Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет31/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

Тапсырма
Кесте 1.10 мәліметтері бойынша әр түрлі тереңдіктегі топырақ ылғалдылығына орманның, тың жердің және қара пардың әсері туралы қорытынды жасаңыз.
Кесте 1.10 - Топырақ ылғалдылығының өзгеруі (Г.Н.Высоцкий бойынша), %

Тереңдік, м



Топырақ ылғалдылығы

Тереңдік, м



Топырақ ылғалдылығы

орман

тың жер

қара пар

орман

тың жер

қара пар

Беткі қабат

13,9

5,6

3,5

1,00

12,9

13,8

19,6

0,10

15,5

11,0

17,9

1,50

12,9

14,4

17,2

0,25

15,6

14,3

19,5

2,00

12,4

15,6

16,3

0,50

15,1

14,9

19,6

-

-

-

-


1.8 АТМОСФЕРАЛЫҚ АУА ЖӘНЕ ОРМАН




1.8.1 Атмосфера және ауа құрамы. Орман және оттегi. Атмосфера – жердiң газ тәрiздi қабығы. Өсiмдiктердiң бәрi атмосферадан тыныс алу және қоректену үшiн қажеттi көмiрқышқыл газы мен оттегiн алатын болғандықтан, ол орман тiршiлiгiндегi маңызды фактор болып саналады. Жер бетi маңындағы құрғақ атмосфералық ауа құрамында көлемі бойынша 78,1% азот, 21,1% оттегi (0,000001% озон), 0,9% аргон және 0,03% көмiрқышқыл газы бар, 0,01%-ын сутегi, неон, гелий, криптон, ксенон, аммиак және басқалар құрайды.
Оттегi – жерде көп тараған элемент. Атмосфералық оттегiнiң мөлшерi 1,5*10 т-ны құрайды. Оның негiзгi тiршiлiк процесі – тыныс алу үшiн қажет, соның нәтижесiнде организм сырттан оттегiн алады және қышқылдану өнiмiн бөледi (көмiрқышқыл газы және су буы). Атмосферадағы оттегiнiң тыныс алу, шiру және жану салдарынан азайып, фотосинтез кезiнде бөлiнетiн оттегiмен қалпына келедi, бұл процесте өсiмдiктер күн сәулесi энергиясын пайдалана отырып, көмiртегi диоксидiн ассимиляциялайды және оттегiн бөлiп шығарады.
ТМД елдерiнiң ормандары жыл сайын 4 млрд. тоннадан аса оттегiн бөле отырып, 5,5 млрд.т. көмiрқышқыл газын сiңiредi. Мысалы, қарағай ормандарының 1 гектары жыл сайын 30 т, жалпақ жапырақтылар 16 т, ауыл шаруашылығы өсiмдiктері – 3-10 т оттегiн бөледi. Жоғары өнiмдi алқа ағаштар (I бонитет класы), оттегiні төмен өнiмдiлерге қарағанда (IV бонитет класы) 3-4 есе көп бөледi.
1.8.2 Көмiрқышқыл газының маңызы. Ол фотосинтез үшiн негiзгi, әрі бастапқы зат болып табылады (бір күн бойы 1 га орманның орташа есеппен 120-150 кг жаңа құрғақ өсiмдiк массасын (фитомасса) құрайды және осы уақытта 220-275 кг СО -ні сiңiредi). Ағаштың құрғақ затының 40-50 пайызы көмiртегiден тұрады. Атмосфераның жер төңiрегi қабатында шамамен 0,03 пайыз СО болады.
Тәулiк және жыл бойы орманда көмiрқышқыл газының шоғырлануы, оның бiрқалыпты пайдаланылмауына байланысты, әрі жер бетінің биiктiгiне қарай өзгерiп отырады. СО -ның ең аз мөлшерi ағаш желегі маңында жаз кезiнде байқалады. Күзде оның мөлшері жоғарылайды. СО -ның ең көп шоғырлануы ауаның топыраққа жақын қабатында, ең аз мөлшері ағаштардың желек астында байқалады. СО -ның ауаның топыраққа жақын қабатында шоғырлануы сүрекдiң ағаш түріне, жасына, желектің түйісуіне, орман түрiне, желдiң жылдамдығына, жер бедерiне, топырақтың ылғалына тікелей байланысты. Желдiң жылдамдығы 2-3 м/сек болғанда, фотосинтездiң қарқыны екi есеге өседi, жел жылдамдығының онан әрi күшеюi оған керi әсерiн тигiзедi.
Орман өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында атмосфералық ауадағы көмiрқышқыл газын реттеуге бағытталған көптеген әдiстер (топырақты өңдеу, тыңайту және әктеу, оның желденуiн жақсарту, жел режимiн және шымылдық құрылымын өзгерту және басқалар) бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет