Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет33/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

1.8.5 Желдiң орманға ықпалы. Желдiң жылдамдығы 2-3 м/сек дейiн болғанда, фотосинтездiң тиiмдiлiгi артады және ылғалы молырақ болғанда, көмiртегi ассимиляциясы 4-5 есе өседi. Жел қыс кезiнде ағаш желегін қар жабындысынан босатады, сол арқылы олардың желге орнықтылығын арттырады. Жел ағаш түрлерінің тозаңдануына, олардың тұқымдарының таралуына жағдай жасайды, бұл кезде жел орман тұқымын себушiсiнiң рөлiн атқарады.
Күштi желдер топырақ бетiнен ылғалдың булануын арттырады және орман өрттерi шыққанда олардың қарқынын ұлғайтады, төмендегi өрттердiң жоғары көтерiлуiне жағдай жасайды.
Бефорт шкаласы бойынша күшi 6 және онан жоғары баллды желдер үлкен ауданда ағаштың жел сұламалары мен дауылдан сынуын тудыра отырып, орманға зор зиян келтiредi. Кейде жел орманның таралуын тежейтiн фактор ретiнде қабылданады. Ол жел жағдайымен анықталатын орман шекарасы анемохоры – орман анемохоры деп аталады.
1.8.6 Орманның желге ықпалы. Орманның желге тигiзетiн керi ықпалы да зор. Орманға қарай соққан желдiң жылдамдығы орман қабырғасынан 60 метрге жуық қашықтықта шамамен 20-60 пайызға әлсiрейдi, сонымен қатар, ауаның жоғары қарай күштi ағыны байқалады. Жел толқынының орманға кiру тереңдiгi, көбiне желге төзiмдi орман қабырғасына байланысты болады, ол желден көп құлайтын ағаш түрі – шыршаның да тұрақтылығын арттырады.
Желге төзiмдi орман қабырғасы – орманды жел сұламасынан қорғауға арналған орман алқабы. Негiзiнен тамыр жүйесi терең жалпақ жапырақты ағаш түрінен құрылады, олар мықты желек дамытуға қабiлеттi болып келеді.
Алқа ағаштар iшiне жел ене отырып, өз күшiн бiртiндеп жоғалтады, ол күш ауаның дiңдерге, жапыраққа және бұтақтарға соғуына, сондай-ақ, оларды теңселтуге жұмсалады.
Жел жылдамдығының орман iшiнде төмендеуi ағаш түрлеріне, сүрекдiң толымдылығына, биiктiгiне, пішініне, ағаштардың жапырақтану дәрежесiне байланысты болады.
Желдiң орман iшiндегi ең үлкен жылдамдығы ағаштар желегі үстiнде байқалады, оған жақындағанда азаяды, оның iшiнде тiптi басылып қалады және топырақ бетiнде ол жоқ деуге болады (нөльге жақындайды).
Мысалы, түйіскен ағаш желектерінде жел жылдамдығы ағаш үстiндегi жылдамдықтың 50 пайызын, желек астында 40, ал 2 м биiктiкте 30 пайызын құрайды.
Орман алқабы сыртында ағаш биiктiгiнiң 5-тен 15-ке еселеген қашықтықта жел жылдамдығы алғашқы қалпына келедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет