Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет35/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

1.9 ОРМАН ЖӘНЕ ТОПЫРАҚ




1.9.1 Топырақтың орман тiршiлiгiне маңызы. Топырақ – алты факторлар (климат, аналық тау жынысы, жер бедерi, өсiмдiктер мен жануарлар, топырақтың түзілу уақыты мен адамның шаруашылық қызметi) әсерiнен жер қыртысының жоғары қабатынан құралған табиғи дене.
Топырақ орман тiршiлiгiндегi жетекшi факторлардың бiрi болып табылады және ол барлық сүрекдiңдердiң өсу жылдамдығын, өнімділігін, сүрек өсiмi мен техникалық сапасын, ағаштар тамыр жүйесiнiң пішіні (формасы) мен зиянды факторларға қарсы орманның тұрақтылық дәрежесiн (желмен зақымдану, ауа мен топырақтың температуралық ауытқулары, топырақтың артық ылғалдылығы, жануарлар, жәндiктер мен саңырауқұлақ ауруларынан бүлiну) көрсететін қасиеттерді анықтайды.
1.9.2 Орманға топырақтың механикалық құрамының әсерi. Орман тiршiлiгiнде топырақтың қалыптасу нысаны ретiнде топырақтың механикалық құрамы мен аналық тау жынысы үлкен рөл атқарады.
Аналық тау жынысы (құм, құмайт, саздауыт, саз) қоректік заттардың белгiлi қорын ұстайды, қалыптасып келе жатқан топырақ пен су-ауа қасиетiнiң механикалық құрамын анықтайды.
Аналық тау жынысы неғұрлым майдаланбаған болса, механикалық құрамы бойынша топырақтар ауырлау және оларда өсiмдiктер пайдаланатын қоректік заттар көп болады.
Топырақтың механикалық құрамы құмнан балшыққа дейiн артып отыратын топырақтың жалпы құнарлылығының маңызды негiз ретiнде қарастырылады.
1.9.3 Азот және күл заттарының мөлшерi мен пайдаланылуы. Кез келген механикалық құрамды топырақта сүректi өсiмдiктер пайдаланатын қоректiк заттардың белгiлi мөлшерi болады.
Жекелеген ағаштар және жалпы орманның өзi топырақтан азот қоспаларын, сондай-ақ, кальций, темiр, фосфор, марганец, бор, кремний қоспаларын және басқа элементтердi өсiмдiктер тiршiлiгi үшiн қажеттi қоректiк заттарды сiңiредi. Өсiмдiктерге өте аз мөлшерде қажет заттарды – микроэлементтер деп атайды. Азот – белок құрайтын амин қышқылының негiзi болып табылады. Сонымен қатар, алколоидтар мен витаминдер құрамына кiредi және өсiмдiктерге негiзiнен нитраттардың екi формасы (азот қышқылының тұздары және түрлi қышқылдардың аммиак тұздары) арқылы сiңiрiледi.
Топырақтағы қоректiк минералды элементтер жөнiнде өсiмдiктiң әр түрлi бөлiктерiндегi мөлшерi арқылы бағалауға болады. Мысалы, емен жапырақтарында 2,5% азот және 5% күл болса, ал қарағайдың қылқанында тиiсiнше 1,3% және 2,4% болады.
Азот пен күл элементтерi бұл ағаш түрлерінің сүрегiнде 0,3 және 0,9% (емен), 0,2 және 0,4%-ға (қарағай) тең. Қарағай орманы жылына 45 кг/га азот және 80 кг/га күл заттарын тұтынады, ал бидай 100 кг/га азот және 250 кг/га күл пайдаланады. Қоректік элементтерiнiң негiзгi мөлшерi сүректi өсiмдiктер тiрi ұлпаларында болады, ағаш бөлiгi ұсақ болған сайын, ондағы күл заттарының құрамы жоғары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет