгі 7-ші күндері тәжірибелік қояндар қанының сарысуындағы γ-глобулиндер артып, 10,5 % жетті. Бақылаулық топпен салыстырғанда иммундеуден кейiнгi 14-21 күндері γ-глобулин деңгейi көтеріліп 17,1 %, 10,3 %-ды құрады. 30 күндері γ-глобулин көлемі қалыпты деңгейде болды.
Зерттелетін қояндар ағзаларындағы вакциндеуден кейінгі процестiң жүретіндігін гематологиялық және биохимиялық зерттеулер нәтижелерi дәлелдеп, лептоспироз кезiндегі иммундеуден кейінгі иммунитеттің негiзгі көрсеткiштер М және G иммуноглобулиндерінің болуымен анықталады.
Қоян қанының сарысуындағы спецификалық антидене титрі вакцина еккеннен кейiнгі 7 күні 1:92 ± 0,15 анықталды. Поствакциналық антидене титрi 14-21 күндері 1:196 ± 0,17 және 1:323 ± 0,21 максималды деңгейге жетіп, 30 күндері спецификалық антидене деңгейi 1:128 ± 0,19 төмендедi. 60-90 күндері антидене титрi 1:22 ± 0,18, 1:12 ± 0,16 құрады.
Тәжiрибелiк қояндардың ағзаларындағы вакциндеуден кейінгі иммунологиялық қайта құрылуы лептоспир культурасының 4 серотобы микроагглютинация реакциясы арқылы вакциндеуге дейiн және одан кейiнгі 7, 14, 21, 30, 60 және 90 күндерi зерттелді.
Вирулентті лептоспир культураларымен зарарланғаннан кейінгі қояндар қан сарысуының превентивтік белсенділігі пассивті иммунделген қалтаауыздар үшін 14 күндері 70 %, бірақ оларды сақтандырудың ең жоғары көрсеткіші 21 күндері 90 % болады.
Қорытынды
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, алынған мәліметтер ауыл шаруашылық малдарының лептоспирозына қарсы ВГНКИ [ІІ] поливаленттi вакцинасының иммуногендiгiн көрсетеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Сайдуллин, Т. С. Індетке қарсы шаралардың өзекті мәселелері / Т. С. Сайдуллин // Жайық ветеринары. – 2008. – №2. – 3 б.
2. Анников, В. В. Иммунопрофилактика инфекционных болезней животных : Учебно-методическое пособие по эпизоотологии для студентов ветеринарных вузов и ветеринарных врачей / В. В. Анников., Л. Г. Белов., В. А. Каптюшин. – Саратов. – 2007.
3. Сайдуллин, Т. Ветеринарлық індеттану / Т. Сайдуллин. – 1,2 кітап. – Алматы. – 1999.
4. Трухманов, Б. Г. Ассоцированные вакцины / Трухманов Б. Г. – М., 1964. – Б. 92-93.
5. Бернасовская, Е. П. Лептоспирозы / Е. П. Бернасовская, Б. Л. Угрюмов, А. Д. Вовк и др. // 2 изд. перераб. и доп. – Киев : Здоровье. – 1989. – 150 с.
6. Кадымов, Р. А. В кн.: Инфекционные болезни овец / Р. А. Кадымов, А. А. Кунаков, В. А. Седов. – М. : Агропромиздат. – 1987. – С. 119-125., 99-111.
7. Киркимбаева, Ж. С. Усовершенствование питательных сред для культивирования лептоспир / Ж. С. Киркимбаева // Вестник. – Алматы. – 2003. – № 8, С. 65-67.
8. Киркимбаева, Ж. С. Методы культивирования лептоспир / Ж. С. Киркимбаева. // Вестник. – Алматы. – 2003. – № 9. – С. 70-71.
9. Джанков, И. Лептоспироз животных / И. Джанков – Минск : Ураджай. – 1985. – 127 с.
УДК 619:616.9:57.063.8
МҮЙІЗДІ ІРІ ҚАРАНЫҢ ПАСТЕРЕЛЛЕЗІНЕ ҚАРСЫ ПОЛИВАЛЕНТТІК ВАКЦИНАНЫҢ ИММУНДАУШЫ ДОЗАСЫН, ИММУНИТЕТ КҮШІН ЖӘНЕ ОНЫҢ САҚТАЛУ
ҰЗАҚТЫҒЫН АНЫҚТАУ
Ө. Б. Таубаев, ветеринария ғылымының кандидаты, доцент
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Мақалада пастереллезге қарсы поливаленттік вакциналардың иммундаушы оптимальдық дозасын анықтау, иммунитеттің кернеуін және пастереллезге қарсы вакциналарды енгізгеннен кейінгі ірі қараның антиденелерінің титрын зерттеу туралы мәліметтер келтірілген. Тәжірибелер нәтижесінде препараттың оптимальдық дозасы – 3,0 см3 болып анықталды. Антиденелер вакциналарды енгізгеннен кейін 14-ші күні анықталды және максимальдық деңгейге 90-шы күні жетеді. Кейін олардың мөлшері бірте-бірте төмендейтіні туралы мәліметтер беріледі.
В статье приведены данные по определению оптимальных иммунизирующих доз поливалентной вакцины против пастереллеза, напряженности иммунитета и изучения титра антител у крупного рогатого скота после введения противопастереллезных вакцин. В результате опытов установлено оптимальная доза препарата – 3,0 см3. Антитела после введения вакцины выявляются на 14-й день и достигают максимального уровня на 90-й день, а затем их количество постепенно снижается. Сыворотка вакцинированных животных на 90 день после вакцинации сохраняет от гибели 90-100 % кроликов.
The data about the determination of polyvalent vaccine against pasterelosis optimal immunized dozes, tenseness of immunity and the study of antibody titre at cattle after injection of anti-pasterelosis vaccine is given in the article. As the experiments’ result, the optimal doze of the preparation was determined – 3,0 cm2 . Antibodies are revealed on the 14th day after the vaccine injection and reach maximum size on the 90th day, and then its quantity gradually decreases. The serum of vaccined animals on the 90th day after vaccination preserves 90-100% of rabbits from the death.
Ауыл шаруашылығы жануарларының пастереллезі осы кезге дейін өте кең таралынған және мал шаруашылығына үлкен экономикалық зиян тигізетін індеттердің қатарына жатады.
Мал басын пастереллезден арнайы сақтандыру сұрағын шешудің күрделілігі жануарлар мен құстардың ағзасында ауру қоздырғышының әр түрлі серологиялық варианттарының айналуымен қатар, вакциналық препараттар дайындау үшін қажетті жоғары иммуногенді өндірістік штамдар жиынтығының жоқтығымен де түсіндіріледі [1].
Пастереллезге қарсы профилактикалық препараттардың тиімділігін қамтамасыз етуші факторлардың қатарына вакцинаның құрамына пастерелла мультоциданың барлық серологиялық варианттарының штамдарының болуы жатады [2].
Біздің зерттеуіміздің негізгі мақсаты 97-А, 96-В және 97-Д штамдарынан дайындалған мүйізді ірі қараның пастереллезіне қарсы поливаленттік вакцинаның иммундаушы дозасын, осы препаратты ендіргенде түзілетін иммунитеттің күшін және оның сақталу мерзімінің ұзақтығын анықтау болып табылды.
97-А, 96-В және 97-Д штамдарынан дайындалған мүйізді ірі қараның пастереллезіне қарсы поливаленттік вакцинаның иммундаушы дозасын «Ізденіс» ЖШС-де өткіздік. Иммунитеттің күшін пастереллезге қарсы поливаленттік вакцинаның әртүрлі дозасымен егілген мүйізді ірі қаралардың қанының сарысуындағы антидене титрлері және олардың қанының сарысуының превентивтік белсенділігі бойынша анықтадық. Мүйізді ірі қараның қанының сарысуының қорғаныштық қасиетін шиншилла тұқымды үй қояндарында зерттедік.
Мүйізді ірі қаралардың бұлшық ет ішіне бір рет 2,0 см3, 2,5 см3, 3,0 см3 және 3,5 см3 көлемде вакцина ендірілді. Бақылау тобындағы жануарлар мүйізді ірі қара, қодас және қойлардың пастереллезіне қарсы эмульгирленген формолвакцинамен егілді.
Жануарлардың қанының сарысуларындағы антиденелер титрі вакцина ендірілгенге дейін және препарат қолданылғаннан кейінгі 14, 30, 60, 90, 120, 180, 240 және 365 күннен кейін тексерілді.
Алынған мәліметтерге сәйкес, мүйізді ірі қараның пастереллезіне қарсы 97-А, 96-В және 97-Д штамдарынан дайындалған поливаленттік вакцинаны ендіргеннен кейінгі 14-ші күні антиденелер 1:128-1:256 титрінде анықталынып, өзінің ең жоғарғы деңгейіне үш айда жетіп, 1:512-1:4096 құрады. Вакцина ендірілгеннен соңғы 6-8 айларда қан сарысуындағы антидене мөлшері біртіндеп азайып, ал бір жыл өткенде 1:8-1:128 титрде ғана анықталынады. Мүйізді ірі қара, қодас және қойлардың пастереллезіне қарсы эмульгирленген формолвакцинамен егілген бақылау тобындағы жануарлардың қанының сарысуындағы антидене титрі 14-ші күні 1:16-1:128 құраса, осы көрсеткіштер үшінші айда ең жоғарғы шегіне жетті (1:2048). Осыдан соң, қан сарысуының құрамындағы антидене мөлшері күрт кеміп, бір жылда 1:8-1:16 титрде ғана анықталынды. Препараттың ендірілуіне ең жоғары титрде антиденелердің түзілуі вакцинаны 3,0 см3 көлемінде енгізгенде байқалынды. Мысалы, 97-А, 96-В және 97-Д штамдарынан дайындалған поливаленттік вакцинаға 1:4096, ал мүйізді ірі қара, қодас және қойлардың пастереллезіне қарсы эмульгирленген формолвакцинаға-1:2048. Сыналушы препаратты енгізгенде нәтижелері вакцинаны 3,0 см3 көлемінде қолданғандағымен бірдей болғандықтан, жануарларды иммундау үшін препаратты 3,5 см3 көлемде пайдалану тиімсіз деп танылды.
Пастереллезге қарсы иммунитеттің күшін анықтау мақсатында вакцина ендірілген жануарлардың қанының сарысуларының превентивтік қасиеттерін зерттедік. Үй қояндарына қойылған тәжірибе нәтижелері 1-ші кестеде берілді.
Кесте 1 – 97-А, 96-В және 97-Д штамдарынан дайындалған поливаленттік вакцина ендірілген мүйізді ірі қара қанының сарысуларының превентивтік белсенділігі
Вакцина көлемі, см3
|
Мүйізді ірі қара қанының сарысуының үй қояндары үшін превентивтік белсенділігі, пайызбен
|
14 күн
|
30 күн
|
60 күн
|
90 күн
|
120 күн
|
180 күн
|
240 күн
|
365 күн
|
2,0
|
10
|
70
|
80
|
90
|
60
|
40
|
20
|
10
|
2,5
|
20
|
80
|
90
|
100
|
80
|
60
|
40
|
20
|
3,0
|
80
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
3,5
|
80
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
Кестеде көрсетілген мәліметтерге сәйкес қан сарысуының превентивтік белсенділігі вакцинаның барлық дозасында анықталынғанымен, олардың үй қояндарын қорғау пайызында біраз айырмашылықтар болатындығын дәлелдеді. Мысалы, вакцина енгізілгеннен кейінгі 14-ші күні сарысу үй қояндарының 10-80 % өлімнен қорғап қалса, бір айда – 70-100 %, үш айда 90-100 % шығыннан сақтады. Зерттеу нәтижелері 100 % қорғаныштық қасиетті 3,0 см3 көлемде вакцина енгізгенде түзілетін антиденелер ғана қамтамасыз ете алатындығын көрсетті. Препараттың бұдан артық мөлшерде ендірілуі экономикалық тұрғыдан тиімсіз боп саналынды.
Сонымен, жоғарыда келтірілген зерттеу нәтижелерін негізге ала отырып, мүйізді ірі қараның пастереллезіне қарсы 97-А, 96-В және 97-Д штамдарынан дайындалған поливаленттік вакцина жануарлар ағзасында күшті және тұрақты иммунитеттің түзілуіне мүмкіндік береді деп қорытынды жасауға болады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ярцев, М. Я. Разработка технологии вакцин против пастереллеза животных и птиц / М. Я. Ярцев // Ветеринария. – 1996. – №2. – С.17-19
2. Русалеев, В. С. Иммуногенность экспериментальной вакцины против пастереллеза свиней / В. С. Русалеев, В. В. Селиверстов и др. // Ветеринария. – 2005. –№ 6. – С. 23-25
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
УДК 631.36 (043.3)
ТЕХНИКО-ЭКОНОМИЧЕСКИЕ ПАРАМЕТРЫ СЕТЕВОГО УПРАВЛЕНИЯ ДОРОЖНО-АВТОМОБИЛЬНОГО ДВИЖЕНИЯ В ГОРОДЕ УРАЛЬСКЕ
Д. К. Кушалиев, магистрант, Д. К. Каисаров, соискатель
Западно-Казахстанский аграрно-технический университет имени Жангир хана
Мақалада қалалық көше жолы жүйесінің көліктік ағындарын қайта қараструды басқарудың сапасы туралы мәліметтер келтірілген. Орал қаласының жол-автокөліктік қозғалысының интеграцияланған көрсеткіші экономикалық, әлеуметтік, табиғи-климаттық, экологиялық, кадрлық және тағы басқа ішкі-сыртқы факторлармен белгілі бір статистикалық байланыста болады. Қаланың қалалық көше жолы жүйесінің көліктік ағыны гипотезасы өлшеу, бақылау, балау және шешім қабылдау процедураларынан тұратын үрдестер жүйесі ретінде қарастырылады.
В статье приводятся данные качества управления перераспределением транспортных потоков городской уличной дорожной сети. Интегрированный показатель дорожно-автомобильного движения города Уральска находится в определенной статистической связи с экономическими, социальными, природно-климатическими, экологическими, техническими, технологическими, кадровыми и другими внутренними и внешними факторами. Гипотеза транспортных потоков городской уличной дорожной сети города рассматривается как система процессов, содержащие процедуры измерения, контроля, диагностирования и принятия решений.
The data of quality by share of traffic currents of street road net are given in this article. The integrated indices of Uralsk city traffic is in certain statistic connection with economic, social, nature-climatic, ecological, technical, technological, staff and other inside and outside factors. The hypotheses of traffic flows of street road net of the city is considered as the system of processes, containing procedures of change, control, diagnostics and taking the decisions.
Методика данной работы предполагает этапы теоретических и экспериментальных исследований, которые содержат разработку системной модели процессов сетевого управления дорожным автомобильным движением на примере города Уральска. Базой исследований является системный подход.
Основу научного подхода в методике исследования составляет гипотеза, состоящая в том, что организация дорожного движения города рассматривается как система процессов, содержащих процедуры измерения, контроля, диагностирования и принятия решений. Указанные процедуры осуществляются в условиях статистической неопределенности входных и нормативных параметров, как на стадии проектирования системы, так и в процессе оперативного управления транспортными потоками в реальной ситуации. Система управления содержит функциональные подсистемы: организации, прогнозирования и планирования.
В работе предполагается, что прогнозирование дорожных ситуаций является двухэтапным процессом: на первом этапе с определенной степенью достоверности решение достигается детерминированным (программируемым) способом (моделированием), а на втором заключительном этапе оперативного принятия решений оно формируется как композиция детерминированного прогноза и случайной составляющей в виде решения в условиях статистической неопределенности с расчетным уровнем риска.
Из подобного подхода следует, что наряду с известными критериями оценки качества системы организации и управления уличным дорожным движением возникает необходимость оценивать статистическую составляющую в форме достоверности принятия решений на каждом шаге процесса перераспределения потоков в уличной транспортной сети.
Принятые теоретические предпосылки формализуются в качестве рабочей гипотезы. Предполагается опираться на конечную цель, состоящую в том, что все процессы в системе управления дорожным движением функционально ориентированы на повышения качества управления транспортными потоками на улично-дорожной сети города. Теоретические исследования, содержат разработку математических моделей и исследование работоспособности наиболее важных модельных реализаций в виде компьютерного эксперимента на примере условных параметров.
Как следует из результатов анализа, качество управления транспортным потоком представляет собой интегрированный показатель, который находится в определенной статистической связи с экономическими, социальными, природно-климатическими, экологическими, техническими, технологическими, кадровыми и другими внутренними и внешними факторами.
Интегрированный показатель является функцией технико-экономических параметров проектирования, качества организации и эксплуатации улично-дорожной сети (УДС). Поэтому, на первой фазе этапа моделирования планируется оценить ранги критериев качества организации и управления дорожным движением, которые будем называть индикаторами качества. Использование надежных индикаторов позволит разработать модель количественной оценки и прогнозирования рисков принятия решений в системе управления дорожным движением (ДД), определить требования к системе мониторинга качества процесса, включающую регистрацию, контроль и принятие решений в реальном масштабе времени, что позволит подойти к решению проблемы измерения качества через результат. Индикаторы качества должны быть определены для каждого метода и процесса или подпроцесса. По определению, «Индикатор – это достоверная, измеряемая переменная величина, связанная со структурой, процессом или результатом. Индикаторы должны быть объективными и измеряемыми и привлекать внимание к потенциальным проблемам в улучшении системы управления». Индикаторы, адаптированные к процессам, должны агрегировать как объективные критерии, основанные на авторитетных литературных источниках, так и на показателях обоснованных экспертными и экспериментальными методами. Привлечение экспертных оценок, обосновывается тем, что использование строгих формальных методов для указанной цели не всегда представляется возможным по ряду причин: во-первых, данная задача относится к типу слабоструктурированных, потому что моделирование осуществляется в условиях, которые принято относить к условиям статистической неопределенности; во-вторых, в управлении дорожным движением присутствует значительная доля субъективной составляющей.
В дальнейшем, полученные ранги в результате известных преобразований могут быть использованы как «весовые» оценки в процессе оптимизации системных решений.
Следующий шаг в процессе теоретических исследований состоит в разработке прогнозных вариантов решения ситуационных задач в перераспределении транспортных потоков в системе организации дорожного движения (СОДД). Подобный подход в системе принятия решений принято называть программируемыми решениями. В качестве математического аппарата для построения моделей программируемых решений предполагается использовать теорию графов, которая достаточно изучена и описана в литературных источниках применительно к исследуемому нами классу задач. Полученные таким образом результаты без учета случайной составляющей будут использованы в качестве математического ожидания прогнозируемого решения.
Следующим шагом моделирования является разработка моделей количественного оценивания ошибок и достоверности принятия решений в процессе оперативного управления транспортными потоками.
Завершающим этапом теоретических исследований является разработка алгоритмов, их программная реализация и компьютерных расчетов с целью оценки качества моделей на примере некоторых условных параметров процессов управления транспортными потоками.
Планируется провести экспериментальные исследования, обработку статистической информации, реализацию компьютерного эксперимента. На примере натурных данных и модельных разработок с целью оценки оптимальных технико-экономических показателей вариантов управления транспортной дорожной сетью, адаптированных к существующим рабочим условиям, и сравнить технико-экономические показатели проектируемого варианта управления с существующими решениями и нормативами, и в случае положительного результата, разработать рекомендации для практической реализации проекта управления.
В заключительной части работы предлагается оценка социально-экономической эффективности, проведенных исследований и окончательные выводами по результатам работы.
Аналитические исследования позволили сформировать совокупность индикаторов (критериев) качества управления транспортными потоками уличной городской дорожной сети. Значимость критериев определяется экспертным методом на примере условий г. Уральск. Качественный и количественный состав группы экспертов был определен из требований компетентности, креативности, отсутствия конформизма, аналитичности и широты мышления, коллективизма, самокритичности, отсутствия личной заинтересованности в результатах экспертизы.
Компетентность – это степень квалификации эксперта в определенной области, которая может быть измеряться методом взаимной оценки внутри группы экспертов.
Креативность – это способность решать творческие задачи, которая оценивается только по результатам прошлой деятельности эксперта.
Конформизм – подверженность влиянию авторитетов.
Аналитичность и широта мышления – это способность выхода за рамки проектных границ и представлений.
Самокритичность – проявляется при самооценке своей компетентности.
Организацией всего комплекса мероприятий по проведению экспертизы, в том числе и подбор экспертов, возлагается на группу управления. Процедура подбора экспертов включала три этапа: определение количества экспертов; определение состава группы; получение согласия экспертов на участие в экспертизе [1, 2].
В экспертизе возможны следующие виды опроса: анкетирование, дискуссия, интервьюирование, метод мозгового штурма.
Анкетирование состоит в передаче экспертам анкет в очной или заочной форме. В анкете эксперту предлагается оценить в баллах оцениваемые варианты, как правило, в табличной форме или проранжировать эти варианты. К анкетам-вопросникам необходимо приложить пояснения.
Интервью проводится в форме беседы вопрос-ответ. Достоинством интервью является живой контакт, а недостатком – влияние на интервьюируемого и отсутствие достаточного времени на продумывание ответа.
Дискуссия проводится для решения задач, имеющих качественную оценку. Результат дискуссии в значительной мере зависит от уровня компетенции самого ведущего в исследуемой проблеме.
Мозговой штурм нацелен на генерирование новых идей и оценке предложенных идей. Главным требованием мозгового штурма является недопустимость любой критики предложенных идей [2].
В наших исследованиях был выбран метод анонимного анкетирования.
Группа управления экспертизой, ознакомив экспертов с поставленной задачей и всей необходимой информацией, провела анонимный анкетный опрос. В группу экспертов входили шесть специалистов. В анкетах были указаны следующие семь критериев, подлежащих ранжированию по степени их важности и эффективности для интегрированного оценивания качества организации и управления транспортными потоками города:
С1 – потребление горючего.
С2 – снижение времени проезда по сети.
С3 – экологичность
С4 – стоимость транспортных потерь.
С5 – достоверность расчета транспортной траектории
С6 – безопасность дорожного движения.
С7 – максимизация потока при минимизации стоимости проезда между точками отправления и назначения.
По результатам анкетирования были получены данные, сведенные в таблице 1. Анкетирование проводилось по десятибалльной системе.
Достарыңызбен бөлісу: |