Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


Орман фитоценозы туралы ұғым



бет9/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

1.2.1 Орман фитоценозы туралы ұғым. Орман – бұл жекелеген өзара байланыстағы бөлiктерден (ағаштардан, бұталардан, шөптесін өсiмдiктерден, мүктерден, қыналардан, микрофлоралардан және жануарлардан) тұратын күрделi кешен. Орманның барлық өсiмдiктерінің құрам бөлiктерi (компоненттері) күрделi өсiмдiк кешенiн – өсiмдiк қауымдастығын, «орман фитоценозын» (гректiң «фитон» өсiмдiк, «ценоз» – жалпы, қауымдастық) құрай отырып, бiр-бiрiнiң ықпалында болады. Оның сипатты сыртқы ерекшелiктерiнiң бiрi – сатылық болып табылады.
Орман өсiмдiк қауымдастығын (фитоценоз) өсiмдiктердiң қарапайым механикалық жинағы деп қарауға болмайды. Ол қоршаған орта, табиғи сұрыптау және өсу үшiн күрес тудырған өсiмдiктер жиынтығын, орман қауымдастығын көрсетедi. Бұл жерде өсiмдiктер арасындағы, сондай-ақ, олармен қоршаған орта арасындағы көптеген өзара байланыстар аңғарылады.
1.2.2 Орман өсiмдiк қауымдастығының компоненттері (құрам бөлiктерi). Орманның негiзгi компоненттеріне (құрам бөлiктерiне) мыналар жатады: алқа ағаштар, сүрекдiң, өскiн, өсiмтал, орман астары, топырақ тiрi жамылғысы және орман төсемесi, ризосфера және сатыдан (қабаттан) тыс өсiмдiктер.
Осы орман өсiру терминдерiне МемСт 18486-73 мынандай анықтамалар бередi:
Алқа ағаш – ағаш пен бұта өсiмдiктерi және тірі топырақ жамылғысы бойынша біртекті орман учаскесi.
Алқа ағаш биологиялық қасиеттерi бойынша бiртекті орман өсiмдiк қауымдастығы болып табылады. Алқа ағашқа белгiлi бiр учаскеде өсетiн барлық ағаштар, бұталар, шөптесін өсiмдiктер, мүктер мен қыналар кiредi.
Мысал ретiнде қарағайдан, арша бұталарынан, жасыл мүктерден, шөптесін өсiмдiктерден т.б құралған қарағай алқа ағашын алуға болады.
Сүрекдің – алқа ағаштың негiзгi құрамдас бөлiгi болып табылатын ағаштар жиынтығы.
Бұл орманның аса маңызды компоненті, негiзгi құрамдас бөлiгi. Сүрекдің басты және екiншi дәрежедегi ағаш түрлері деп бөлінеді.
Жоғары экономикалық және шаруашылық маңызы бар, сонымен қатар, сол орта жағдайларында жоғары өнiмдi алқа ағаш құрайтын ағаш түрлерін басты деп атайды. Екiншi дәрежедегi ағаш түрлері басты ағаш түрлеріне қарағанда шаруашылық және экономикалық құндылығы төмен болып келедi.
Сүрекдіңнің жоғары деңгейiн алып жатқандары басым ағаш түрлері болып табылады, бiрақ, ол көбіне басты болмай, керісінше, екiншi дәрежедегi ағаш түрлері болып келедi. Серіктес ағаштар басты ағаш түріне қолайлы әсер етедi және нақты жағдайларда өзiндiк шаруашылық маңызы жөнiнен одан қалыспайды (мысалы, емен ормандарындағы үйеңкiлер).
Қазақстан жағдайлары үшiн басты ағаш түрлеріне қарағай, шырша, емен, қайың, майқарағай, балқарағай, самырсын жатады. Белгiлi бір жағдайларда оларға екiншi дәрежелi ағаш рөлiнде көрiнетiн көктерек, қандыағаш жатқызылуы мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет