Желсiздiк, жазғы салқын және қысқы тыныштық – орман ортасының сипатты ерекшелiктерi. Орман шымылдығы астында топыраққа жететiн жауын-шашынның, жарықтың, жылудың көлемi өзгередi, булану өзгеше болады, орман төсенiштерi құралады, микроорганизмдердiң, саңырауқұлақтардың, жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң жаңа түрлерi мен топтары дамиды.
Бiр-бiрiне және орналасқан аумағына әсер ете отырып, ағаштар өзiне және көршi ағаштарға жаңа сападағы ықшам климат жағдайын жасап, өзiндiк орта қалыптастырады.
Еркiн жағдайда өсетiн ағаштардың бұтақтары төмен орналасқан желектерінің пішіні шар тәрiздi, жайыңқы болып келедi. Ағаш дiңдерi, әдетте, бұтақты, қысқа, өте кiшiрейген болып келедi, сондықтан олардан бағалы сортименттер алынбайды. Ормандағы ағаштар еркiн өсетiндерден 10-12 жыл кеш жемiс береді.
Сонымен, орман көптеген ағаштардың қарапайым үйлесiмi емес, ол өсiмдiк қауымдастығы, онда ағаштар бiрiне-бiрi өзара әсер ете отырып, қоршаған орта жағдайларын: жарықты, температураны, ауаның ылғалдығы мен құрамын, желді және басқа экологиялық жағдайларын өзгертедi. Осы өзара әсерге байланысты орман ағаштарының орманнан тыс өскен ағаштардан тым өзгеше екендiгi байқалады.
Жасы ұлғаюына байланысты орман ағаштарына табиғи азаюы (табиғи сиреуі) мен бiршама жiктелуi тән.
Орманда тiршiлiк үшiн және табиғи iрiктелу күрестерiнiң заңдылықтары анық көрiнiс табады.