Д. Н. Аяганов., доктор PhD, доцент



бет1/44
Дата02.11.2022
өлшемі6.23 Mb.
#463865
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
МЕТОДИЧКА 2022 ОДФ



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

БИСАЛЫЕВА Р.Н

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ

АҚТӨБЕ 2021 ж




ӘОЖ 611.018

Бисалыева Р.Н. «Оқушылардың физиологиялық дамуы» курсынан оқу құралы:-Ақтөбе: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, 2021-100 б.




Рецензенттер:
Д.Н.Аяганов., доктор PhD, доцент.
Г.М.Атаева., б.ғ..к., доцент.

Оқу құралы 6В01505-Биология, 6В01507-Химия биология білім бағдарламалары бойынша оқып жатқан білім алушыларына арналған. Оқулық педагогикалық бағыттағы білім алушылардың білімін профильдеу.


Оқу құралы «Оқушылардың физиологиялық дамуы» курсының оқу бағдарламасына сай жасалған.
Оқу құралында баланың анатомиялық, физиологиялық даму заңдылықтары, әртүрлі физиологиялық жүйелердің құрылымы мен жұмыс істеу ерекшеліктеріне байланысты мәселелер қарастырылады. Қоршаған ортаға бейімделу тетіктері (оның ішінде оқуға), сондай-ақ мектеп еңбегінің гигиенасы туралы білімді қалыптастыруға бағытталған мәселелер қарастырылады.
Дәрістер, тақырыпқа сәйкес бақылау сұрақтарымен, иллюстрациялық суреттермен толықтырылған.

Университеттің Академиялық кеңесінде мақұлданды


№ хаттама, « » . 2022 ж.

АЛҒЫ СӨЗ

Оқушылардың физиологиялық дамуы оқу құралы адам анатомиясы, адам физиологиясы, жеке даму биологиясы, генетика, психология және педагогика, инклюзивті білім беру, патологиялық анатомия сияқты биологиялық, медициналық және педагогикалық пәндердің негізі болып табылады. Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні биологиялық, медициналық, білім беру жүйесіндегі іргелі пәндердің бірі.


Оқу құралында қазіргі ғылыми жетістіктерді ескере отырып, оқушылар ағзасының анатомиясына негізделе отырып жас ерекшелігі физиологиясы, даму заңдылықтары берілген. Ағзаны құраушы мүшелер жүйесінің дамуы негізінде жас ерекшелігінің өзгерістеріне сипаттама берілген.
Оқулықтың мақсаты, баланың даму заңдылықтарына негізделе отырып әртүрлі физиологиялық жүйелердің құрылымы мен жұмыс істеу ерекшеліктері мәселелерін қарастыру. Оқу процесіндегі мектеп гигиенасы, жүктеме нормалары, демалыс, сабақ арасындағы үзіліс уақыттары туралы мағлұматтар санитарлық норма стандартына сәйкес баяндалған.
Оқу құралы пәннің оқу бағдарламасына сүйене отырып жазылған. Тараулар саны он. Әрбір дәріс тақырыбына сәйкес бақылау сұрақтары, тест тапсырмалары, оқу құралы соңында иллюстрациялық материалдар берілген.
Оқу құралы жоғары оқу орындарының педагогикалық бағыттағы, жаратылыстану факультеттерінің білім алушыларына және мектептің биология пәнінің мұғалімдеріне пайдалы оқу құралы болады деп сенеміз.

КІРІСПЕ

Білім беру стандартына сәйкес, қазіргі заманғы мұғалім баланың мектеп және мектепке дейінгі режимін дұрыс ұйымдастыруы үшін әр мүшенің және тұтастай алғанда ағзаның құрылымымен қызметінің реттелуі, дамуы, өсіп келе жатқан ағзаның гигиеналық талаптары туралы білімге ие болуы керек.


Кәсіби педагогикалық білім беру міндеті-мұғалімді тек сапалы білім беріп қана қоймай, оқушылардың жеке психологиялық және физикалық ерекшеліктерін ескере отырып, денсаулықты сақтайтын білім беруге машықтау болып табылады.
«Оқушылардың физиологиялық дамуы» оқу құралы 6В01505-Биология, 6В01507-Химия биология білім бағдарламалары бойынша оқып жатқан білім алушылардың педагогикалық білімін профильдеу.
«Оқушылардың физиологиялық дамуы» пәні кәсіби цикл пәні болып есептеледі.
Оқу құралында баланың даму заңдылықтарына, әртүрлі физиологиялық жүйелердің құрылымы мен жұмыс істеу ерекшеліктеріне байланысты мәселелер қарастырылады. Қоршаған ортаға бейімделу тетіктері (оның ішінде оқуға), сондай-ақ мектеп еңбегінің гигиенасы туралы білімді қалыптастыруға бағытталған мәселелер қарастырылады.
«Оқушылардың физиологиялық дамуы» оқу құралы мыналарды қамтиды:

  1. Жасқа байланысты анатомия, физиология және гигиена пәні;

  2. Өсу мен дамудың жалпы заңдылықтары;

  3. Жүйке жүйесінің анатомиясы және физиологиясы;

  4. Жоғары жүйке қызметі;

  5. Сенсорлық жүйелердің анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы;

  6. Ішкі секреция бездерінің анатомиясы және физиологиясы;

  7. Жыныстық даму;

  8. Тірек-қимыл аппараты, тірек-қимыл аппаратының құрылымының физиологиялық жас ерекшеліктері;

  9. Жүрек-тамыр және тыныс алу жүйелерінің анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы;

  10. Мектеп гигиенасы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет